Шымкент қаласының Әділет департаментінің 2023 жылдың екінші жартыжылдық қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша Т А Л Д А У

Шымкент қаласының Әділет департаментінің 2023 жылдың екінші жартыжылдық қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша 

Т А Л Д А У

 

Шымкент қаласы                                                                                    27.12.2023 жыл

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ережелеріне сәйкес Шымкент қаласының Әділет департаментінің мемлекеттік қызмет көрсететін құрылымдық бөлімдерінің жұмысына қатысты ішкі талдау жүргізілді.

Департамент басшысының 15.11.2023 жылғы №304 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу мақсатында жұмыс тобы құрылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2023 жылдың жартыжылдық кезеңін қамтып,  15.11.2023-27.12.2023 жыл мерзім аралығында жүргізіледі.

Осы бұйрық негізінде жұмыс тобымен келесі құрылымдық бөлімшелер арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:

- Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі;

- Құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі;

- Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі;

- Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлімі-филиалы;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жұмыс тобымен құрылымдық бөлімдердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтері зерттелді.

Жүргізілген талдаудың нәтижесімен келесідей анықталды:

Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі:

ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 01.02.2018 жылғы №171 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың өндірісіндегі атқарушылық іс жүргізулердің заңдылығын және жүргізілу тәртібінің сақталуына қадағалау жүргізеді.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқару қызметінде 2023 жылдың 2-ші жартыжылдықтың қорытындысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдаудан келесі бағыттар бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілді : 

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадр ауысуы;

Департаменттің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жалпы саны - 11 бірлік. Оның ішінде - 1 бөлім басшысы, 7 бас маман, 3 жетекші маман.

Бөлім басшысы - Багдаулет Калдашулы Жумаханов. Есептік кезеңде, басқа мемлекеттік лауазымға орналасуына байланысты 2 мемлекеттік қызметші жұмыстан шығарылған.

Атап айтқанда: 2023 жылдың 1 тамыздағы №25 «Жұмыстан шығару туралы» бұйрығымен  атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Н.Карабаева 2023 жылы7 тамыздан бастап жұмыстан босатылған. 2023 жылдың 13 қыркүйектегі №29 «Жұмыстан шығару туралы» бұйрығымен  атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы І.Төлеев 2023 жылы 13 қыркүйектен бастап жұмыстан босатылған.

        Жеке еңбек шартымен жұмыс атқаратын қызметшілердің штат саны- 8 бірлік. Оның ішінде 1-мұрағатшы, 7-іс қағаздарын жүргізу жөніндегі инспекторы.

  1. Мүдделер қайшылығы фактілері анықталған жоқ;
  2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №344 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 27 мамырдағы № 115/НҚ бірлескен «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске қосу туралы» бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 30 маусымға дейін Қазақстан Республикасының бүкіл облыстарында, республикалық маңызы бар қалаларда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің келесі мемлекеттік қызметтерін тестілеу рәсімдерін және мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқордың (ақпараттық жүйенің) үздіксіз жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз ету жөніндегі оператордың базасында автоматтандырылған режимде көрсету бойынша жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу пилоттық жобасы іске қосылған. Қазіргі таңда, бөліммен үміткерлердің ұсынылған құжаттар тексеріліп, аттестацияға рұқсат беру функциясы атқарылады. Есептік кезеңде, 10 үміткерге қатысты мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 6 үміткер өткен, 4 өтпеген.

Мемлекеттік қызметті көрсету барысында өтініштер бойынша мерзімінен кешіктіріп орындау фактілері орын алмаған.

  1. Бөліммен рұқсат етілетін атқарымдар жоқ.
  2. Бөлімде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 01.02.2018 жылғы №171 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асырады.
  3. Ал, Бөліммен ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша;

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер қабылданбайды.

2) Бөлімге қатысты 2023 жылдың 2-ші жартыжылдық есептік көрсеткішіне сәйкес мемлекеттік органдармен тексерулер жүргізілмеген.

3) Бөлімнің қызметіне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына жағымсыз материалдар жарияланбаған.

4) Бөлімге атқарушылық іс жүргізу саласы бойынша жыл басынан 2879 (Е-өтініш), 733 (ОДО) барлығы 3612 жолданым түскен.

Бұдан бөлек, бөлімге жыл басынан жалпы атқарушылық іс жүргізу саласы бойынша 14 863  кіріс құжаттар келіп түскен.

Осы негізде, 756 жолданым бойынша жоспардан тыс бақылау тағайындалып, 223 жеке сот орындаушыларына қатысты Шымкент қаласы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасына ұсыныс енгізіліп, 165 ЖСО тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 3 ЖСО лицензиясынан айырылды (Б.Ешенкулов, Д.Құланбай, О.Иманбаева).

Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының 11.01.2023 жылғы №23-н санды «Шымкент қаласы атқарушылық округінің жеке сот орындаушыларының қызметіне 2023 жылы жүргізілетін жоспарлы бақылау кестесін бекіту туралы» бұйрығына сай, 134 жеке сот орындаушысының қызметіне қатысты жоспарлы бақылау жүргізілген.

Жоспарлы бақылау жүргізу барысында 7 сот орындаушысы өз қызметін тоқтатса, 2 жеке сот орындаушысы атқарушылық округін ауыстырған. Осыған байланысты, 9 жеке сот орындаушысына жоспарлы бақылау жүргізудің мүмкіншілігі болмаған. Сонымен қатар, ЖСО Е.Найманбаев жоспарлы бақылау барысында еңбекке жарамсыздық парағында болуына байланысты жоспарлы бақылау мерзімі тоқтата тұрылған.

Одан бөлек, 8 жеке сот орындаушысына қатысты лицензиясының қолданысынан айыру туралы талап арыздар сотқа енгізілген. Оның ішінен 4 талап арыз қанағаттандырылып, жеке сот орындаушыларының лицензияларының қолданысынан айырылған. Ал, қалған 2 жеке сот орындаушысына  қатысты талап арыздар сотпен қанағаттандырудан бас тартылған. Қалдықта 2.

Дегенімен, есептік кезеңде мемлекеттік және жеке сот орындаушыға қатысты келіп түскен жолданымдар бойынша 8 тәртіптік жаза қолданылған.

5) Бөлімнің қызметкерлерімен қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау  және жауапқа тарту туралы мәліметтер анықталмаған.

6) 2023 жылдың 1-ші жартыжылдыққа жүргізілген талдау нәтижесімен сыбайлас жемқорлық тәуекел туғызатын жағдайлар анықталмаған.

Қорытындылай келе, Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін өкілеттіктерге және нормаларға талдау жасау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.

Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлім-филиалы:

Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлім-филиалының (әрі қарай Филиал) ережесіне сәйкес ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңымен жүктелген азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот шешімдерінің, ұйғарымдарының және қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды, қылмыстық істердің мүліктік өндіріп алу бөлігі бойынша үкімдер мен қаулыларды орындау бағытында жұмыс атқарылады.

Филиалдың ұйымдастырушылық-басқару қызметінде 2023 жылдың 2-ші жартыжылдықтың қорытындысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдаудан келесі бағыттар бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілді : 

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадр ауысуы;

Филиалдың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жалпы саны - 6 бірлік. Оның ішінде - 1 бөлім басшысы, аға-сот орындаушысы, 5 сот орындаушысы.

Филиалдың басшысы аға сот орындаушысы - Мухтаров Мейрам Махсутович. Жыл басынан мемлекеттік қызметшілер арасынан жұмыстан шығарылған қызметкерлер жоқ.

        Жеке еңбек шартымен жұмыс атқаратын қызметшілердің штат саны-7 бірлік. Оның ішінде 1-мұрағатшы, 6-іс қағаздарын жүргізу жөніндегі инспекторы. Жыл басынан-2 қызметкер жұмыстан шығарылды.

       Қазіргі таңда - Департаменттің хатшылары М.Халмурзаев, Н.Мырзабай осы бөлімге іссапарға жіберілген.

  1. Мүдделер қайшылығы фактілері анықталған жоқ;
  2. Филиалмен рұқсат етілетін атқарымдар жоқ.
  3. Филиалмен бақылау функциялары жүргізілмейді.
  4. Филалда ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша;

1) Филалдың қызметімен қозғалатын нормативтік-құқықтық актілер қабылданбайды.

2) Филалдың қызметіне қатысты 2023 жылдың жартыжылдық есептік көрсеткішіне сәйкес мемлекеттік органдармен тексерулер жүргізілмеген.

3) Филиалдың қызметіне және қызметкерлеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына жағымсыз материалдар жарияланбаған.

4) Филиалдың қызметіне қатысты 5 прокуратура тарапынан тиісті заң бұзушылықтарды жою туралы Ұсынулар және 2 Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің тапсырма хаты тіркелген. Осылардың негізінде жүргізілген тергеп-тексерулердің нәтижесімен 6 мемлекеттік сот орындаушысының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты 9 тәртіптік жаза қолданылған.

5) Есептік кезеңде Филиалға 1650 жолданып келіп түскен. Оның 1615 орындалған, қалған 35 жолданым орындалу барысында. Дегенімен, есептік кезеңде Филиалға орындауға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарының орындалу мерзімі, сапасыз орындағаны үшін 5 мемлекеттік қызметшіге 5 тәртіптік жаза қолданылған.

Қорытындылай келе, Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін өкілеттіктерге және нормаларға талдау жасау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.

Құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі:

Құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің ережесіне сәйкес  Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңын басшылыққа алып, бөлімнің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің заңдылығының сақталу бағытында жұмыс атқарады.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқару қызметінде 2023 жылдың 2-ші жартыжылдықтың қорытындысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдаудан келесі бағыттар өткізілген: 

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадр ауысуы;

Тексеру кезеңінде Бөлімде штат бойынша 6 бірлік. Оның ішінде 1-бөлім басшы, 4-бас маман, 1-жетекші маман. Есептік кезеңде, бөлімнің басшысы Б.Тасполат басқа мемлекеттік лауазымға ауысыуына байланысты 2023 жылдың 12 желтоқсандағы №44 «Жұмыстан шығару туралы» бұйрығына сәйкес 2023 жылдың 12 желтоқсанынан бастап жұмыстан шығарылған.

        Жеке еңбек шартымен жұмыс атқаратын қызметшілердің штат саны-3 бірлік. Оның ішінде 1-редактор, 2-іс қағаздарын жүргізу жөніндегі инспекторы.

Қазіргі таңда, жеке сот орындаушыларының ұсыныстары бойынша әкімшілік тәжірибе бөлімі-филиалының басшысы аға сот орындаушысы Б.Тукеев Департамент басшысының 2023 жылдың 12 желтоқсандағы №355 «Міндетін жүктеу туралы» бұйрық негізінде бөлім басшысының міндетін атқаруда.

Сонымен қатар, 001 «Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету» бағдарламасының және 005 «Адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі» бағдарламасын жүргізу мақсатында Бөлімге зияткерлік меншік құқығы бөлімінің жетекші маманы Т.Бекмурзаев және  зияткерлік меншік құқығы бөлімінің іс-қағаздар жүргізу жөніндегі инспекторы Е.Мұхан көмек көрсетуге жіберілген.

  1. Мүдделер қайшылығы фактілері анықталған жоқ;
  2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 344 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 27 мамырдағы № 115/НҚ бірлескен «азақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске қосу туралы» бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 30 маусымға дейін Қазақстан Республикасының бүкіл облыстарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің келесі мемлекеттік қызметтерін тестілеу рәсімдерін және мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқордың (ақпараттық жүйенің) үздіксіз жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз ету жөніндегі оператордың базасында автоматтандырылған режимде көрсету бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу функциялары пилоттық жобасы іске қосылған.

Есептік көрсеткішке сәйкес, жалпы 244 үміткер өтініш келтірген. Оның ішінде 86 нотариаттық қызметпен айналысу құқығына, 157 адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестатталуға рұқсат етілгендер, 1 өтініш бойынша аттесттатталуға бас тартылған.

Дәлірек айтқанда:

Нотариаттық қызмет бойынша:

Аттестатталғандардың саны-22

Аттестатталмағандар саны- 61

Аттестатқа қатыспай өтініш кері қайтарып алғандар саны- 3

Адвокаттық қызмет бойынша:

Аттестатталғандардың саны-21

Аттестатталмағандар саны- 132

Аттестатқа қатыспай өтініш кері қайтарып алғандар саны- 4

Бас тартылғандар саны-1

  1. Бөліммен рұқсат етілетін атқарымдар жоқ.
  2. Нотариустар жасаған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және олардың iс жүргiзуiнiң жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, адвокаттар мен нотариустардың жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заңгерлік қызметтерінің сапасын бақылайды. Адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясының мерзімін тоқтата тұру туралы және адвокаттың лицензиясын тоқтату туралы талап арызға бастамашылық ету туралы ұсыныстарды енгізеді.
  3. Ал, Бөліммен ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша;

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер қабылданбайды.

2) Бөлімге қатысты 2023 жылдың 2-ші жартыжылдық есептік көрсеткішіне сәйкес мемлекеттік органдармен тексерулер жүргізілмеген.

3) Бөлімнің қызметіне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына жағымсыз материалдар жарияланбаған.

4) Бөлімге 2023 жылдың 11 айында жеке және заңды тұлғалардан  545  өтініштер келіп түскен. Аталған өтініштердің сапалы және уақытылы қаралуы қамтамасыз етілген және қарау мерзімдерінің бұзылу фактілері орын алмаған.

Шымкент қаласының 29 нотариустарына қатысты жоспарлы профилактикалық бақылау жүргізілді. Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерінің негізінде 14 нотариустың іс-әрекетіне қатысты жоспардан тыс  тексеру жүргізілді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 668 бабы бойынша тиісті органдарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, жауапкершілікке тартылды.

5) Бөліммен қаржыландыру жоспарына сәйкес, мемлекеттік бюджеттен 2023 жылы мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша игеру және бөлу функциясы атқарылады. Шымкент қаласының Адвокаттар алқасын 484 адвокат құраса. Оның ішінде Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысатын адвокаттардың саны 138  .

Қаржыландыру жоспарына сәйкес, мемлекеттік бюджеттен 2023 жылы мемлекет кепілдік берген заң көмегіне жалпы сомма 140 000 000  теңге бөлінген.  2023 жылдың 11 айында 10 035 азаматтарға мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетіліп, 11 айға жоспарланған 137 880 454,06  сомма толығымен игерілді.

5) Бөлімнің қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау  және жауапқа тарту туралы мәліметтер анықталмаған.

6) 2023 жылдың 2-ші жартыжылдыққа жүргізілген талдау нәтижесімен сыбайлас жемқорлыққа тәуекел туғызатын жағдайлар анықталмаған.

Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі:

Бөлім Қазақстан Республикасы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20771 болып бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызмет туралы», Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының сақталуына талдау жасалынды.

Бөлімнің міндеті коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді жүзеге асыру, әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқару қызметінде 2023 жылдың 2-ші жартыжылдықтың қорытындысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдаудан келесі бағыттар өткізілген: 

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадр ауысуы;

мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жалпы саны - 7 бірлік. Оның ішінде - 1 бөлім басшысы, 6 бас маман (негізгі қызметкер Г.Орымбетова бала күту демалысында).

Бөлім басшысы- Дина Балтабекқызы Ботан. Мемлекеттік қызметшілер арасынан жұмыстан шығарылған қызметкерлер жоқ.

        Жеке еңбек шартымен жұмыс атқаратын қызметшілердің штат саны-8 бірлік. Оның ішінде 2-мұрағатшы, 6-іс қағаздарын жүргізу жөніндегі инспекторы құрайды.

  1. Мүдделер қайшылығы фактілері анықталған жоқ;
  2. Бөліммен жеке және заңды тұлғаларға 6 мемлекеттік қызмет түрін көрсетіледі. Атап айтқанда:

Заңды тұлғаларды тіркеу бойынша (коммерциялық емес)

2023 жылдың 11 айында – 430  тіркеу іс-әрекеттері жүргізілген.

- тіркелген заңды тұлғалар мен өкілдіктер– 182;

- енгізілген өзгерістер мен толықтырулар – 145;

- қайта тіркелген заңды тұлғалар – 55;

- заңды тұлға жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру – 0;

- қызметін тоқтатқан заңды тұлғалар (олардың филиалдары (өкілдіктері) – 37.

 -Электрондық қызметтер-11

Тіркеуден бас тартылған заңды тұлғалар (олардың филиалдары (өкілдіктері)  – 60

ҚР ӘҚБтК-нің 466-бабы бойынша заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік іс- 11

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік қызмет көрсету жалпы -114652,  оның ішінде нотариустермен куәландырылған мәмілелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті БНАЖ-бен өзара іс-қимыл жасау арқылы және құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне 42425,  ХҚКО арқылы 52506 .               

Жылжымайтын мүлікті тіркеу бас тартулар бойынша:

Бас тартулар  барлығы-394,  оның ішінде ХҚКО арқылы -268  , электрондық тіркеу-126. Мемлекеттік тіркеуді уақытша тоқтату болмаған, тіркеусіз кері қайтарулар бойынша барлығы- 2995. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою  бойынша:

2023 жылдың  11 айында  5218 құжатқа апостиль қойылды, 5218 құжаттың ішінде: 960 құжат АХАТ органдарымен, 4236 құжат нотариустармен, 22 өзге органдарымен, электронды берілген 180 құжат.

Құжатқа апостиль мөртаңбасы қойылмай 91 кері қайтарылды, 92 өтінішке бас тартылды. Сондай-ақ, 38  ресми құжат Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және шет ел мемлекеттеріндегі Қазақстан Республикасының елшілігінен келіп түскен.

  1. Рұқсат беру функциялары іске асырмайды.
  2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тіркеу бөліміне барумен профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізілді.
  3. Бөліммен ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша;

1) Бөліммен өз қызметтері бағытында нормативтік құқықтық актілер қабылданбайды.

2) Бөлімге қатысты 2023 жылдың 2-жартыжылдығында мемлекеттік органдармен тексерулер жүргізілмеген.

3) Бөлімнің қызметіне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына жағымсыз материалдарды жарияланбаған.

4) Бөлімге 2023 жылдың 2-жартыжылдығында түскен  жеке және заңды  тұлғалардың  110 жолданымдары келіп түскен. Көрсетілген 110 жолданым бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жауап берілген. Дегенімен, 1 жолданым бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік» Кодексінің 65-бабының және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 10-бабының 4)-тармақшаларының талаптарын сақтамағын үшін Бөлімінің 1 мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне 1 тәртіптік жаза қолданылған.

5) Бөлімнің қызметіне қатысты уәкілетті органдармен тексеру жүргізілмеген.

6) Бөлімге сот актілері келіп түспеген.

Жоғарыдағылардың негізінде, Департаменттің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілген Бөлімдерге қатысты қызмет тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын-алу, болдырмау мақсатында:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілген Бөлімдердің ішінде мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлімдерге;

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты түскен өтініштерді өндіріп алушының өтініші келіп түскен күні бұлтты құжат айналымының жүйесіне және «Е-өтініш» Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасына

сол күні енгізуді;

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты түскен өтініштердің Заңда көзделген мерзімін әрі сапалы орындауды;
  2. Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде енгізуді және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне (АРМ ГО ИИС ЦОН) де сол күні тиісті ақпарат енгізілуін қамтамасыз ету;

Барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілген Бөлімдерге:

  1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-поцестік Кодексін, Қазақстан Республикасының «Кәсіпкерлік кодексінің», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, «Әділет органдары туралы» Заңының, «Нотариат туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.10.2018 жылғы №703 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қағидасының, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 01.02.2018 жылғы №171 «Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Қағиданы, сонымен қатар Департаменттің регламентінің талаптарын бөлім қызметкерлеріне жетік меңгеруді және бекітілген тәртіптерді қатаң сақтау;
  2. Бөлімге қатысты орындалуға келіп түскен барлық хат хабарлар міндетті түрде кеңсе қызметі арқылы құжат айналымы жүйесінің бағдарламаларымен кіріске алынуды;
  3. Бөлімнен шығысталып шағатын хаттардың сапасына, грамматикалық дұрыстығына және мерзімдерінің бұзылу фактілерінің орын алмауына қатаң бақылау;
  4. Бөлімнің қызметкерлерінің қызмет тәртібін, жұмысқа келіп кету уақтылығын және сырт келбіті мен офистік киім үлгісін күнделікті қадағалау ұсынылады.

 

 

Әкімішілік бөлімінің

бас маманы                                                                                        Ж.Махсұтбеков

 

Әкімішілік бөлімінің

бас маманы                                                                                       М.Мамбеталиев

                                                                            

Нормативтік құқықтық

актілерді тіркеу бөлімінің

бас маманы                                                                                              А.Айтымбетов

 

Зияткерлік меншік

құқығы бөлімінің бас маманы                                                       Т.Бекмұрзаев

 

Дата публикации
29 декабря 2023