Шымкент қаласы Әділет департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стандарты

                                                                                   «БЕКІТЕМІН» 

                                                                                   Шымкент қаласы  

                                                                                   Әділет департаменті

                                                                                   басшысының м.а.

                                                                                   ________С.Нуримбетова

                                                                                   «____»_______2018 жыл

 

 

Шымкент қаласы Әділет департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

Стандарты

 

1. Жалпы ереже

  1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және Шымкент қаласы Әділет департаменті (бұдан әрі-Департамент) қызметінің барлық салаларындағы тыйымдардың, шектеулердің және рұқсат жүйесін білдіреді.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, құқықтық сауаттылықты арттыру және Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік болып табылады.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:

-  департамент қызметкерлерінің функционладық міндеттерін орындау кезінде орнықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ахуалды және жауапкершілікті қалыптастыру;

- сыбайлас-жемқорлықты уақытылы анықтау және олардың теріс әсерлерін болдырмау;

-    департамент қызметінің тиімділігін арттыру.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Департаменттің қызметінде функцияларды жүзеге асыру және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде қолданылады;

-  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Департамент қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындауда дербес жауапкершілікті әділет органдарының әрбір қызметкері көтереді.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Департамент қызметкерлерінің қызмет саласына байланысты бекітілген ережелерді қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану іс-әрекеттерін және шешімдерін анықтайды.

6.Департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауын бақылауды Этика жөніндегі уәкіл жүзеге асырады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың әзірлеушісі: «Шымкент қаласы Әділет департаменті» РММ.

 

 

  1. Қоғамдық қатынастар саласында қызмет атқаратын тұлғалардың мінез-құлықтарының (іс әрекеттерінің) ережелері

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

  -  жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен  заңды мүдделерінің сақталуын; өтініштерді қарау кезінде төрешілдік көріністеріне және әуре - сарсаңға салуға жол бермеу; жеке және заңды тұғалардың теңдігі;  заңнама талаптарында белгіленген мерзімде өтініштерді қарауды қамтамасыз ету;

-  мемлекеттік қызмет көрсету кезінде регламенттер мен стандарттарда көзделмеген артық құжаттарды сұратпау; көрсетілетін мемлекеттік қызметті уақытылы орындау;

- мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға;

- заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, маслихаттардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру барысында қолданыстағы заң талаптарын қатаң ұстану;

- атқарушылық құжаттардың заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз  ету (атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен  өзге де өтініштерді қарау, борышкерлердің тыйым салынған мүлкімен жұмыстарды сапалы жүргізу ).

- нотариустар мен адвокаттарды, жеке сот орындаушылардың жұмысын тексеру барысында берілген құжаттарды объективті, мұқият қарауға (тексеру актісінде нормативтік құқықтық актілердің нақты  баптарына сілтемелерді көрсете отырып) қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешімдерді  қабылдау;

  1. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:

Әділет органдарының жұмыскерлерін іріктеу және тағайындау кезінде

ұсынылады:

-  жоғары лауазымға әкімшілік мемлкеттік тұлғаны тағайындағанда меритократия қағидаттарын басшылыққа алу;

- мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;

-  әділет органдарына жұмысқа қабылдаған кезде негізгі міндеттерін, лаузымдық тұлғаларға салынған тыйымдар мен шектеулерді түсіндіру;

-  қызметкерлердің жеке деректері туралы мәліметтерді заңсыз табыс етілуіне жол бермеу;

-   кадрларды іріктеу кезде туыстық, жерлестік және жеке қалау белгілері бойынша тағайындауды болдырмау, меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;

- лауазымды бағыныңқы тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерінің мақсаттары мен көлемін нақты және анық анықтау;

- бағыныңқы лауазымдық тұлғалар арасында еңбек жүктемесінің ауытқымалы үлестірілуіне жол бермеу;

- олардың қызметтерінің нәтижелерін бағалағанда, сонымен қатар көтермелеу және жазалау шараларын қолданғанда әділеттік пен әділдік көрсету;

- нақты орындалуға мүмкін болмайтын немесе лауазымдық міндеттердің шегінен тыс шығатын, сонымен қатар заңға қайшы келетін өкімдерді шығармау;

-  қызмет бабын қызметтен тыс мәселелерді шешу кезде бағыныңқы қызметкерлердің әрекеттеріне ықпал жасамау;

- бағыныңқы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға мәжбүрлемеу;

- бағыныңқы қызметкерлер мен басқа лауазымды тұлғалардың тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу деректерін болдырмау және жол бермеу;

- қызметтік міндеттерін орындау барысында әріптестер арасында туындаған мүдделер жанжалын реттеу бойынша жеткілікті шаралар қолдану;

          -  қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;

- мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

- меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге;

-  мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру барысында, лауазымдық нұсқаулықтар мен міндеттерді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексі мен ҚР заңнамасының өзге де нормаларының негізгі қағидаларын  сақтау.

  1. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде:

- нормативтік құқықтық актілерді дайындау кезінде Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 6 сәуіріндегі №480 - V «Құқықтық актілер туралы»  Заңының  негізгі талаптарын  ұстану.

4.Тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым - қатынастар кезінде:

4.1. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызметші  өзінің жақын туыстары (ата - аналары (ата - анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата - анасы бір және ата - анасы  бөлек аға - інілері мен апа - сіңілілері  (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы)  атқаратын  лауазымға  тікелей бағыныстағы мемлекеттік лауазымды атқара алмайды.

  Егер олар көрсетілген бұзушылық байқалған кезден бастап үш ай ішінде оны ерікті түрде жоймаса, осындай бағыныстылықты болғызбайтын лауазымға ауысуға тиіс, ал осындай  ауысу мүмкін болмаған кезде осы  қызметшілердің біреуі лауазымынан шығарылуға немесе көрсетілген функциялардан  өзгедей  босатылуға тиіс.

4.2. Егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады. Мемлекеттік қызметші мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс.

4.3.  Мемлекеттік  қызметшілер  сыбайлас  жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, сондай - ақ, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің  жолын  кесуге тиіс.

  Егерде мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі  қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі  жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда хабарлауы тиіс.

4.4. Жауапты  мемлекеттік  лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген ададамдар қызметтік емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғу мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыруға, мүлікті және мүлікті емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға (лауазымнан босатуға) әкеп соғады, оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс - әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтауы үшін негіз болып табылады.

4.5. Кірістері мен мүлкі туралы декларация Қазақстан Республикасының салық заңңамасына сәйкес жасалады және салық заңымен айқындалған нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде лауазымды адамдар мен олардың жұбайлар (зайыптары) ұсынады.

4.6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты сыйлықтарды қабылдау: жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар білмей келіп түскен сыйлықтар, не олар өздерінің лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған сыйлықтар, сондай-ақ лауазымдық жағдайына байланысты немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде берілген (тапсырылған) сыйлықтар уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға сыйлық алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламаны қоса бере отырып, тізімдеме актісі бойынша тапсырылады. Сыйлықты тапсырған адам оны жоғары тұрған лауазымды адамның келісімімен арнаулы мемлекеттік қордан сатып алуға құқылы. Сыйлықты сатып алу уәкілетті орган сыйлықты алған адамнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті орган мен сыйлықты алған адам арасындағы сатып алу-сату шарты бойынша жүзеге асырылады.

  1. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алумен байланысты мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырған кезде әділет органдарының лауазымды тұлғаларына ұсынылады:

- мемлекеттік сатып алулар үшін пайдаланатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді ұстау;

- әлеуетті жеткізулер үшін мемлекеттік сатып алулар рәсіміне қатысу үшін бірдей мүмкіндік ұсыну, Заңмен қарастырылған жағдайларды есепке алмағанда;

- әлеуетті жеткізушілер арасында адал бәсекелестікті қамтамасыз ету;

- мемлекеттік сатып алулардың рәсімінің ашықтығын және анықтығын;

- отандық тауар өндірушілеріне, сонымен қатар жұмыстар мен қызметтер көрсететін отандық жеткізушілерге Қазақстан Рсепубликасы бекіткен халықаралық келісімдерге қайшы келмейтіндей қолдау көрсету;

- өткізілетін мемлекеттік сатып алуларда осы әлеуетті жеткізушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті жеткізушінің уәкілетті уәкілінің жеткізушіні таңдау туралы шешім қабылдауға қатысу құқығы бар немесе тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік сатып алуларда өткізілетін мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы болып табылатын жақын туыстарын, ерлі-зайыптарын немесе жекжаттарын қатысуға жол бермеу;

- атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттері бар және борышкерлердің бірыңғай тізімдемесіне енгізілген әлеуетті жеткізушіге және (немесе) онымен тартылатын қосалқы мердігерге (қосалқы орындаушы) қатысушы ретінде рұқсат бермеу.

6.Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:

- өзінің қызметтік міндеттерін орындау барысында материалдық немесе материалдық емес құндылықтарды қабылдамауға;

- өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;

- өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;

- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;

- қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;

 - іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға; 

Мемлекеттік қызметшімен жоғарыда аталған шектеулердің біреуі бұзылған  жағдайда   тәртіптік  жазалар  қолданылады.

 

Шымкент қаласы Әділет департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стандарты
Дата публикации
31 декабря 2018