Шымкент қаласының Әділет департаменті жеке сот
орындаушысының қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестаттау үшін
30.01.2023 жылдан бастап олардың құжаттарын қабылдау басталғанын
хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26
қарашадағы № 561 бұйрығымен Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан
өту қағидасы бекітілген, қағиданың 13 тармағына сәйкес, тағылымдамадан
өту туралы қорытынды оны бекіткеннен кейін алты ай ішінде жарамды
болып табылатындығын ескеру қажет.
Үміткер (немесе оның өкілі) жүгінген кезде «Тағылымдамадан өткен
және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер
адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметті көрсету үшін
қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-
қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке сот орындаушысының
қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш;
2) Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын
құжаты, наркологта және психиатрда диспансерлік есепте
тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті
беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы
алады.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін
беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге
асырылады.
Құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап ағымдағы
жылдың 2023 жылдың 20-шы ақпанына дейін қабылданады.
Туындаған сұрақтар бойынша Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі,
16 үйде орналасқан Шымкент қаласының Әділет департаментіне жүгіне
аласыз немесе 8 /7252/ 35-41-52 телефоны арқылы хабарласуға болады.