Шымкент қаласының әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бағыты бойынша 2021 жылы атқарылған жұмыс туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының (әрі қарай заң)
4-бабына сәйкес, Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді әділет органдары жүзеге асырады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (тіркеуші органдар) жүзеге асырады.
Заңның 5-2 бабына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қорпорациясының коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы қызметін мемлекеттік бақылауды әділет органдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің статистикалық мәліметтер:
Заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша:
-коммерциялық емес заңды тұлғалар 242 (коммерциялық-31);
-филиалдар мен өкілдіктер есептік тіркелді-22 (коммерциялық-56);
-коммерциялық емес заңды тұлғаларды қайта тіркеу-33 (коммерциялық-1881);
-коммерциялық емес филиалдар мен өкілдіктер қайта тіркелді-12 (коммерциялық-16);
-коммерциялық емес заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктердің таратылуы-48 (коммерциялық-214);
-коммерциялық емес заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістері мен толықтырулары тіркелді-120 (коммерциялық-17);
- коммерциялық емес заңды тұлғалардың хабарлама тәртібі бойынша - 349
( коммерциялық-1955)
2021 жылдың 12-айында әділет департаментімен мемлекеттік қызмет көрсету барысында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін бұзу фактілері орын алмаған.
Тіркеуден бас тарту мен тіркеу мерзімін тоқтатулар бойынша:
Заңды тұлғалар бойынша: 2021 жылы коммерциялық емес заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің) тіркеуіне қатысты барлығы 106 бас тарту (оның электронды түрде - 0) және 38 мерзімдерін үзу туралы бұйрықтар шығарылған.
Коммерциялық заңды тұлғалар бойынша бас тарту 246 , мерзімін үзу 291 (оның электронды түрде 63).
«Электронды үкімет» порталы арқылы түскен өтініштері:
Коммерциялық заңды тұлғалар бойынша «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері 2916 тіркелген , оның ішінде қайта тіркеу 131, өзгертулер мен толықтырулар 0 , таратылған заңды тұлғалар 93.
Заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмысы бойынша :
Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 18- бабына сәйкес, Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттік қайта тiркелуге әкеп соғатын заңды тұлға деректерiнiң өзгергенi туралы мәлiметтер бiр ай мерзiмде берілмегенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылық туындайды. Заңды тұлғаларды тіркеу бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 466-бабына сәйкес, Заңнамада көзделген жағдайларда заңды тұлғаны, оның филиалдары мен өкiлдiктерін қайта тiркемей, қызметтi жүзеге асыру – ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, Тiркеушi органға заңды тұлғаның орналасқан жерiнiң өзгергенi туралы уақтылы хабарламау кезінде қолданылады.
Осыған байланысты Департаментпен 9 заңды тұлғаларға әкімшілік іс қозғалып ескерту берілді.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша:
Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына (әрі қарай-Заң) 2018 жылы 24 мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуші орган – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы болып табылады. (әрі қарай-Тіркеуші орган).
Осыған орай, Заңның 18-3 бабына сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы Тіркеуші органның қызметіне мемлекеттік бақылауды әділет органдары Қазақстан Республикасының «Кәсіпкерлік кодексіне» сәйкес жүзеге асырады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік қызмет көрсету жалпы -11 6149, оның ішінде нотариустермен куәландырылған мәмілелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті БНАЖ-бен өзара іс-қимыл жасау арқылы және құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне -49 122, ХҚКО арқылы- 65 571.
Мемлекеттік қызметті көрсету барысында мерзімін бұзу бойынша:
Жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша: бас тартулар барлығы-777
Мемлекеттік тіркеуді уақытша тоқтату болмаған.
тіркеусіз кері қайтарулар бойынша: барлығы-756 , оның ішінде ХҚКО арқылы -309 , электрондық тіркеуден-447 .
Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу жұмыстарын қамтамасыз ету, бақылау бойынша:
Қазақстан Республикасы Президентінің №898 25.08.2014 жылғы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, азаматтық хал актілері тіркеу функцияларын жергілікті атқарушы органдарға, яғни жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бақармасына берілген. Әділет органдарының құзыретінде нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі функциялары қалған.
Осыған орай, бақылау жүргізуде Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен 2021 жылы 50230 (38038) азаматтық хал актілері тіркелді, соның ішінде:
-тууды тіркеу –34358;
-қайтыс болуды тіркеу –7476;
-неке қиюды тіркеу – 7253;
-некенің бұзылуын тіркеу – 678;
-тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеу –465.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша:
2021жылдың 12-айында 5194 азамат өтініш беріліп, 5015 құжатқа апостиль қойылды.
Мемлекетке 7313824 тенге мөлшерінде баж салығы төленді.
5015 құжаттың ішінде: 707 құжат АХАТ органдарымен, 4207 құжат нотариустармен, 41 өзге органдарымен, 270 құжат электронды берілген.
Сондай-ақ, 23 ресми құжат Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және шет ел мемлекеттеріндегі Қазақстан Республикасының елшілігінен келіп түскен.
Насихат жұмыстары бойынша:
16 семинар, 1 дөңгелек үстел, 13 мақала, 7 радио, 2 тікелей эфир 17 веб-сайт