Шымкент қаласының Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары саласы бойынша 2021 жылдың 12-айында және 4-тоқсан бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат

Шымкент қаласының  Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары саласы бойынша 2021 жылдың 12-айында атқарылған жұмыс туралы  ақпарат

 

 

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:

 

Жыл басынан 24 жеке және заңды тұлғалардан өтініштер келіп түскен, өтініш иелеріне уақытылы және толықтай жауап беріліп, қаңағаттандырылған.

 

          Әкімшілік құқық бұзушылық туралы:

 

        Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 158-бабы бойынша 1  әкімшілік іс қозғалып, соттың қаулысымен құқық бұзушыға 58 340 т. көлемінде айыппұл салынды .

 

 

Насихат жұмыстары бойынша:

 

  2021 жылы жалпы 5 семинар, 2 дөңгелек үстел, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 3 мақала жарияланып, теледидар мен радио арқылы 7 сұхбат берілді, 10 дәріс оқылған, Интернет ресурстарға атқарылған іс-шаралардың 19 ақпараты жарияланған.

 

 

Зиткерлік меншік құқықтары бөлімінің 2021 жылғы орындалған жылдық есебі (4 тоқсан бойынша)
№ Тақырыбы Іс-шаралар туралы қысқаша сипаттама Күні БАҚ және интернет-ресурстары және т.б.
1 мақала  "Айналымдағы заңсыз контрафактілі өнімдер " тақырыбында электронды мақала жарияланды 19.02.2021 мақала
2 Телеарнадан сөз сөйлеу  Департамент басшыларының орынбасарлары сала бойынша сұхбат берді 01.03.2021 телеарна 
3 Телеарнадан сөз сөйлеу  Зияткерлік меншік саласы бойынша "Антикор лайф" жобасы аясында сұхбат берді 11.03.2021 "Антикор лайф" жобасы
4 Балалар арасында конкурс  ДЕПАРТАМЕНТТІҢ «МЕНІҢ ЕЛІМ - ҚАЗАҚСТАН» ЖӘНЕ «ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК» ТАҚЫРЫПТАРЫНДА БАЛАЛАР АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН СУРЕТ БАЙҚАУЫ 26.03.2021 дәріс
5 Жастарға зияткерлік меншік саласы бойынша құқықтық түсіндіру  Заң Әділет департаментінің қызметкерлері жастар арасында «Street Law» қозғалысын дамыту шеңберінде Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетімен бірлесе аталған жоғары оқу орнында Заң клиникасын ашты. 12.04.2021 дәріс
6 Зияткерлік меншік саласы бойынша түсіндіру жұмыстары Зияткерлік меншік саласы бойынша заңсыз тауарларға қатысты халық арасында төзімсіз көзқарасты қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 13.04.2021 лекция
7 «Контрафактілік өнімдермен күресу және айналымдағы заңсыз тауар таңбалары» тақырыбында семинар өткізілді.  зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің және «ТКМ» компаниясының заңгерінің қатысуымен «Контрафактілік өнімдермен күресу және айналымдағы заңсыз тауар таңбалары» тақырыбында семинар өткізілді. 27.04.2021 семинар
8 Телеарнадан сөз сөйлеу  Департаменттің зияткерлік меншік құқықтар бөлімінің басшысы М.Абдезов "Оңтүстік Қазақстан" телеарнасындағы тікелей эфирлік бағдарламасында контрафактілік өнімдер жайлы, тауар таңбасының түпнұсқаны көшірмесінен қалай ажырату керек екендігін түсіндіріп өтті. 05.05.2021 телеарна 
9 Телеарнадан сөз сөйлеу  Зияткерлік меншік құқығын қорғау маңызы бойынша сұхбат берді 18.05.2021 телеарна 
10 мақала  Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы зияткерлік меншік саласының үлесі 20.05.2021 мақала
11 Конкурс Қазақстанда контрафактіге жол жоқ тақырыбында үздік ұран және үздік сурет байқауы өтті 27.05.2021 конкурс
12 Халықтың зияткерлік меншік мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру  «Әл-Фараби» атындағы қалалық кітапханада зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғаудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету, халықтың зияткерлік меншік мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру мақсатында іске асырылды. 27.05.2021 дәріс
13 «Контрафактілік өнімдер» тақырыбында семинар өткізілді. Зияткерлік меншік саласы бойынша құқық иегерлерінің және мемлекеттік органдардың қатысуымен «Мораторий жағдайында контрафактілік өнімдермен күресу және айналымдағы заңсыз тауар таңбаларын қорғауға» бағытталған семинар өткізілді 21.06.2021 семинар
14 Контрафактілік өнімдермен күресу Зияткерлік меншік саласы бойынша «Cykoria S.A.» компаниясының өкілдерінің қатысуымен «Мораторий жағдайында контрафактілік өнімдермен күресу және айналымдағы заңсыз тауар таңбаларын қорғауға» бағытталған кездесу өткізілді. Кездесу барысында компания өкілдеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнама нормаларының негізгі түсініктеріне тоқталып, құқық иегерлерінің құқықтары мен міндеттері толық түсіндірілді.  26.07.2021 дөңгелек үстел
15 Тауар таңбалары туралы "Айналымдағы заңсыз тауар таңбалары" тақырыбында кәсіпкерлердің қатысуымен семинар кеңес өткізілді 18.08.2021 семинар
16 Телеарнадан сөз сөйлеу  Шымкентте заңсыз жолмен қамыр қопсытқышы мен құрғақ сүт өнімдерін өндіріп келген жасырын цехқа қатысты сот шешімі шығарылды. Осыған байланысты берілген сұхбат 24.08.2021 телеарна 
17 Телеарнадан сөз сөйлеу  контрафактілік өнімдердің жолын кесу бойынша сұхбат  24.08.2021 телеарна 
18 Айналымдаңғы заңсыз жалған өнімдер Шымкентте заңсыз жолмен қамыр қопсытқышы мен құрғақ сүт өнімдерін тәркілеу бойынша жұмыстар жүргізілді. 25.08.2021 телеарна 
19 Мақала  "Контрафактілі өнімдер елдің экономикасына кері әсерін тигізуде" тақырыбында мақала жарияланды 27.08.2021 мақала
20 Семинар Контрафакт проблемасы және онымен күресу   10.11.2021           семинар
21 Радиодан сұхбат беру Шағын және микробизнесті тексеруге моратории жағдайында контрафактіге қарсы күрес мәселелері бойынша 18.11.2021 радио
Дата публикации
29 декабря 2021