Әкімшілік-құқықтық бөлімі

Шымкент  қаласының

Әділет  департаментінің

басшысының

2021 жылғы 17 мамырдағы

№512-н бұйрығымен бекітілді

 

 

Шымкент қаласының Әділет департаментінің

Әкімшілік-құқықтық бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Әкімшілік-құқықтық бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Шымкент қаласының Әділет департаментінің (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Департамент басшысы бекiтедi.
  4. Бөлімнің құрамы: 1 бірлік - 1 бөлім басшысы, 6 бірлік - бас маман, 1 бірлік – жетекші маман.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары

 

  1. Бөлім қолданыстағы заңнамаға сәйкес келесі міндеттерді жүзеге асырады:

Департаменттің және аумақтық сот орындаушылар бөлімшелерінің құжат айналымын қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру, құжаттармен жұмыс iстеуге әдiстемелiк басшылық жасауды ұйымдастыру; қызметіне іс жүргізу, оның ішінде бақылау мен архив мәселелері бойынша үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру;

Департаменттің қызметінде ұйымдастырушылық, талдамалық және жоспарлау қызметін қамтамасыз ету;

Департаменттің персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.

Белгіленген заңнама талаптарына сәйкес электрондық құпия емес құжат айналымын заңнамада белгіленген тәртіппен ұйымдастыру және жүргізу;

Департаментке келіп түсетін кіріс және шығыс хат-хабарларды өңдеу, алдын-ала қарау, кіріс құжаттарын бастапқы өңдеу салымдарды /конверт/ жеткізудің дұрыстығын, тұтастығын тексеру және департамент басшылығының қарауына тиістілігі бойынша сұрыптау;

Департамент басшылығының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру;

Департаменттің ведомстволық архивінің жұмысын қамтамасыз ету;

құрылымдық және аумақтық сот орындаушылар бөлімшелердің іс-қағаздарын жүргізу жұмыстарына тексеру ұйымдастыру;

Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен ұсынылған ұсыныстар негізінде департаменттің істер номенклатурасын әзірлеу және құрастыру;

Департаменттің құрылымдық және аумақтық сот орындаушылар бөлімшелеріне құжаттамамен қамтамасыз ету мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету;

Департаментке келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу, есепке алу, қарау, уақытылы орындау жұмыстарын қамтамасыз ету;

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ТӨ есеп нысанын жүргізу;

Департаменттің сараптау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, аумақтық сот орындаушылар бөлімшелерінің сараптау комиссиясының жұмысын үйлестіру;

Мемлекеттік құпия мен ақпараттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі жұмысты және «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжатпен жұмыс барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы                           № 1196  қаулысымен бекітілген Мәліметтері таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

Департамент  басшысына әділет органдарының қызметі мәселелері бойынша талдамалық, анықтамалық материалдарды дайындауды қамтамасыз ету;

Департамент бөлімдерінің қызметіне жасалған талдаулар нәтижесі бойынша департамент басшысына қызметтік хат ұсыну;

Департаменттің ұйымдастыру, жоспарлау жұмыстарын қамтамасыз ету,   жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарын әзірлеу, іске асырылуына мониторинг жүргізу;

Департаменттің құрылымдық бөлімдері мен аумақтық сот орындаушылар бөлімшелері бірлесіп жартыжылдық және жылдық алқаларын, сондай-ақ департамент басшысының тапсырмасы бойынша өткізілетін кеңестерді және кездесулерді өткізуді ұйымдастыру, тиісті материалдарды және олардың хаттамаларын рәсімдеу, кеңес, алқа хаттамасынан шығатын іс-шаралардың орындалуын бақылау; 

ҚР Әділет министрлігінің стратегиялық жұмыс жоспарының мақсатты индикаторларының орындалуын мониторингтеу;

мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;  

мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша біріңғай автоматтандарылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде) арқылы жүргізу; 

Департаменттің, аумақтық сот орындаушылар бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіру;

мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізу, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;

кадрлар іріктеуді ұйымдастыруды, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды рәсімдеуді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерінің сақталуын, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асыру;

мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;

мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін, тәлім алуын, жұмысын бағалауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастыруды, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу;

мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

мемлекеттік органның кадрларының кәсіби дамуы, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына сәйкес тағылымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолымен қамтамасыз ету;

конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету;

мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу;

персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады;

нормативтік құқықтық актілерді қағаз жеткізгіште, оның ішінде «ҚБПҮ» грифімен мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

         жергілікті   мемлекеттік   басқару   органдарында   нормативтік құқықтық актілерді   шығарудың, қолданудың және мемлекеттік тіркеудің заңдылығы мәніне тексерулер жүргізеді;

          жергілікті мемлекеттік басқару органдары қабылдаған актілердің тізбесін зерделейді;

          қосымша құқықтық мониторинг жүргізеді, құқықтық мониторинг қорытындыларын жинақтайды;

         әділет   органдары   тіркеген нормативтік құқықтық актілерге қатысты   енгізілген   прокурорлық қадағалау актілері бойынша салыстыру жүргізеді;

 тексеру, салыстырып тексеру, азаматтардың өтініштерін қарау барысындаанықталған заңсыз нормативтік құқықтық актілерге қатысты заң бұзушылықтарды және хаттарды жою туралы ұсынымдардың жобаларын дайындайды.

 

  1. 3. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

 

  1. Бөлім қолданыстағы заңнамаға сәйкес келесі құқықтарға ие:

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты және материалдарды қағаз және (немесе) электрондық түрде сұрату және алу;

Өз құзіреті шегінде, басқа бөлімдер мен аумақтық сот орындаушылар бөліміне міндетті түрде орындалуға жататын нұсқаулар беруге;

Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңында, Министрлік туралы Ережеде және қолданыстағы заңнамада көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

  1. Бөлім қолданыстағы заңнамаға сәйкес келесі міндеттерді орындайды:

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;

өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге;

бөлім құжаттарының сақталуына және Департаменттің мұрағатына тапсырылуын қамтамасыз етуге;

Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Министр мен Жауапты хатшының, Департамент басшысының актілеріне және тапсырмаларына сәйкес басқа міндеттерді орындауға.

 

  1. Бөлімнің қызметiн ұйымдастыру

 

  1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президент актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшысы басқарады.
  3. Бөлім басшысы қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапкершілік атқарады.
  4. Бөлім басшысы Департамент басшысына құрылымдық бөлiмшенiң құрылымы мен штат кестесi бойынша ұсыныстар бередi.
Дата публикации
29 ноября 2021