Өңірлік нормашығармашылықтағы жаңалықтар туралы АҚПАРАТ

Өңірлік нормашығармашылықтағы жаңалықтар туралы

АҚПАРАТ

 

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 313 қаулысына а.ж. 13 мамырында жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерін (бұдан әрі – НҚА) мемлекеттік тіркеудің орталықтандырылған форматы енгізілген.

Осылайша, әкімдіктің, әкімнің, мәслихаттың және тексеру комиссияларының НҚА жобалары келісілуге және мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберілуге жатады.

Тек қана қағаз құжат айналымы кезінде жергілікті мемлекеттік басқару органдарының НҚА жобалары аумақтық әділет органдарына келісуге және мемлекеттік тіркеуге жіберіледі. Бұл «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар НҚА және мемлекеттік органдардың интранет-порталына (МОИП) қолжетімділігі жоқ жағдайларға қатысты.

Сонымен қатар, аумақтық әділет органдарының өкілеттігінде жергілікті мемлекеттік басқару органдары қабылданған актілердің тізбелерін зерделеу; құқықтық мониторинг жүргізу; әкімшілік іс жүргізуді қозғау; әділет органдары тіркеген НҚА қатысты енгізілген прокурорлық қадағалау актілері бойынша салыстыру жүргізу; заңсыз НҚА-ға қатысты ақпараттық хаттарды, заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстарды жолдау қалған.

Дата публикации
27 мая 2021