Шымкент қ. Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А. Исабекова 13.10.2021 жылы Департаменттің ұжымымен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы, соның ішінде Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ережелерін сақтау мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Іс-шара барысында бірқатар кейстер қаралып, құқық бұзушылықтарды болдырмауға қатысты және құқыққа сыйымсыз әрекеттерді жасауға бейімделу жағдайлары бойынша заң аясында әрекет ету тәртібі туралытүсіндірмелер берілді.
Шымкент қ. Әділет департаменті өз қызметкерлер арасында заңнама бұзылуының алдын алу шараларынжүйелі түрде өткізіп келеді.
Департамент өкілдері тарапынан әдеп талаптарын сақтамау немесе өзге де тәртіпке қарсы әрекеттер байқалса, Әдеп жөніндегі уәкіл Айнур Акжигитовна Исабековаға 8 (7252) 33-76-76 нөмірі, Департаменттің 8 (7252) 33-79-29 сенім телефонына хабарласуды сұраймыз, сонымен қатар төменде көрсетілген сілтеме арқылы онлайн-сауалнамаға қатысып, Департамент қызметкерлерінің жұмысы туралы пікіріңізбен бөлісуге шақырамыз.
https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/activities/population?lang=ru