Шымкент қаласы Әділет Департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің негізгі бағыты бойынша 2021 жылыдың 9 айында атқарылған жұмыстары жөніндегі ақпараты

2021 жылдың 9 айында Департаменттің зияткерлік меншік құқығы саласында біршама нәтижелі жұмыстар атқарылды.

Зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында бірқатар насихат жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен, құқық қорғау органдарымен және жеке кәсіпкерлердің қатысуымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес тексерулерге қатысты микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мораторий жариялануына байланысты 14.05.2021 жылы семинар-кеңес өткізілді.

Сонымен қатар, бөліммен азаматтардың құқықтық мәдени деңгейін арттыру мақсатында, «HALYQ MEDIATORY»  саяси әлеуметтік газетінің ақпараттық порталында 19.02.2021 жылы «Айналымдағы заңсыз контрафактілі өнімдер» тақырыбындағы мақала жарық көрді және Қазақстан-Шымкент телеарнасынан «Контрафактіге жол жоқ» тақырыбында сұхбат берілді.

Аталған жоспарлар аясында контрафактілік өнімдерге төзімсіз көзқарасты қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласындағы «Айна» сауда орталығының кәсіпкерлеріне және тұтынушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тауар таңбасы бойынша 52-ге жуық сауалнамалар алынды.

Одан бөлек, бөлім басшысы Шымкент қаласындағы «Anticor.Live» жобасы аясында халыққа 11.03.2021 жылы тікелей эфирден сұхбаттар беріліп, тікелей эфир барысында зияткерлік меншік саласындағы заңнама нормаларының негізгі түсініктеріне тоқталып, тауар белгісінің құқықтық бұзушылықтар түрлері жайында, тауар белгісін пайдалану, басқа тауар белгісін пайдалану кезінде құқығын бұзғаны үшін тартылатын жауапкершілік жайында түсіндірмелер берді.

Сондай-ақ, Департаменттің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығын мерекелеу аясында «Менің елім - Қазақстан» және «Зияткерлік меншік» тақырыптарына Департамент қызметкерлерінің балалары арасында 26.03.2021 жылы Шымкент қаласындағы «Gavity» ойын-сауық кешенінде сурет салу конкурсы өтті.

Байқаудың мақсаты, балалардың патриоттық сезімін ояту және еліміздегі контрафактілік тауарларға жағымсыз көзқарасты қалыптастыру болып табылады.

Аталған байқаудың нәтижесі конкурстық комиссия құрамының шешімдері негізінде балалардың суреттері бағаланып, жүлделі орындар берілді.

Сондай-ақ, ҚР Әділет министрлігінің тапсырмасына сәйкес, «Контрафакт» атты Республикалық байқау өткізілді.

Аталған байқауда 10 жастан 15 жасқа дейінгі балалар арасында «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбында сурет салу бойынша және 14 жас және одан жоғары жас санатындағы азаматтарға үздік ұран байқауы ұйымдастырылды.

ҚР Әділет министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 2021 жылы Шымкент қаласы Әділет департаменті мен Шымкент қаласы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында зияткерлік меншікті қорғау және сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасындағы хабардарлықты арттыру бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. 

Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті, Шымкент қаласының полиция департаменті, Шымкент қаласы бойынша мемлекттік кірістер департаменті арасында заңсыз айналымдағы тауарларды анықтауға, жолын кесуге және контрафактілік өнімдерді сатып алуға, оны сақтауға, өткізуге немесе дайындауға бағытталған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Шымкент қаласы полиция департаментінің Абай аудандық полиция басқармасынан Департаментке әкімшілік шара көру үшін іс-құжаттар келіп түсті. Іс-құжаттар бойынша  ҚР ӘҚБтК-ң 158 бабымен әкімшілік іс қозғалды. Аталған іс сотпен қанағаттандырылып, құқық бұзушы өз кінәсін мойындады. Сот қаулысына сәйкес, жалпы сомасы 16 933 870 теңгені құрайтын 594 дана «CYKORIA S.A.» тауар таңбасымен шығарылған қамыр қопсытқышы, картон қораптар саны 4500 дана, 5 дана қаптағыш аппараты, 74 дана А4 форматтағы этикеткалар және «FRIMA» тауар таңбасымен шығарылған жалпы саны 8 151 дана өнім тәркіленіп, құқық бұзушыға 58 340 көлемінде айыппұл салынды.

Департаменттің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған жұмыстары өз жалғасын табуда.

Дата публикации
29 октября 2021