Шымкент қаласының әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бағыты бойынша 2021жылдың 9-айында атқарылған жұмыс туралы ақпарат

Шымкент қаласының  әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау  бағыты бойынша 2021жылдың 9-айында атқарылған жұмыс туралы  ақпарат

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің статистикалық мәліметтер:

Заңды тұлғаларды тіркеу бойынша:

-коммерциялық емес заңды тұлғалар 199(коммерциялық-22);

-филиалдар мен өкілдіктер есептік тіркелді-17(коммерциялық-44);

-коммерциялық емес заңды тұлғаларды қайта тіркеу-30(коммерциялық-1499);

-коммерциялық емес филиалдар мен өкілдіктер қайта тіркелді-11(коммерциялық-9);

-коммерциялық емес заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктердің таратылуы-41(коммерциялық-173);

-коммерциялық емес заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістері мен толықтырулары тіркелді-106(коммерциялық-16);

- коммерциялық емес заңды тұлғалардың хабарлама тәртібі бойынша - 288

  ( коммерциялық-1598)

          Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу жұмыстарын қамтамасыз ету, бақылаубойынша:

        2021 жылдың 9-айында 34186 (38038) азаматтық хал актілері тіркелді, соның ішінде:

        -тууды тіркеу –8585;

        -қайтыс болуды тіркеу –16335;

        -неке қиюды тіркеу –  3959;

        -некенің бұзылуын тіркеу – 4229;

        -тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеу –1078;

          Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою  бойынша:

         2021жылдың  9-айында  4082 азамат өтініш беріліп, 3993 құжатқа апостиль қойылды.

        Мемлекетке 60755557 тенге мөлшерінде баж салығы төленді.

        3993 құжаттың ішінде: 581 құжат АХАТ органдарымен, 3546 құжат нотариустармен, 39өзге органдарымен, 173құжат электронды берілген.

        Сондай-ақ, 19 ресми құжат Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және шет ел мемлекеттеріндегі Қазақстан Республикасының елшілігінен келіп түскен.

        Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша:

        «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік қызмет көрсету жалпы -31 059, оның ішінде  нотариустермен куәландырылған мәмілелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті  БНАЖ-бен өзара іс-қимыл жасау арқылы және құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне  -12 639,ХҚКО арқылы- 18 420.

Мемлекеттік қызметті көрсету барысында мерзімін бұзу  бойынша:

 

2021 жылдың 9-айында әділет департаментімен мемлекеттік қызмет көрсету барысында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін бұзу фактілері орын алмаған.

        Тіркеуден бас тарту мен тіркеу мерзімін тоқтатулар бойынша:

        Заңды тұлғалар бойынша: 2021 9-айында коммерциялық емес заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің) тіркеуіне қатысты барлығы 95бас тарту

(оның электронды түрде - 0)және 4мерзімдерін үзутуралы бұйрықтар шығарылған. 

        Коммерциялық заңды тұлғалар бойынша  бас тарту 227, мерзімін үзу 47(оның электронды түрде 40).

        Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою  бойынша9 құжатқа апостиль мөртаңбасы қойылмай кері қайтарылды, 5  өтінішке бас тартылды.

        Жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша: бас тартулар  барлығы-1,(5).

        Мемлекеттік тіркеуді уақытша тоқтату болмаған.

        тіркеусіз кері қайтарулар бойынша: барлығы-756 ,  оның ішіндеХҚКО арқылы -309 , электрондық тіркеуден-447.

        Қазақстан Республикасы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы» Заңының 27 бабының 6 тармағына сәйкес, атап айтқанда, тіркеу тоқтатыла тұрған кезде өтінішті өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) кез келген уақытта кері қайтарып ала алады. Бұл ретте кері қайтарып алынған өтініштің басымдығы жойылатындығынатап көрсеткен.

«Электронды үкімет» порталы арқылы түскен өтініштері:Коммерциялық заңды тұлғалар бойынша  «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері 2416 тіркелген , оның ішінде қайта тіркеу 112, өзгертулер мен толықтырулар 0,  таратылған заңды тұлғалар 82.

 

        Әкімшілік құқық бұзушылық туралы:

        Заңды тұлғаларды тіркеу бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 466-бабы бойынша ескерту түрінде -4 (1)  әкімшілік іс қозғалды.

Насихат жұмыстары бойынша: 11 семинар, 1 дөңгелек үстел, 7 мақала, 5 радио, 1 тікелей эфир 16 веб-сайт

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 октября 2021