Шымкент қаласының Әділет департаменті жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестаттау үшін 12.10.2021 жылдан бастап олардың құжаттарын қабылдау басталғанын хабарлайды.

Шымкент қаласының Әділет департаменті жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестаттау үшін 12.10.2021 жылдан бастап олардың құжаттарын қабылдау басталғанын хабарлайды.

Аттестаттауға жеке сот орындаушысында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы №561 бұйрығымен бекітілген тәртіппен тағылымдамадан өткен, сондай-ақ біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұлғалар жіберіледі. Тиісті біліктілік талаптары «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140 бабында көзделген:

«1. Жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысы лицензиясын алған және Республикалық палатаға кірген Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы болып табылады.

  1. Мына адам:

1) Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған;

2) заңда белгiленген тәртiппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;

3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнiң 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының және 36-бабының негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, мұндай оқиғалар болғаннан кейiн үш жыл iшiнде;

4) теріс себептермен мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарынан шығарылған адам шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде;

5) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья лауазымынан босатылған адам босатылған күннен бастап бір жыл ішінде;

6) жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін бергенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жазаланған;

7) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған;

8) осы Заңның 144-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушысының лицензиясынан айырылған адам сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде жеке сот орындаушысы бола алмайды».

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 561 бұйрығымен Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасы бекітілген, қағиданың 13 тармағына сәйкес, тағылымдамадан өту туралы қорытынды оны бекіткеннен кейін алты ай ішінде жарамды болып табылатындығын ескеру қажет.

Үміткер (немесе оның өкілі) жүгінген кезде «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш;

2) Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, наркологта және психиатрда диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап ағымдығы жылдың қараша айының 16-на дейін қабылданады.

Туындаған сұрақтар бойынша Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 16 үйде орналасқан Шымкент қаласының Әділет департаментіне жүгіне аласыз немесе 8 /7252/ 35-41-52 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Дата публикации
11 октября 2021