Шымкент қаласының Әділет департаменті жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестаттау үшін 17.08.2021 жылдан бастап олардың құжаттарын қабылдау басталғанын хабарлайды.

Шымкент қаласының Әділет департаменті жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестаттау үшін 17.08.2021 жылдан бастап олардың құжаттарын қабылдау басталғанын хабарлайды.

Аттестаттауға жеке сот орындаушысында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы №95 бұйрығымен бекітілген тәртіппен тағылымдамадан өткен, сондай-ақ біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұлғалар жіберіледі. Тиісті біліктілік талаптары «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140 бабында көзделген:

  1. Жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысы лицензиясын алған және Республикалық палатаға кірген Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы болып табылады.
  2. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; өзіне жеке сот орындаушысы өкілеттіктері берілгенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар; мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алу бойынша кемінде үш ай берешегі бар адамды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын; наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрған; жеке сот орындаушысының лицензиясынан айрылған адам жеке сот орындаушысы бола алмайды.»

Үміткер (немесе оның өкілі) жүгінген кезде «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш;

2) Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, наркологта және психиатрда диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап ағымдағы жылдың тамыз айының 25-не дейін қабылданады.

Туындаған сұрақтар бойынша Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 16 үйде орналасқан Шымкент қаласының Әділет департаментіне жүгіне аласыз немесе 8 /7252/ 99-78-29 телефоны арқылы хабарласуға болады.

 

Дата публикации
17 августа 2021