Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері өзектілікті жоғалтқан емес

 Сыбайлас жемқорлық - мемлекет пен қоғамның барлық салаларына зиян келтіретін көрініс. Осы қастық үлкен дәрежеде дамып кеткен елдерде әлеуметтік әділдік, халықтың мемлекетке деген сенімдік деңгейі төмен болады, ең маңызды институттар: денсаулық сақтау, білім беру, экономикалық даму және т.б. әлсіз қалып, азап шегеді.

Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға бағытталған тұрақты, жүйелі және кешенді жұмыстың маңыздылығы аса зор. Шешімдер мен шаралардың барлығы заңдылық, құқықтардың теңдігі қағидаттарына сүйеніп қабылданатын әділ, таза және адал қоғамға ұмтылусыз қандай да бір прогреске қол жеткізу мүмкін емес.

Шымкент қаласының Әділет департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды және қызметкерлердің имиджін жақсарту жұмыстарын өзінің ең маңызды басымдығы ретінде белгілеп, бірқатар жоспарлы және басқа құжаттар аясында тұрақты негізде тиісті шараларды жүргізуде. 

Осы орайда «Шымкент – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен өзара әрекет ету тиімді болды. Жобалық кеңсемен бірлесе Департаменттің ғимаратында келушілермен кездесіп, сұрақтарын дереу шешуге арналған «Open Space» форматтағы бөлме ашылды. Бөлме жұмыс істеген 2 айдың өзінде 210 азаматтың мәселесінің шұғыл шешілуіне ықпал етілді.   

Әділет департаменті қызметкерлерінің халықпен байланысты орнату, қажетті ақпараттар пен сұрақтарға жауаптарды ұсыну кезінде әдеп ережелерін сақтауына үлкен назар аударылуда. Мәселен, а.ж. мамырында волонтерларды қатыстыра отырып арнайы бақылау шарасы барысында Департаментте жұмыс жасайтындардың сөйлесу мәнері мен жауаптардың сыпайлылығы мен сауаттылығы зерттелді. Нәтижесінде қызметкерлермен жеке әңгімелесу және түсіндірмелер жүргізілді.

Бұдан бөлек, халықтың пікірлерін талдау үшін әрбір қызметкеріміздің жұмысына, оның тиімділігі мен әдептілігіне баға беруге кез келген азаматқа  мүмкіндікті ұсынатын онлайн-сауалнама іске қосылды. Сауалнаманы толтыруға өту үшін автоматты сілтеме Департаменттің «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі shymkent.adilet.gov.kz парақшасында орналастырылды.

Қызметкерлермен талаптарды бұзу туралы өтініштер қабылданатын сенім телефоны жұмыс істеуде: 8 (7252) 33-79-29, сондай-ақ әрбір тұлға тиісті сұрағымен Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкіліне жүгіне алады 8 (7252) 33-76-76.   

Ашықтық, рәсімдердің мөлдір болуы, белгіленген талаптар мен заңнама ережелерін анық түсіну – теріс қылықтарға қарсы тұрудың маңызды бөліктері. Сондықтан, әділет органдары қызметін реттейтін заңнаманың әртүрлі аспектілерін түсіндіруге ерекше көңіл аударылуда.  

2021 жылдың 5 айында Әділет департаментімен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 241 іс-шара ұйымдастырылды (БАҚ, әлеуметтік желілерде шығуы, брифингтер, «дөңгелек үстелдер», тренингтер, «әділет кеңес береді», «ашық есік күні» акциялары, т.б.).

Мемлекеттік орган басшылығының сеніп тапсырылған құрылымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдың алу шараларын тұрақты жүргізу міндеті заңнамада белгіленген. Осындай шаралардың бірі – жылына екі реттен кем емес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау. Бұл орайда, а.ж. мамырында Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысының бұйрығына сай сыбайлас жемқорлық көріністері болу мүмкін қызмет бағыттары сараланып, тиісті ұсынымдар әзірленді.

Осыдан бөлек, ұжымда сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу үшін уәкілетті орган өкілдерінің, «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының қызметкерлерінің, психолог-мамандарының, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушыларының қатысуымен әңгімелесулер ұйымдастырылуда. Мұндай кездесулер барысында заңнамадағы жаңалықтар және құқық қолдану тәжірибесі туралы ақпараттар жеткізіліп, мемлекеттік органға жүгінетіндерден танытылуы ықтимал заңсыздыққа шақыратын әрекеттерге қарсы тұру тәсілдері айқындалуда.     

Бұл ретте, қылмыстық заңнамада құқыққа сыйымсыз сыйақыны алған лауазымды тұлғаның ғана емес, оны белгілі бір пайда табу үшін ұсынған жеке тұлға үшін де қылмыстық жауапкершілік көзделгенін атап өту қажет.

Шымкент қаласының Әділет департаменті өзінің міндеттерін Мемлекет Басшысы Қ. Тоқаевтің мемлекеттік қызмет жүйесінде «халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын орнату тапсырмасына сай орындай келе, сыбайлас жемқорлық сияқты теріс көріністерді жою шараларын жалғастыруда.  

 

Шымкент қ. Әділет департаменті

басшысының орынбасары,

Әдеп жөніндегі уәкілі

Исабекова Айнур Акжигитовна

 

Дата публикации
25 июня 2021