Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағын және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» қағидаларын басшылыққа ала отырып, Шымкент қаласы Әділет департаментінің(бұдан әрі – Департамент) 2026 жылғы 03 маусымдағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 705-н бұйрығымен Департаменттің әкімшілік бөлімі,зияткерлік меншік құқығы бөлімі, «Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлімі» филиалы,«Жеке сот орындаушыларының ұсыныстары бойынша әкімшілік тәжірибе бөлімі» филиалыменкөрсетілген қызмет барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауда ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығы қамтылды.

Ішкі талдауда «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» қағидаларына сәйкес келесідей бағыттар тексерілді:

  • мүдделер қақтығысын реттеу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету;
  • рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  • бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;
  • бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
  • ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;
  • талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама дайындалып бекітілді.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша қолда бар ұсыныстар болған жағдайда Сіз Департаменттің әкімшілік бөліміне
8 (7252) 35-79-79 нөміріне хабарласа аласыз.

Дата публикации
10 июля 2026