
АТҚАРУШЫЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША БӨЛІМ-ФИЛИАЛЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ
Филиал атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және қалыптастыру, сондай-ақ қызметті мемлекеттік реттеу мақсатында келесі функцияларды жүзеге асырады:
ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңымен жүктелген азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот шешімдерінің, ұйғарымдарының және қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды, қылмыстық істердің мүліктік өндіріп алу бөлігі бойынша үкімдер мен қаулыларды, сондай-ақ басқа да органдардың қаулыларын міндетті және уақытылы орындау жөніндегі міндеттерді заңмен белгіленген мерзімде жүзеге асыру;
мемлекеттік саясатты іске асыру және қалыптастыру, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу;
өз құзыреті шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу;
өз құзыреті шеңберінде прокурорлық ықпал ету актілерін қарастыру;
атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша жүгінулерді, өтініштерді және өтінімдерді уақытылы қарастыру;
азаматтар мен мекемелердің өтініштерін қарауды;
атқарушылық өндірістердің есебін қамтамасыз ету және санын бақылау, ведомствалық мұрағатты дұрыс деңгейде жүргізуді;
сот орындаушылардың жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар енгізуді;
сот актілерін орындау мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндірме құжаттарын әзірлеуді;
атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен, жергілікті соттармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар құру;
атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты, түсініктемелерді және анықтамаларды алу;
ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңына сәйкес меншіктің кез-келген нысанындағы ұйымдарға тексеру жүргізу;
борышкерлердің банктік шоттарына, жылжымалы және жылжымайтын мүлігіне тыйым салу;
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес тыйым салынған мүлікті сату;
тұрақты негізде қолданыстағы заңнаманы зерделеу және кәсіби деңгейді жоғарылату;
атқарушылық іс жүргізудің тараптарын белгіленген уақытта жеке қабылдау;
атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамамен қаралған басқа да атқарушылық әрекеттерді іске асыру.
Филиалдың заңдармен белгіленген тәртіпте мынадай құқықтары бар:
Егер атқарушылық құжатты орындау барысында жекелеген атқарушылық әрекеттер жасау қажеттілігі туындаған жағдайда басқа қаланың немесе ауданның сот орындаушысына тапсырма беруге;
Атқарушылық құжаттардың негізінде атқарушылық әрекеттер жасау кезінде сол құжаттар түсініксіз болса, түсініктеме алу үшін атқарушылық құжатты берген сотқа немесе өзге органдарға жүгінуге;
Қылмыстық қудалау органына сот актілерін орындаудан қасақана бас тартқан тұлғаларды қылмыстық жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізуге.
Сот актісі негізінде берілетін атқару парақтары, сот қаулылары, сот ұйғарымдары, атқарушылық жазба, жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама, атқару санкциясын өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулылары, сот орындаушысының атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде келтірілген шығыстарды өтеу туралы қаулысы, жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салықтық бұйрық, кiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды тұлғаның) қаулылары
Сот бұйрықтары, атқару парақтары, ұйғарымдар, атқарушылық жазбалар, атқарушылық санкцияны өндіріп алу туралы қаулылар, атқарушылық әрекеттер жасау кезінде келген шығыстарды өтеу туралы қаулылары, қылмыстық іс бойынша шығарылған мүлікке тыйым салу туралы қаулылар, қылмыстық теріс қылық және (немесе) қылмыс үшін айыппұл өндіріп алу туралы атқарушылық парақтар үкім заңды күшіне енгеннен кейін онша ауыр емес қылмыс үшін сотталған кезде үш жыл ішінде, жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама, жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрықтары-3 жыл.
Әкімшілік соттың қаулылары, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) қаулылары, соттың қылмыстық іс бойынша шығарылған мүлікке тыйым салу туралы қаулылары, қылмыстық теріс қылық және (немесе) қылмыс үшін айыппұл өндіріп алу туралы атқарушылық парақтар үкім заңды күшіне енгеннен кейін қылмыстық теріс қылық үшін сотталған кезде бір жыл ішінде-1 жыл.
ауырлығы орташа қылмыс үшін сотталған кезде алты жыл ішінде.
ауыр қылмыс үшін сотталған кезде-10 жыл.
аса ауыр қылмыс үшін сотталған кезде-15 жыл.
Мәжбүрлеп орындату шаралары дегеніміз борышкердің банк есеп шоттарына, мүліктеріне, белгілі бір іс әрекеттер жасауына тыйым салу, банк есеп шоттарына инкассолық өкімнің негізінде ақшалай қаражаттарын өндіру, мүліктерінен өндіру, белгілі бір лицензияларын уақытша тоқтата тұру (мысалы жүргізуші куәлігін атқару құжатының талабы орындалғанға дейін сот ұйғарымы негізінде тоқтата тұру), ҚР аумағынан шығуға тыйым салу, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту, бағалы қағаздарына тыйым салу, айлық жалақысынан, зейнетақысынан өндіру.