Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Нотариаттық қызмет

Қазақстан Республикасындағы нотариат – бұл нотариаттық iс-әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету жөніндегі құқықтық институт.Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдарынан тұрады. Нотариаттық қызмет – бұл нотариустың осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы. Осы Заңда белгіленген жағдайларда және шектерде жекелеген нотариаттық iс-әрекеттерді арнайы уәкілетті лауазымды адамдар жасай алады. Қазақстан Республикасындағы нотариаттық қызмет нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығы, тәуелсіздігі, бейтараптылығы, құпиялылығы қағидаттарына негізделеді. Нотариаттық қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды. Нотариустар мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi басқа да адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасағанда тәуелсiз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды және басқа нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен, осындай қызметтi реттейтiн халықаралық шарттарды басшылыққа алады.Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер мен құжаттар өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының, өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша сот орындаушыларының жазбаша талап етуi бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әдiлет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметiн тексерудi жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген нотариат палаталарына берiледi.Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, жасы жиырма беске толған, жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, нотариуста кемінде бір жыл мерзіммен тағылымдамадан, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.

Документы
Ақпарат
14 июля 2026
Шымкент қаласының нотариустарының тізімі
Ақпарат
27 июня 2025
Шымкент қаласының Әділет департаменті
Құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімі
2025 жылдың I-жартыжылдығы бойынша жоспардан тыс тексерулер нәтижелері туралы ақпарат
Хабарландыру
09 сентября 2022
Шымкент қаласының Әділет департаменті
Нотариаттық қызметпен айналысуға лицензия алуға өтініш білдірген үміткерлердің тізімі 19.09.2022
Новости
Полезные материалы
Нотариаттық қызмет
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Нотариус лицензиясын алу үшін тағылымдамадан өту ережелерін түсіндіріңізші?

Тағылымдамадан өту үшін аумақтық нотариаттық палатамен шарт жасасу қажет. (Шымкент қ., Арғынбеков к-сі, 19/1, тел. 77-66-46)

Нотариаттық палатаның басқармасы кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар тағылымдама жетекшісін тағайындайды.

Тағылымдамадан өтушінің нотариаттық іс-әрекеттер жасау және нотариустың жұмысын ұйымдастыру бойынша кәсіби білім мен практикалық дағдылар алуы тағылымдамадан өтудің мақсаты болып табылады. Тағылымдамадан өту мерзімі - 1 жыл.

Нотариустардың тағылымдамадан өтуі ақылы. Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу қағидаларына сәйкес ақы төлеу мөлшері ай сайын 10 АЕК-тен аспайды.

Кім нотариус бола алады?

Егер Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңында өзгеше көзделмесе, жасы жиырма беске толған, жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, нотариуста кемінде бір жыл мерзіммен тағылымдамадан, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.

Мирас (наследство) ашу үшін қандай құжаттар қажет?

Әдетте талап етілетіндер:

  • мұра алушының жеке куәлігі,

  • қайтыс болғаны туралы куәлік,

  • туыстықты растайтын құжаттар,

  • мүлікке қатысты құжаттар,

  • өсиет (бар болса).
    Мүліктің түріне қарай нотариус қосымша құжат сұрауы мүмкін.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы