Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Адвокаттық қызмет

Адвокаттық қызмет – адвокаттар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында, осы Заңда белгіленген тәртіппен, кәсіптік негізде көрсететін заң көмегі. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заң мен Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметті және заң көмегін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғауға және заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған. Жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы адвокат болып табылады. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа ретте, адвокаттың құқықтары шектелуге жатпайды. Заңды адвокаттық қызметке араласу не кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді. Адвокат шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға осындай көмек көрсету нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын жасауға міндетті. Адвокаттық құпияны адвокатқа өтініш жасау фактiсi, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғамен және басқа да тұлғалармен ауызша және жазбаша келiссөздердiң мазмұны туралы, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның мүдделерiнде қабылданатын әрекеттердiң сипаты мен нәтижелерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ заң көмегiн көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды.

Документы
Хабарландыру
10 февраля 2025
Шымкент қаласының Әділет департаменті
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ МЕМЕЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТЕТІН Е-ЗАҢ КӨМЕГІ БІРІҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ 2025 ЖЫЛҒА КЕЛІСІМ ШАРТҚА ТҰРУҒА АРЫЗ ЖІБЕРГЕН АДВОКАТТАР
Ақпарат
08 января 2024
Шымкент қаласы адвокаттар алқасының мемелекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін Е-заң көмегі біріңғай ақпараттық жүйесіне тіркелген адвокаттардың тізімі
Ақпарат
20 марта 2023
Шымкент қаласының Әділет департаменті
2023 жылғы Шымкент қаласы адвокаттар алқасының мемелекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін Е-заң көмегі біріңғай ақпараттық жүйесіне тіркелген адвокаттардың тізімі
Новости
Полезные материалы
Адвокаттық қызмет
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Адвокатқа қарсы қандай жауапкершілік бар?

Адвокат заң бұзса:

  • тәртіптік жауапкершілік (адвокаттық палата шешімі);

  • әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік;
    Заң: «Адвокатура және адвокаттық қызмет туралы» Заң, 23-бап.

Адвокаттың заң көмегін тегін алу үшін кімдер құқылы?

 «Адвокаттық қызмет туралы» және «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» заңдарға сәйкес, келесі санаттағы адамдар тегін заң көмегін алуға құқылы:

 

  1. Әлеуметтік жағынан осал топтар (мүгедектер, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және т.б.).
  2. Азаматтығы жоқ немесе қиын өмірлік жағдайда қалған тұлғалар.
  3. Қылмыстық іс бойынша қорғаушының қатысуы міндетті жағдайларда — мемлекет тағайындаған адвокат қорғайды.4
  4. Кәмелетке толмағандар, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қажет болған жағдайда. Тегін заң көмегін алу үші. жеке куәлікпен бірге «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімшесіне немесе Адвокаттар алқасына жүгінуге болады.
Адвокатпен заң көмегін көрсету туралы ақы төлеу негізінде келісім жасалды. Алайда адвокат шартта көзделген міндеттерін толық көлемде орындамады. Клиент бұл жағдайда қандай құқықтық шаралар қолдана алады?

«Адвокаттық қызмет туралы» заңның 21-бабы және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес адвокат пен клиент арасындағы құқықтық көмек көрсету туралы шарт — азаматтық-құқықтық мәміле болып табылады. Адвокат шарт талаптарын орындамаған жағдайда клиенттің:

  1. Жазбаша талап (претензия) жіберуге;
  2. Шарт талаптарын бұзғаны үшін ақшалай қаражатты қайтаруды талап етуге;
  3. Адвокаттың кәсіби этиканы бұзуы бойынша адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясына шағым беруге;
  4. Қажет болған жағдайда сот арқылы ақшалай зиянды өндіруге құқығы бар. Адвокаттар алқасы шағымды қарап, тәртіптік жауаптылық туралы шешім қабылдайды.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы