GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Департамент туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
23 октября 2026
Тегін заң көмегі күні акциясын өткізді

2026 жылғы 22 қазанда Республика күні мерекесін атап өту аясында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ғимаратында Департамент облыстың заң қоғамдастығы өкілдерімен бірлесіп, «Тегін заң көмегі күні» акциясын өткізді.

Акция барысында азаматтарға, оның ішінде ауылдық елді мекендерден келген тұрғындарға Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарын түсіндіру, мұраны рәсімдеу, алимент өндіру, тұрғын үй қатынастары, атқарушылық іс жүргізу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, және мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу мәселелері бойынша тегін құқықтық консультациялар берілді.

Сонымен қатар азаматтарға интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері, дербес деректерді қорғау шаралары және құқық бұзушылық орын алған жағдайда уәкілетті органдарға жүгіну тәртібі түсіндірілді.

 

23 октября 2026
Буллинг, Кибербуллинг» тақырыбында дәріс өткізілді

14.10.2026 жылы Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі Өскемен қаласының әкімдігінің «№38 Орта мектебі» КММ-дің оқушыларына қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін түсіндіру мақсатында «Заң және тәртіп» әңгімесін ақпараттық жариялау бойынша «Буллинг, Кибербуллинг» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәріс барысында, оқушылар буллинг, кибербуллинг ұғымымен, олардың салдарымен, түрлері мен формаларымен танысты. Буллингпен, кибербіллингпен күресу үшін қолданылатын негізгі ережелер мен заңдар қамтылған.
Дәрісті өткізу барысында оқушыларға қажетті консультациялық көмегі көрсетілді, сондай-ақ қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

23 октября 2026
Буллинг, Кибербуллинг» тақырыбында дәріс өткізілді

 

14.10.2026 жылы Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі Өскемен қаласының әкімдігінің «№38 Орта мектебі» КММ-дің оқушыларына қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін түсіндіру мақсатында «Заң және тәртіп» әңгімесін ақпараттық жариялау бойынша «Буллинг, Кибербуллинг» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәріс барысында, оқушылар буллинг, кибербуллинг ұғымымен, олардың салдарымен, түрлері мен формаларымен танысты. Буллингпен, кибербіллингпен күресу үшін қолданылатын негізгі ережелер мен заңдар қамтылған.
Дәрісті өткізу барысында оқушыларға қажетті консультациялық көмегі көрсетілді, сондай-ақ қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

12 октября 2026
«Altay» телеарнасында сұхбат

2026 жылғы 9 қазанда «Altay» телеарнасының «Жаңа Қазақстан» бағдарламасында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасарының м.а. Ф.Слямованың қатысуымен Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және нотариаттық қызмет салаларындағы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар мен өзгерістерге арналған сюжеті көрсетілді.

https://youtu.be/3SXagCeLMEU?si=asm8KEEd25vvyyW9

 

12 октября 2026
«Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді

2026 жылғы 9 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті «Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының және облыстың заң қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында «Тегін заң көмегі күні» акциясын өткізді.
Акция барысында азаматтарға құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, отбасы және мұрагерлік құқық, тұрғын үй қатынастары, алимент өндіру, атқарушылық іс жүргізу, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша консультациялар берілді.
Іс-шара «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында өткізіліп, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, заңға деген құрметті нығайтуға және заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталды.

08 октября 2026
«HUGO BOSS AG», «PUMA SE», "LEGO Holding A/S" компания өкілдерінің өтініштері бойынша контрафактілік тауарларды заңсыз пайдалану мен сатудың жолын кесу мақсатында жоспардан тыс тексерулер жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің қызметкерлері «HUGO BOSS AG», «PUMA SE», "LEGO Holding A/S" компания өкілдерінің өтініштері бойынша контрафактілік тауарларды заңсыз пайдалану мен сатудың жолын кесу мақсатында жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.
Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылып контрафактілік тауарлар тәркіленді және сот шешімімен әкімшілік айыппұл салынды.
Сот шешіміне сәйкес, тәркіленген контрафактілік тауарлар мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерімен бірлесе отырып және Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінің филиалы «Өскемен қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушыларымен заңмен белгіленген тәртіпке сай жойылды.
Әділет департаменті зияткерлік құқықтарын, атап айтқанда тауар белгілерін қорғауға ерекше назар аударатынын хабарлаймыз.

08 октября 2026
Хабарландыру!

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ағымдағы жылдың 9 қазанында сағат 15:00-де азаматтарға құқықтық консультациялар беру мақсатында «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілетінін хабарлайды.

Өтетін орны: ШҚО, Өскемен қаласы, Самар тас жолы көшесі, 23, «Шығыс Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы».

Аталған акцияға Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің, «Әділет» партиясының, адвокаттар алқасының, нотариаттық палатасының, жеке сот орындаушылары палатасының және заң консультанттары палатасының өкілдері қатысады.

08 октября 2026
Онлайн-семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 06 қазанында Zoom платформасы арқылы «Казпатент» зияткерлік меншік институты ұйымдастырған зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған онлайн-семинар өтті.
Іс-шараға облыстардан Әділет департаментінің, сондай-ақ эфирлік және кабельдік хабар тарту ұйымдарының өкілдері қатысты.
Семинар барысында зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау, оларды пайдалану кезінде заң талаптарын сақтау, сондай-ақ шарт жасасудың құқықтық бағыттары бойынша ауқымды көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру және қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру.

08 октября 2026
Тікелей эфир өткізілді

2026 жылғы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында «Онлайн-жәрмеңке» форматында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша тікелей эфир өткізілді. Тікелей эфир барысында мынадай салалар бойынша ақпарат берілді:
- азаматтық хал актілерін тіркеу;
- жылжымайтын мүлікті тіркеу;
- коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеу;
- ресми құжаттарға апостиль қою;
- нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау.

06 октября 2026
Хабарландыру!

2026 жылғы 7 қазанда сағат 10:00-де Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында «Онлайн-жәрмеңке» форматында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша тікелей эфир өткізіледі. Тікелей эфир барысында мынадай салалар бойынша ақпарат беріледі:
- азаматтық хал актілерін тіркеу;
- жылжымайтын мүлікті тіркеу;
- коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеу;
- ресми құжаттарға апостиль қою;
- нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы