«Заң және тәртіп» тақырыбында жастармен кездесу өтті

«Заң және тәртіп» тақырыбында жастармен кездесу өтті

Бүгін Өскемен қаласында жастар орталығында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті, Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті, Шығыс Қазақстан облысының Экономикалық тергеу департаментімен бірлесе «Заң және тәртіп» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу мақсаты: жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үндеу, құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздіктің алдын алу, қоғамда Заң мен Тәртіп үстемдігін насихаттау. Осы арқылы жастарды құқықбұзушылық кеселдерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Қатысушылар маңызды сұрақтарға жауаптар мен пайдалы ақпарат алды.