
«Адал көмек» волонтерлік жобасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы «Волонтер жылы» деп жариялауына сәйкес «Семей қаласының ауданаралық Әділет басқармасы» РММ мамандары 2020 жылғы 13 тамызда ZOOM бейне-аудиозвонкалардың корпоративтік сервисі арқылы кеңес берілді.
Аталған жобаның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету болды.
Жүгінген азаматтарға заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және АХАТ мәселелері бойынша кеңестер берілді.
ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі