Хабарландыру

Хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ағымдағы жылдың 04 желтоқсанда азаматтарға құқық консультациялар беру мақсатында
«Тегін заң көмегін көрсету» акциясы өткізілетіні туралы хабарлайды.

Өтетін орны: Өскемен қаласы, Виноградов көшесі, 17А, "ДОС-НАР" сауда павильоны.
Уақыты: сағат 11:00.

Акцияға Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, адвокаттар алқасының, нотариаттық палатасының, жеке сот орындаушылар палатасының және заң консультанттары палатасының өкілдері қатысады.

Барлық сұрақтар бойынша Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің 8 (7232) 70-41-55 нөміріне хабарласуға болады.