
21 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің басшысы Нұрғали Андасовтың төрағалығымен, құрылымдық және аумақтық бөлімшелер басшыларының қатысуымен 2020 жылдың 1 жартыжылдығының жұмысын қорытындылау бойынша онлайн форматта алқа отырысы өткізілді.
Басшының орынбасарлары - Ермек Қорабаев пен Айдын Әмірханов, сондай-ақ жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша құрылымдық басқарма басшылары баяндама жасады.
2020 жылдың 1 жартыжылдығының жұмысын қорытындылай келе, Департамент басшысы Нұрғали Андасов департаменттің және құрылымдық басқармаларының алдында тұрған 2020 жылдың екінші жартыжылдығына арналған негізгі міндеттерді белгіледі.
ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі