"Ашық есік күні" акциясы

"Ашық есік күні" акциясы

2023 жылдың 14 маусымында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен С.Аманжолов атындағы мемлекеттік университетінің заң факультетінің студенттеріне арналған «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

Тікелей сұхбат форматында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшылығымен әділет органдарының негізгі бағыттары мен міндеттері туралы түсіндірілді. Студенттер мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сот орындаушыларының негізгі жұмыстарымен танысып, сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.