Халықпен кездесу өткізілді

Халықпен кездесу өткізілді

Ағымдағы жылдың 24 наурызында,  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс қазақстан облыстық филиалының ғимаратында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің қызметкерлерімен «Неке қиюға арыз беру сұрақтары, оның ішінде онлайн форматта арыз беру және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін түсіндіру  бойынша халықпен кездесу өткізілді.  

Іс-шараның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан республикасының Заң нормаларын түсіндіру болып табылады.

Кездесу барысында, халыққа қажетті кеңестер беріліп, қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.