Жұмыс кеңесін өткізілді

Жұмыс кеңесін өткізілді

              03.02.2023 жылы ШҚО Әділет департаменті ШҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Р.Б.Какишеваның, ШҚО Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы С.С.Абдрахмановтың, облыстың жеке сот орындаушыларының,  ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық сот орындаушыларының қатысуымен ҚР Жоғарғы Соты  іс-әрекеттерге (әрекетсіздік)  дау айту туралы істерді қараудың сот практикасын талдауды талқылауға қатысты жұмыс кеңесін өткізді.  

           Жұмыс кеңесінің мақсаты:

-  талданатын істер санаттары бойынша бірыңғай сот практикасын әзірлеу;

- көрсетілген істер санаттары бойынша заңнаманы жетілдіру ұсыныстарын әзірлеу және бірыңғай практиканы қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдау;

-  талданатын істер санаттары бойынша талап-арыздар санын қысқарту.

Өткізілген кеңес барысында «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына АППК шеңберінде сот тәртібімен шағымдануға жататын атқарушылық іс-қимылдардың тізбесін белгілеу туралы өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы мәселе қаралды.