Кездесу өткізілді

Кездесу өткізілді

6 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментіне Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаментінің директоры Дархан Игембаев жұмыс сапарымен келді.

Кездесу барысында Дархан Игембаев атқарушылық іс жүргізу саласындағы қолданыстағы заңнаманы өзгертуге қатысты өзекті мәселелерді қозғады, сондай-ақ осы Заңның негізгі тұжырымдамалық нормалары түсіндірілді.

Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, адвокаттар алқасының, нотариаттық палатаның, заң консультанттары палатасының және сот сараптамалары институтының өкілдерімен ашық форматта диалог жүргізілді, адвокаттық қызмет және заң көмегі саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша пікірлер мен ұсыныстар тыңдалды.

Соңында Дархан Игембаев  кездесуге қатысқандарға жемісті жұмыс тіледі.

 

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі