Онлайн-режимде құқықтық кеңестер

Онлайн-режимде құқықтық кеңестер

21 қыркүйекте «Адал көмек» жобасы аясында Тарбағатай ауданаралық әділет басқармасымен аудан нотариустарының қатысуымен ZOOM бейне және аудио бағдарламасы арқылы халыққа онлайн-режимде құқықтық кеңестер берілді.

Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ мәселелерді шешуде халыққа заңгерлік көмек көрсету болып табылады.

Семинар барысында әділет басқармасының мамандары заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы түсініктеме берді.

Соңында семинарға қатысушылардың қойған сұрақтарына жауаптар берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі