Меню

Страницы

Статья

Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру

Тіркеу қызметінің негізгі міндеттері мен функциялары:

 

           -   коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді жүзеге асыру;

-          мемлекеттік тіркеу, заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және тiзiлiмiн жүргiзу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру.

-          жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiн жүргiзу саласында мемлекеттiк реттеуді жүзеге асыру;

-          жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау;

-          азаматтық хал актілерін тіркеуге бақылауды жүзеге асыру және тиісті дерекқорлардының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

-          Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

-          Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру және қызметін реттеу;

-          мемлекеттiк нотариат кеңселерiнiң қызметiне басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалған нотариаттық әрекеттердiң заңдылығы мен мемлекеттiк және жекеше нотариустардың iс жүргiзу қағидаларын сақтауын бақылау;

-          Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру және қызметін реттеу;

-          адвокаттардың, нотариустардың, заң консультанттарының жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заңды көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;

-          мемлекет кепілдік берген көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;

-          аумақтық әділет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсетуі саласында заңдылықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша қызметіне басшылықты, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;

Дата публикации
09 марта 2022
Дата обновления
09 марта 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
12 октября 2026
2026 жылдың 9-айында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген іс-шаралар
Талдамалық мақала
24 сентября 2026
Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы