Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімі (бұдан әрі– Бөлім) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті» РММ (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім, аудандық, қалалық әділет басқармаларының заңды тұлғаларды тіркеу бойынша жұмыстарының қызметін үйлестіреді, аумақтық бөлімшелердің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша жұмыстарын ұйымдастырады, азаматтық хал актілерді тіркеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық және отбасы туралы» кодексін, Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Азаматтық процестік» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін, «Қазақстан Республикасы Жер кодексін, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы», «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Әділет органдары туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені қолданады.