2026 жылдың 9-айында
Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген іс-шаралар
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі аппарат басшысының 31.12.2025ж. №435н бұйрығымен бекітілген 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарын орындау барысында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен көптеген іс-шаралар өткізілді.
Ағымдағы жылдың 13 наурызда сыбайлас жемқорлықа қарсы күреске жұмылдыру, «Жемқорлық – індет, онымен күресу-міндет» қағидатын санаға енгізу мақсатында, Әділет департаментінің құқық түсіндіру және заңгерлік көмек көрсету бөлімінің қызметкерлерімен «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ-нің 10-сынып оқушыларына ақпараттық - түсіндіру дәрісі жүргізілді. https://www.instagram.com/p/DV0lg4ODKDJ/?img_index=1&igsh=MXh0ZWh4MnlvYnd2aQ==
2026 жылдың 13 наурызында «Жемқорлық – індет, онымен күресу-міндет» атты Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің қызметкерлерімен С.Аманжолов атындағы университетінің студенттері арасында ақпараттық семинар өткізілді.
https://www.instagram.com/reel/DV0pl8bjDT6/?igsh=MTl1cHh6dDhnbDlwNA==
Ағымдағы жылдың 17 наурызында Әділет департаментінің «Өскемен қаласының ауданарлық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының қызметкерлерімен «Жемқорлық – індет, онымен күресу-міндет» «Қазақстан-Американдық еркін университетінің» студенттерімен семинар өткізілді. https://www.instagram.com/p/DV_kwZRDDoR/?igsh=MXZ2aXdyemV6MzlhYQ==
Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі қызметкерлерімен С.Аманжолов атындағы университетінің студенттері арасында ақпараттық семинар өткізілді.
https://www.instagram.com/p/DdGwdILInyc/
Департаменттің қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі мен сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімімен 2026 жылдың 9-айына қолма-қол ақшаны бақылау шотынын аударымдарына мониторинг жүргізілді
Әділет департаментіне түскен жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарауы жағдайына мониторинг тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне тоқсан сайын жүргізіледі.
Департаменттің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімімен 2026 жылдың 9-айына атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұрудың, тоқтатудың, сондай-ақ олар бойынша ауыртпалықтарды алып тастаудың заңдылығы тұрғысынан мониторинг жүргізілді.
А.ж. 8 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысымен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының қатысуымен мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексі, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру семинары өтті.
2) Ағымдағы жылдың 27 тамызында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.К.Амирхановпен Департаменттің мемлекеттік әкімшілік қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтегі шектеулер, оның ішінде құмар ойындарға шектеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
А.ж. 15 мамырында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілінің төралығымен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің қызметкерінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексі мен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру семинары өтті.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебін нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру.
Семинар барысында қызметтік тәртіпті сақтау, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары, қаржылық бақылау шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мүдделер қақтығысының алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, кемсітушілікке жол бермеу және әріптестер арасында өзара сыйластықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
2) 2026 жылғы 6 тамызда әкімшілік бөлімінің қызметкерлерімен Әдеп Кодексі талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
1) 2026 жылғы 15 қаңтарда 2025–2030 жылдарға арналған қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы, Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті өкілдерімен, заң қауымдастықтарының өкілдерімен, Қазақстан-Американдық еркін университетінің заң клиникасының жетекшісі мен студенттерінің қатысуымен «Құқықтық қамқорлық» атты акциясы өткізілді.
2) Ағымдағы жылдың 03 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен, облыстың заң қауымдастығымен бірлесіп, «Заң мен Тәртіп» нарративі аясында «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығында «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді.
3) Ағымдағы жылдың 14 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен, облыстың заң қауымдастығымен бірлесіп, «Заң мен Тәртіп» нарративі аясында «AMANAT» аудандық партиясының филиалында «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді.
4) 2026 жылғы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен Отбасы күні, Аналар күні және Әкелер күніне орай «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» КММ базасында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
5) 2026 жылғы 03 маусымында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті облыстың заң қоғамдастығы өкілдерімен бірлесіп, Алтай ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді
6) 2026 жылғы 04 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді.
7) Ағымдағы жылдың 10 маусымында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді
8) Ағымдағы жылдың 11 маусымда Шығыс Қазақстан облысының "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған орталығында «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді.
9) Ағымдағы жылдың 12 маусымында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.
10) Ағымдағы жылдың 15 маусымында Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментімен, облыстың заң қоғамдастығы, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі Шығыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдерінің қатысуымен "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Өскемен қаласының №3 бөлімінде «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді
11) Ағымдағы жылдың 18 маусымында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Шығыс Қазақстан облысының адвокаттар алқасының адвокаттарымен бірлесіп «Ана үйі» қоғамдық қорының «Ана Үйі» ресурстық орталығында «Тегін заң көмегін көрсету күні» акциясы аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға заң көмегін көрсетті.
12) 2026 жылғы 28 сәуірде Өскемен қаласының жаяу жүргіншілерге арналған «Арбат» көшесінде Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті ұйымдастырған «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
13) 2026 жылғы 28 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Ұлан аудандық орталық ауруханасында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
14) Ағымдағы жылдың 03 маусымында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің ғимаратында облыстың заңгерлік қоғамдастығымен бірлесіп «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
15) Ағымдағы жылдың 09 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің ғимаратында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
16) Ағымдағы жылдың 19 маусымында Шығыс Қазақстаноблысы Әділет департаментінің ғимаратында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
17) Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде облыс орталығында – Республика алаңында «Тегін заң көмегі» акциясы ұйымдастырылды.
18) 2026 жылғы 31 шілдеде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында «Әділет кеңес береді» акциясы ұйымдастырылды.
19) 2026 жылғы 31 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен, Полиция департаментімен және Заң қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен Өскемен қаласының жаяу жүргіншілер көшесі «Арбатта» «Әділет кеңес береді» атты акциясы өткізілді.
20) Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде «Ашық есік күні» өткізіліп, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Бизнес және құқық» жоғарғы мектебі «Құқық» кафедрасының студенттері қатысты.
21) 2026 жылғы 23 қыркүйекте Өскемен қаласының жаяу жүргіншілерге арналған «Арбат» көшесінде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сот сараптамалары институтының, «Әділет» партиясының, құқық қорғау органдарының және заң қоғамдастығының өкілдерімен бірлесіп, «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді.
1) Ағымдағы жылдың 16 маусымында «Алтай» телеарнасының «Алтай таңы» бағдарламасында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі А.Амирханов «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қатынасты қалыптастыру, қоғамдағы құқықтық нигилизмді жою» тақырыбында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша сұхбат берді.
2) Риддер қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының бөлім басшысы-аға сот орындаушысы Р.Манапованың «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қатынасты қалыптастыру, қоғамдағы құқықтық нигилизмді жою» туралы мақаласы жарияланды.
3)2026 жылғы 18 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі А.Амирханов «Online Radio Altainews» радиосының тікелей эфирінде сөз сөйледі.
Тікелей эфир барысында Департамент қызметінің өзекті мәселелері, құқықтық түсіндіру жұмысының негізгі аспектілері, Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы "Құқық кабинеттерінің" қызметі туралы, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарының сақталу мәселелері қамтылды.
4) Сыбайлас жемқорлық – теріс әсер атты құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімімен инстаграммда мақала жарияланды.
5) 2026 жылғы 14 тамызда зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің қызметкері «Микс» радиосында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға бағытталған, қоғамдағы құқықтық нигилизмді жою» тақырыбында сөз сөйледі.
6) А.ж. 28 қыркүйегінде сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Ф.Слямова «Микс» радиосында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, мемлекеттік қызметтегі шектеулер бойынша сөз сөйледі.
А.ж. 19 маусымында Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және олардың жолын кесу жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №24 мекемесіне баруын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – заң бұзған адамдардың қандай жағдайда ұсталатынын көрсету, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру және сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу.
Іс-шараға қатысушылар қылмыстық заңнаманы бұзды деген күдікпен ұсталған адамдардың ұстау жағдайларымен танысып, тергеу изоляторының камералары мен серуендеу алаңдарын аралады.
Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшылығы мұндай іс-шаралар тиімді профилактикалық құрал болып табылады және мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға ықпал етеді деп есептейді.
ШҚО Әділет департаменті
Басшысы орынбасарының м.а.,
Әдеп жөніндегі өкілі Ф.Слямова