МЕМОРАНДУМ
«Шығыс - адалдық алаңы» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және заңгерлік көмек көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті, Шығыс Қазақстан облысының адвокаттар алқасы және Шығыс Қазақстан облысының Нотариалдық палатасы арасындағы өзара ынтымақтастығы бойынша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті, Шығыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасы және Шығыс Қазақстан облысы Нотариалдық палатасы бұдан әрі - «Тараптар», Қазақстан Республикасының Конституциясын басшылыққа алып, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы стратегиялық бағдарламалық құжаттарды орындау үшін, «Шығыс – адалдық алаңы» жобасын сапалы жүзеге асыру мақсатында,
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясында көрсетілген міндеттер мен мақсаттарды, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен мүлдем төзбеушілік жөніндегі экономикалық ынтымақтастық ұйымының ұсынымдарын, сонымен қатар «Шығыс – адалдық алаңы» жобасының Миссиясын өзінің құзырлығы мен уәкілеттігі шегінде НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,
Сыбайлас жемқорлық экономикалық қауіпсіздікті бұзушы, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер болып табылатынына және еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының тежеуіші екеніне КЕЛІСЕ ОТЫРЫП,
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік атмосферасына жету маңыздылығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы –іс-шараларды күшейту қажеттілігін, негізгі тірек сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық пайда болуының алдын алудың маңыздылығын ТҮСІНЕ ОТЫРЫП келесі Меморандум жасалды:
1 бап
Осы Меморандумның мәні Меморандуммен белгіленген үйлестірілген іс-әрекет болып табылады.
2 бап
Тараптар ынтымақтастықты келесі жолдармен жүзеге асырады:
3 бап
Осы Меморандумды орындау мақсатында Тараптар өзара ынтымақтастықтың келесі салаларын белгілейді:
- тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтарға заңгерлік көмек пен нотариалдық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету жолымен жайлы жағдайлар жасау;
- қоғамдық бақылауды жүзеге асыру және әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асырудың бір формасы ретінде кешенді әлеуметтік заңгерлік көмек (pro bono) көрсету;
- қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша бірлескен ұсыныстарды даярлау;
- кез келген Тараптар ұйымдастыратын Тараптардың өкілдері қатысуымен тиісті методикалық семинарлар, конференциялар және басқа да іс-шараларда Тараптардың жинақталған іс-тәжірибесі және білімдерімен өзара алмасу ;
- өздерінің іс-әрекеттері шеңберінде Тараптардың алдын ала келісімімен ынтымақтастықтың басқа да түрлері;
4 бап
Тараптар тоқсанына бір реттен кем емес Тараптардың өкілдері қатысуымен осы Меморандумның орындалуын талқылау, оған қажет болса өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кездесу өткізуге келіседі.
5 бап
Осы Меморандумның ережелерін қолдану мен түсіндіру кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда Тараптар кеңестер мен келіссөздер ұйымдастыру жолымен шешеді.
6 бап
Осы Меморандум Тараптармен қол қойылған күннен бастап күшіне және қолданысқа енгізіледі.
7 бап
Меморандум белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың біреуі екінші жақ Тарапқа Меморандумның күшін тоқтату туралы өз пікірін жазбаша хабарлама жібергенше қолданыста болады.
Бұл жағдайда Меморандум күші Тараптардың біреуі тиісті жазбаша хабарлама жолдаған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткен соң тоқтатылған болып есептеледі.
Меморандум Өскемен қаласында 2019 жылдың «__ » сәуірінде мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалынған.
Тараптар қолдары:
|
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы ______________Ж.Қабдолдақызы
|
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының м.а.
_______________Б.Әл-Сейіт |
|
Шығыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының президиум төрайымы
_______________Б.Ахметжанова
|
Шығыс Қазақстан облысы Нотариалдық палатасының төрайымы
_______________К.Халелова |