Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңг қызметін көрсету бөлімінің 2021 жылдың 9 айында және 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңг қызметін көрсету бөлімінің

2021 жылдың 9 айында және 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда атқарған жұмыстары туралы

АҚПАРАТ

Адвокаттық қызмет бойынша

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде облыс көлеміндегі адвокаттардың жалпы саны 429 (2020ж. - 432) құрайды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3 адвокатқа төмендеу байқалады.

1 аумақтық адвокаттар алқасы, заң консультациялары – 5 (2020ж. - 5), адвокаттық кеңселер - 4 (2020ж.- 4) жұмыс істейді.

Облыс адвокаттарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) 30 шағым және өтініш келіп түсті (2020ж.-21), оның ішінде 3 өтініш бойынша адвокаттар алқасы мүшелігінен шығуға байланысты қараусыз қалдырылды, 4 өтініш бойынша өтініш иелеріне заң көмегі көрсетілмеген, 12 өтініш қанағаттандырусыз қалдырылды, ҚР ҰҚК МСОГ ұсынысы бойынша 1 ескерту шығарылды, 1 өтініш бойынша бұрын қаралуына байланысты қараусыз қалдырылды, 8 өтініш бойынша түсіндіру берілді және 1 өтініш қарау барысында.

Есептік кезеңде лицензиялары қолданысы тоқтатылған адвокаттар жоқ (2020ж. - 0), тоқтатыла тұрған - 0 (2020ж. -0).

Адвокаттарға қатысты 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қылмыстық істер қозғалған жоқ (2020ж. - 0).

Облыс соттары адвокаттарға қатысты 3 жеке ұйғарым шығарды (2020ж. – 2). 2 адвокатқа қатысты сөгіс түріндегі және қатысты ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды, бір жеке ұйғарым қарау сатысында.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша

Департамент 286 адвокатпен кепілдендірілген заң көмегін көрсету туралы келісім жасады, оның 125-і электрондық форматта және 161-і қағаз форматта (2020ж.-175).

005 "Адвокаттармен заң көмегін көрсету" бюджеттік бағдарламасы бойынша 147 421 000 (2020ж. – 147 421 000) теңге бөлінді, 75 661 100 (81 565 000) игерілді.

"005" бюджеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде соттар, тергеу және анықтау органдары 6143 (2020ж. – 7641) қаулы шығарды, оның ішінде: қылмыстық істер бойынша - 5893 (2020ж. – 7330), азаматтық істер бойынша - 171 (2020ж. – 207), әкімшілік 73 (2020ж. - 102), консультациялар - 6 (2020ж. – 2).

Заңда көзделген жағдайларда тегін заң көмегі көрсетілген азаматтар саны - 6143 (2020ж. - 7641).

         Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 31.12.2019 жылғы №635 бұйрығымен бекітілген 2020 – 2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардың 2.3 - тармағына сәйкес азаматтардың білікті заң көмегін және тіркеу қызметтерін алу құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету көзделген. Жоспарға сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге тартылған адвокаттардың үлесі 2021 жылы – облыс адвокаттарының жалпы санының 64,1% (2020 ж. - 63,9%) құрайды.

         Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысының аумағында - 429 (2020ж. - 432) адвокат адвокаттық қызметті жүзеге асырады, Департаментпен  облыстың 286 адвокатымен кепілдендірілген заң көмегін көрсету туралы келісімдер жасалды. Жоспардың 2.3 мақсат индикаторына қол жеткізу 66,6% - ды құрайды.

Нотариаттық қызмет бойынша

Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша облыс нотариустарының жалпы саны – 274 (2020ж. - 284) құрайды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 нотариусқа аз.

Есепті кезеңде облыстың жекеше нотариустары 75 867 216 теңге сомасына 186 448 нотариаттық іс - әрекет жасады (2020 ж. - 416692).

Жыл басынан бері нотариустардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) 41 шағым және өтініш келіп түсті (2020 ж. - 18), оның ішінде 1 өтініш негізделген. Нотариусқа қатысты нотариаттық палатаға жекеше нотариусты тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жіберілді. Тәртіптік комиссияның шешімімен сөгіс түріндегі жаза қолданылды.

         Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап 6 нотариустың лицензиялары тоқтатыла тұрды.

         Нотариаттық қызметпен айналысуға лицензияның қолданылуы 2 нотариусқа тоқтатылды– қайтыс болуына байланысты (2020 ж. – 0).

         Есептік кезеңде жасалатын нотариаттық іс - әрекеттердің заңдылығы және нотариаттық іс жүргізу қағидаларының сақталуы тұрғысынан 8 (2020ж. - 8) жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Қарау нәтижелері бойынша 1 жекеше нотариус сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

         Облыс соттары ағымдағы жылдың 9 айында облыс нотариустарына қатысты 4 жеке ұйғарым шығарды (2020 ж. - 2).

         Соттарға нотариаттық мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы 4 талап арыз келіп түсті, оның ішінде: қанағаттандырылды - 2 (2020ж. – 0).

         Мемлекеттік қызметтер

         Ағымдағы жылдың 9 айында Аттестаттау комиссиясының 6 отырысы өткізілді (2020ж. - 2), оның ішінде - 3 адвокаттық қызметпен айналысуға (2020ж. - 1) және 3 (2020ж. - 1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына.

         Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына барлығы 70 өтініш берілді (2020ж. - 38), 55 үміткер қатысты (2020ж. - 34), 38 үміткер аттестаттаудан өтпеді (2020ж. - 21) және 17 (2020ж. - 13) аттестатталды.

         Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 40 өтініш келіп түсті (2020ж. - 10), 34 үміткер қатысты (2020ж. - 7), олардың 25 - і аттестаттаудан өтпеді (2020ж. - 2) және 9-ы аттестаттаудан өтті (2020ж. - 5).

         Есептік кезеңде өтініштерді қабылдау, нотариустардың мөрлерін тіркеу және мөр беру мемлекеттік қызметке сәйкес 4 өтініш қабылданды (2020ж. – 1). Өтініштер уақытылы қаралып, мөрлер дайындалып, Әділет департаментінде тіркеуден өтті. 

         Әкімшілік тәжірибе

         Ағымдағы жылдың 9 айында Әділет департаментіне ҚР ӘҚБтК - нің 668-бабы бойынша (адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенің заңды қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіру, олардың кәсіби міндеттерін жүзеге асыру үшін талап етілетін қажетті құжаттарды, материалдарды немесе мәліметтерді жазбаша сұрау салу бойынша заңнамада белгіленген мерзімдерде ұсынбаудан не ұсынудан бас тарту) адвокаттардың 6 шағымы мен өтініші келіп түсті (2020ж. - 4).

Құқықтық түсіндіру бойынша

Әділет органдары Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шараларға маңызды назар аударады.

Мәселен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін 61 іс-шара өткізді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Президент Жолдауын түсіндіру бойынша іс-шаралар басталды.

Департамент тұрақты негізде мемлекеттің жетекші бағдарламалары бойынша медиа-жоспарлар, іс-шаралар жоспарларын, сөз сөйлеу кестелерін әзірледі.

"Құқықтық мәдениет" арнайы жобасының тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес Департаментпен 71 іс-шара өткізілді.

Ағымдағы жылдың 9 айында халыққа 184 құқықтық кеңес беру, заң көмегін көрсету бойынша, оның ішінде нотариаттық және Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша 134 іс-шара өткізілді.

Сапалы орындау және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету және азаматтардың сенімін арттыру мақсатында Департаменттің ресми ресурсында және әлеуметтік желілерде 313 ақпарат орналастырылған.

Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту және тәрбиелеу мақсатында әділет органдары 2021 жылдың 9 айында барлығы 996 (2020 ж. - 941) іс-шара ұйымдастырды және өткізді, оның ішінде: баспа басылымдарында, электрондық БАҚ-та - 39 (2020ж. - 76), ТВ - 15 (2020 ж. – 4), радио - 26 (2020ж.-15), мемлекеттік органдардың интернет – ресурстарында (веб– сайттарда) - 313 (2020ж. - 243), дөңгелек үстелдер, дәрістер, семинарлар, тренингтер - 547 (2020ж. – 510), баспасөз конференциялары, брифингтер - 2 (2020ж.– 17), ақпараттық топтардың шығуы - 21 (2020ж.– 32), оның ішінде: ауылдық аймақтарда әділет органдары қызметінің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша "Ашық есік күні" - 33 (2020ж.– 17) өткізілді.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі

 

 

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңг қызметін көрсету бөлімінің 2021 жылдың 9 айында және 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ
Дата публикации
21 октября 2021