Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2021 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және этикалық нормаларын сақтау бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

 

Шығыс Қазақстан облысының  Әділет департаментінің  2021 жылдың  9 айында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және этикалық нормаларын сақтау бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат  

2021 жылдың 9 айында Департаменттің ауданаралық әділет басқармалырымен және аумақтық бөлімдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы 49 іс-шара өткізілді, оның ішінде: 29 семинар,  2 дөнгелек үстел, 6 отырыс, 10 дәріс оқылды, ақпараттық насихатту тобымен 2 кездесу өткізілді.

Облыс бойынша этикалық нормаларды сақтау бойынша 22 іс-шара өткізілді, оның ішінде:  11 семинар,  5  отырыс, 2 дөнгелек үстел, 4 дәріс оқылды.

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен  өткізілген іс-шара:

Семинарлар: 

  1. 2021 жылдың 01 қаңтарынды ШҚО Әділет департаментінің құрылымдық, ауданаралық басқармалары, аумақтақ бөлімше басшыларының, ведомстволық ұйымдар өкілдірі  және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша Департаментінің алдын-алу және парасаттылық басқармасының басшысы Р. Набиевтың қатысуымен онлайн режимде Қазақстан Республикасының «Кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын түсіндіру, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаментінің 2020 жылы әділет органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларға жасалған талдауымен танысу және орындау үшін. Әдеп жөніндегі кодексінің талаптарын қатан сақтау бойынша сөз сөйлеу, қызмет және еңбек тәртібі туралы семинар өткізілді.
  2. 2021 жылдың 17 наурызында құрылымдық, ауданаралық әділет басқармалары, сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімше басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша   департаментінің,  қарамағындағылар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін, басшыларға қатысты қолданған шаралары туралы шешімін қарау,    мемлекеттік қызметшілердің әдеп  нормаларын сақтауы, сондай-ақ еңбек қызметін орындау, қызметтік   тәртібін сақтау және жұмыс кестесін қатаң сақтау  барысында  семинар      өткізілді.
  3. 2021 жылдың 06 сәуірде ШҚО ӘД-нің әдеп жөніндегі уәкілі Б.Әл-Сейітпен Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен және инспекторлармен Әдеп кодексінің талаптарын, еңбек, қызметтік тәртіпті сақтау бойынша семинар өткізілді.
  4. 2021 жылдың 31 мамырында ШҚО Әділет департаментінің құрылымдық, ауданаралық басқармалары, аумақтақ бөлімше басшыларының «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы Медиа орталығы» РҚБ ШҚО бойынша филиалының басшысы Е.Березинская-Абилованың қатысуымен онлайн режимде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар тақырыпта семинар өткізілді.

«Шығыс Адалдық Алаңы» және «ANTIKOR LIVE»:          

  1. 2021 жылдың 13 қаңтарында  «ШығысАдалдықАлаңы» жобалық кеңсесінде азаматтарды қабылдау өткізілді, жүгінген тұлғаларға зангерлік кеңес берілді.
  2. 2021 жылдың 19 қаңтарында   Департамент басшысының орынбасары Е. Корабаев «Адалдық Алаңы» республикалық жобасының жұмыс қорытындысы бойынша онлайн семинарға қатысты.    
  3. 2021 жылдың 27 қаңтарында  «ШығысАдалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде әдеп жөніндегі уәкілімен азаматтарды қабылдау өткізілді, ЖШС-ні мемлекеттік тіркеу сұрақтар бойынша кеңес берілді.
  4. 2021 жылдың 09 ақпанында  Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің   «Шығыс Адалдық Алаңы» жобасы аясында, «ANTIKOR LIVE» алаңында Өскемен қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Фархат Жилибаевпен бірлесіп тікелей эфирде мүлік иелерінің бірлестігін мемлекеттік тіркеу тәртібі, бірлестіктің және жай серіктестіктін қызметі түсіндірілді (Алтай ТД репортаж түсірілді, электронды түрде ютуб және иснтаграмға орналастырылды).
  5. 2021 жылдың 19 мамырында  Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде азаматтарды қабылдау өткізілді, азаматтарға заң кеңес берілді.
  6. 2021 жылдың 23 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде азаматтарды қабылдау өткізілетіні туралы ақпарат әлеуметтік жүйелеріне жарияланды.
  7. 2021 жылдың 09 қырқүйегінде  Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде азаматтарды қабылдау өткізілетіні туралы ақпарат әлеуметтік жүйелеріне жарияланды.
  8. 2021 жылдың 16 қырқүйегінде  Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде азаматтарды қабылдау күн тәртібімен «Рудный Алтай» облыстық газетіне хабарлама жарияланды.
  9. 2021 жылдың 23 қырқүйегінде Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің «ANTIKOR LIVE» алаңында, Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2021 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткізілген іс-шаралар туралы кездесү өткізілді.

ТД көріністер:

  1. 2021 жылдың 23 қаңтарында «ШҚО Әділет департаментінің «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде азаматтарды қабылдау туралы КТК телеарнасында жүгіртпе жолда хабарлама;
  2. 2021 жылдың 09 ақпанында «Алтай ТВ» телеарнасында басшы орынбасары Б.Әл-Сейітпен МИБ мемлекеттік тіркеудің тәртібі түсіндірілді;
  3. 2021 жылдың 24 тамызында «Алтай ТВ» телеарнасында ШҚО ӘД-нің қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бойынша тікелей эфир.

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі кеңестің отырысы: 

2021 жылдың 26 наурызда, 29 маусымда, 24 қырқүйекте Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді.

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау:

2021 жылдың 08-18 маусым аралығында атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлім қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Газет басылымдары:

2021 жылдың 28 тамызында «Рудный Алтай» облыстық газетіне Коррупция (понятие, ответственность, противодействие коррупции) тақырыпта  дәріс жарияланды.

«Нұр Отан» партиясының ШҚО филиалында іс-шаралар:

26.05.2021ж. «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облысының филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта тікелей эфир өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен 2021 жылдың  9 айында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және этикалық нормаларын сақтау бойынша барлығы 22 іс-шара өткізілді. 

2021 жылдың 6 айында әдеп жөніндегі уәкіліне 1 өтініш түсті.    

 Әкімшілік-құқықтық бөлімі

Дата публикации
08 октября 2021