Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және тіркеу бөлімінің 2021 жылдың 1 жартыжылдықта жүргізілген жұмыстары туралы АҚПАРАТ

1.Заңды тұлғаларды тіркеу жұмыстары бойынша 

Тіркеу әрекеттері бойынша мәліметтер:

2021 жылдың 1 жарты жылдығында  «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорының мәліметтеріне сай облыстың тіркеу органдарына әр түрлі тіркеулерге 1752 (2020 жыл аралығында 998) өтініш келіп түсті. Өтініштер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 1198 (521-2020 жыл) және тікелей тіркеу органы арқылы 547 (473-2020 жыл) келіп түскен. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 7 (2020 жыл-4 өтініш) өтініш электронды түрде өнделген.

 

Қаралған және тіркеу жүргізілген құжаттар бойынша мәліметтер:

1 жартыжылдық  көлемінде 1752 құжат қаралды, олардың қолданыстағы заңға сәйкестігіне қарау қорытындысы бойынша 1354 тіркеуден өтті,  537 бас тарту бұйрықтары шығарылды (мемлекеттік қызметтер бойынша -399).

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу фактілері аңықталған жоқ.

Әкімшілік іс тәжірибесі бойынша

2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 466-бабы бойынша ШҚО ӘД, қалалық, аудандық әділет басқармаларымен жалпы 7 (2020 ж.- 5) заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, қаралған. (№1 кесте)

 

Кесте №1

 

Ауданаралық ӘБ атауы

Қозғалған әкімшілік іс саны 2021 жылдың  1 жартыжылдығында 

Қозғалған әкімшілік іс саны 2020 жылдың  1 жартыжылдығында 

Алтай ауданаралық Әділет басқармасы

3 (ескерту)

2 (ескерту)

Семей қаласының ауданаралық Әділет басқармасы

2 (ескерту)

2 (ескерту)

Үржар ауданаралық Әділет басқармасы

1 (ескерту)

0

ШҚО Әділет Департаменті

1(ескерту)

1

Тарбағатай ауданаралық Әділет басқармасы

0

0

Шемонаиха ауданаралық Әділет басқармасы

0

0

Барлығы:

7 (ескерту)

5 (ескерту)

 

Жоғарыдағы кестеге сәйкес Үржар, Шемонаиха ауданаралық әділет басқармаларымен 2021 жылдың жарты жылдығында ҚР ӘҚБтК 466 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық істер қозғалған жоқ.

 

 

Азаматтық істер бойынша

2021 жылдың басынан бастап азаматтық істер заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша қозғалмаған.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жүргізілген түсіндіру шараларының саны -122 (73-2020 жыл).

 

Ауданаралық ӘБ атауы

Мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша құқық түсіндіру жұмыстарының саны

Ақпараттандыруды кеңейту саны (қамтылу саны)

Алтай ауданаралық Әділет басқармасы

21

179

Семей қаласының ауданаралық Әділет басқармасы

27

336

Үржар ауданаралық Әділет басқармасы

21

172

Шемонаиха ауданаралық Әділет басқармасы

14

61

Тарбағатай ауданаралық Әділет басқармасы

9

29

Барлығы:

92

777

 

Ең жоғарғы көрсеткіш Алтай, Семей, Үржар ауданарлық әділет басқармаларында.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында, мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша, соның ішінде бас тарту бұйрықтарының санын азайту мақсатында, ШҚО ӘД және аудандық (қалалық) Әділет басқармаларымен тұрақты түрде (ай сайын, қажет болған жағдайда) семинарлары өткізілді.

2021 жылдың жарты жылдығында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен «Азаматтарға арналаған үкімет» МК-ның қызметкерлерімен бірнеше мәрте оқыту –семинарлары онлайн түрінде өткізілді. Облыс кәсіпкерлерінің қатысуымен заңды тұлғаларды тіркеу сұрақтары бойынша  семинар  өткізілді.

Өскемен қаласының тұрғын-үй қатынастары бөлімімен Мүліктің меншік иелерінің бірлестіктерін тіркеу сұрақтары бойынша меморандум жасалып, халыққа құқық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді және орындалу үстінде.

 «Нұр-Отан» Партиясы мен бірлесіп, Мүліктің меншік иелерінің бірлестіктерін тіркеу бойынша халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

2021 жылдың жарты жылдығында коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғалар «Көкпекті-Астық» ЖШС және «Береке-Шамгунов»АӨК қатысты аз. Батыров Е.М. және Шамгуновтың шағымдары қаралып, тексеру жүргізілді, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 152 бабына сай:  тексеру нәтижелері туралы акт;

бұзушылықтар анықталған жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалды.

2021 жылдың 2 тоқсанында коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға «АК-ой» ЖШС-не қатысты аз. Батыров Е.М. шағымы қаралып, тексеру жүргізілді, нәтижелері ШҚО «Азаматтарға арналаған үкімет» МК-на жолданды.

 

 

  1. жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша

 

 

Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына 28.05.2018 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2018 жылдың 30 шілдесінен бастап жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуші орган – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша

Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 460 бабына сәйкес, басқармаларымен жалпы  8   (2020 ж. -24) әкімшілік іс қозғалып, оның ішінде 7  жеке тұлғаларға, 1 заңды тұлғаға.

         Барлық істеріне ескерту түрінде жаза қабылданды. (2020 ж. – 3 ісіне 119 295 тенге көлемінде айыппұл салынды, 21 іс бойынша ескерту шығарылды).    

Айтакететін жайт, 2021 ж. 26 қаңтарында, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Енді, жана заңға сәйкес азаматтар жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл төлемейді.

Тағы бір жаңа енгізілім, жергілікті атқарушы органдар жылжымайтын мүлік объектісінің бұзылғанын растайтын құжаттарды беретін болады.

 

№

ӘБ атауы

жеке тұлға

заңды тұлға

жалпы істердің саны

айып

пұлдың саны, соммасы

ескертулер

айып

пұлдың саны, соммасы

ескертулер

айып

пұлдың саны, соммасы

ескертулер

1

 Семей қ.

-

-

-

-

-

-

2

Алтай ауданы

-

4

-

1

-

5

3

Тарбағатай ауданы

-

-

-

-

-

-

4

Үржар ауданы

-

3

-

-

-

3

5

Шамонаиха ауданы

-

-

-

-

-

-

6

ШҚО ӘД

-

-

-

-

-

-

 

Түскен шағымдар мен арыздар.

         Ағымдағы жылдың басынан бастап әділет департаментіне Әділет министрлігінің кеңсесі арқылы 6 өтініш пен шағым түсті.

         «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің тіркеуден бас тарту туралы әрекеттеріне «Кар-Тел» ЖШС өкілі Е.Т. Барманқұловтың шағымы. 2021 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты антенна-діңгек құрылыстарын немесе бөтен жер учаскесінде ұялы байланыс жабдығына арналған тіректерді тіркеуге жол беріледі. Көрсетілген кезеңге дейін Мемлекеттік корпорация қызметкерлері негізделген бас тартулар шығарды. Қазіргі уақытта тіркеу жүргізілді.

         Н.П.Аркуштың Бородулиха ауданының жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімі қызметкерлерінің іс-әрекетіне, сот актісін тіркеуден бас тартуға шағымы. Шағым негізсіз болып табылады, өйткені өтініш беруші объектінің техникалық паспортын дайындамады.

         Кесичи А. - ның Семей қаласының Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімі қызметкерлерінің тыйым салуға қатысты әрекеттеріне –өтініші.

         ҚР Президенті Әкімшілігінің кеңсесі арқылы саяжай кооперативіндегі жер учаскесін басып алу бойынша келіп түскен Е.Т. Копытованың шағымы. Дәлелдерді тексеру кезінде шағымның негізсіз екендігі анықталды, сонымен қатар бұл мәселе сотта қаралатын мәселе болды, онда Е.Т. Копытованың өкіліне талап-арызының талаптары қанағаттандырудан бас тартты, ШҚ облыстық сотының апелляциялық алқасының қаулысымен шешім өзгеріссіз қалды.

         Келесі, сот актісін тіркеу бойынша жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Семей қаласы бөлімі қызметкерлерінің әрекетіне Е.Т.Кухареваның шағымы. Шағымда көрсетілген дәлелдерді тексеру кезінде сот актісін тіркеу тәртібі бұзылғандығы анықталды, алайда тексеру барысында аталған бұзушылықтар жойылды.

         Семей қаласының Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімі қызметкерлерінің әрекеттеріне сот актісін тіркеуге қатысты Ж.Т.Рыскелдиновтың шағымы. Шағым ішінара негізделген болып табылады.

         Сот актілері негізінде туындайтын объектілерді тіркеу тәртібі бұзылған.

         Мемлекеттік корпорация қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселелерді қарау Әділет департаментінің құзыретіне жатпайтынын атап өту қажет, себебі жазалау туралы мәселені шешу «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалы құрылымдық бөлімшесінің басшылығымен қаралады.

         Осыған байланысты, Әділет департаментімен Семей қаласының бөлім басшысын тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша мәселені қарау туралы жазбаша тапсырма жолданды, себебі шағымдардың басым бөлігі аталған бөлімшеге тиесілі. Тәртіптік комиссияның 2021 жылғы 20 мамырдағы хаттамасымен бөлім басшысы Е.А. Назарбековке -онымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы шешім шығарылды.

         Баяндалғанның негізінде, Әділет департаменті Семей қаласы бөлімінің бэк офисінің және фронт офисінің қызметкерлерімен, құқықтары сот актілері негізінде туындайтын жылжымайтын мүлік объектілеріне тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде заңнаманы қатаң сақтау бөлігінде оқыту семинарын өткізді.      

         2020 жылдың ұқсас мерзімінде 2 арыз келіпп түсті, олар:  Отрагалиева К., Үржар аудандық әділет басқармасының қызметкерлеріне қатысты, И.П.Антонованың ауырталықты уақытында тіркелмегені туралы арызы. Барлығы негізін таппады.

 

Құқық түсіндіру жұмыстары бойынша.

            Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы аумақтық органдарымен  құқық түсіндіру жұмыстарының шеңберінде 2021 жылдың 6 айында,  ХҚКО қызметкерлері, кәсіпкерлердің, мемлекеттік органдардың өкілдерімен,  1  дөңгелек үстел  ұйымдастырылды.

         34 семинар,  ХҚКО қызметкерлері және кәсіпкерлері мен 3  акция, 3 радио да сөз сөйлегені, 5  кеңес берілді.

            Облыстың  аумақтық баспа басылымдарында және әділет органдарының ақпараттық сайттарында  жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы реформаларды түсіндіретін   12 мақала жарияланды, 9 арнаулы дәріс өқылды.

№

ӘБ атауы

мақала

дәріс

дөнгелек үстел

веб-сайт

акция

семинар

кездесу

раодиода сөз сөйлеу

1

Алтай

3

2

 

5

 

7

 

 

2

Семей қ.

5

 

1

5

2

4

4

3

3

Тарбағатай

1

6

 

 

 

3

 

 

4

Шемонаиха

 

1

 

 

 

3

 

 

5

Үржар

 

 

 

 

 

13

 

 

6

ӘД

 

 

 

2

1

4

 

 

 

барлығы

12

9

1

12

3

34

4

3

 

 

 

  1. Азаматтық хал актілерін тіркеу бағыты бойынша

 

Ағымдағы  жылдың 1-ші жартыжылдығында АХАТ бағыты  бойынша  облыстағы   жергілікті атқарушы органдарының 2020 жылға арналған азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыру бойынша  жұмысына талдау жасалынды. Азаматтық  хал актілерін тіркеу  заңдылығына бақылау жүргізу бойынша  жұмыстар  жүргізіліп, оның нәтижесі облыстағы қалалық және аудандық әкімдерінің мекен жайына «АХАТ ТП» ақпараттық жүйесінде тіркелген акт  жазбаларына  тексеру  жүргізілгені  туралы ақпараттар  жіберілді. Ресми құжаттарға апостиль қою бойынша жұмыс тәжірибесіне 2 қорытынды-талдама дайындалды. «ZOOM» платформасы арқылы аумақтық жергілікті атқарушы  органдарының АХАТ мамандарымен облыстық семинар-кеңес өткізілді. Ресми  құжаттарға апостиль  қою, сондай-ақ осы мемлекеттік  көрсетілетін қызметті уақытылы  және сапалы көрсету мәселесі бойынша Мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен 3 семинар  өткізілді.

Облыстың тіркеуші органдарымен ағымдағы  жылда  барлығы 24.347 бастапқы акт  жазбалары  тіркелді. /2020ж. – 23.167 аха/

 

Уақыт кезеңі

Туу туралы

қайтыс болу

неке қию

неке бұзу

ТАӘ ауыстыру

1-ші жартыжылдық 2020ж

10988

7092

2954

1075

302

1-ші жартыжылдық 2021г

11002

7992

4020

884

449

+(-)

+14

+900

+1066

-191

+147

 

Есептік мерзім кезінде ресми құжаттарға апостиль қою бойынша  барлығы  588  мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы 525 құжат, электронды түрде - 63 құжат келіп түсті. Сыртқы істер министрлігі арқылы орындауға 36 құжат келіп түсті. Көрсетілген қызметтің жалпы санына 10-нан бас тартылды.

АХАТ бағыты  бойынша АХАТ мамандарымен  2540 сұраныстар мен  өтініштер  орындалды,  оның  ішінде  халықаралық   Конвенциялар бойынша да бар. 2019 жылы түптеуден өткен азаматтық хал актілерінің 135 кітабы өңделді. 

Есептік мерзім кезінде Банкнот фабрикасынан туу туралы 10.000  елтаңбалы куәлік бланкілері алынды. Бланкілер жылдың соңына дейін  қажеттілігіне орай және 2022жылдың бірінші тоқсанын ескере отырып, аймақтарға бөлінді.

Әділет департаментінің сайтына АХАТ саласының мамандарымен 4 құқықтүсіндіру бойынша мақала жарияланған:

  1. ҚРӘМ пилоттық жобасын іске асыру мақсатында  мемлекеттік қызмет алуда «әділет органдары мен басқа да мемлекеттік органдардан    сондай-ақ ҚР нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға  Е – апостиль платформасы арқылы электронды түрде апостиль  қою.
  2. Азаматтығы жоқтардың тууын тіркеу және азайтуды қамтамасыз ету саласындағы жалпыға бірдей   меморандум туралы.
  3. Аумақтық тіркеуші органдарымен «Балаларды қорғау күнін» мерекелеуге арналған қайырымдылық акцияларын өткізу.
  4. «Феникс» Даму және бейімдеу орталығы қоғамдық бірлестігімен бірлескен меморандумды жүзеге асыру шеңберінде «Отбасылық зорлық – зомбылық қа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық ынтымақтастық» тақырыбындағы семинарда  АХАТ бөлімінің  қатысуы туралы.

ТҚСӘҚ және ББ

Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және тіркеу бөлімінің 2021 жылдың 1 жартыжылдықта жүргізілген жұмыстары туралы АҚПАРАТ
Дата публикации
03 июля 2021