Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2021 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2021 жылдың 6 айында Департаменттің ауданаралық әділет басқармалырымен және аумақтық бөлімдерімен облыс бойынша этикалық нормаларды сақтау бойынша 21 іс-шара өткізілді, оның ішінде:  10 семинар,  5 отырыс, 2 дөнгелек үстел, 4 дәріс оқылды.

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілімен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, болдырмау және этикалық нормаларын сақтау бойынша 12  іс-шара өткізілді:

  1. 2021 жылдың 21 қаңтарда ШҚО Әділет департаментінің құрылымдық, ауданаралық басқармалары, аумақтақ бөлімше басшыларының, ведомстволық ұйымдар өкілдірі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша Департаментінің алдын-алу және парасаттылық басқармасының басшысы Р. Набиевтың қатысуымен онлайн режимде Қазақстан Республикасының «Кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын түсіндіру, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаментінің 2020 жылы әділет органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларға жасалған талдауымен танысу және орындау үшін. Әдеп жөніндегі кодексінің талаптарын қатан сақтау бойынша сөз сөйлеу, қызмет және еңбек тәртібі туралы семинар өткізілді.
  2. 2021 жылдың 27 қаңтарда «ШығысАдалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде әдеп жөніндегі уәкілімен азаматтарды қабылдау өткізілді, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу сұрақтар бойынша кеңес берілді.
  3. 2021 жылдың 09 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Шығыс Адалдық Алаңы» жобасы аясында, «ANTIKOR LIVE» алаңында Өскемен қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысымен бірлесіп тікелей эфирде мүлік иелерінің бірлестігін мемлекеттік тіркеу тәртібі, бірлестіктің және жай серіктестіктін қызметі түсіндірілді.
  4. 2021 жылдың 09 ақпанда Алтай теледидарында мүлік иелерінің бірлестігін мемлекеттік тіркеу тәртібі, бірлестіктің және жай серіктестіктін қызметі бойынша сұхбат берілді.
  5. 2021 жылдың 12 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің қызметінің барслық бағыттары бойынша «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
  6. 2021 жылдың 17 наурызында құрылымдық, ауданаралық әділет басқармалары, сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімше           басшыларының қатысуымен   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша   департаментінің,  қарамағындағылар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін, басшыларға қатысты қолданған шаралары туралы шешімін қарау,    мемлекеттік қызметшілердің әдеп  нормаларын сақтауы, сондай-ақ еңбек қызметін орындау, қызметтік  тәртібін сақтау және жұмыс кестесін қатаң сақтау  барысында  семинар      өткізілді.
  7. 2021 жылдың 26 наурызында ШҚО ӘД-ті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді.
  8. 2021 жылдың 06 сәуірде ШҚО ӘД-нің әдеп жөніндегі уәкілі Б.Әл-Сейітпен Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен және инспекторлармен Әдеп кодексінің талаптарын, еңбек, қызметтік тәртіпті сақтау бойынша семинар өткізілді.
  9. 2021 жылдың 26 мамырында «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облысының филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта тікелей эфир өткізілді.
  10. 2021 жылдың 31 мамырында ШҚО Әділет департаментінің құрылымдық, ауданаралық басқармалары, аумақтақ бөлімше басшыларының «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы Медиа орталығы» РҚБ ШҚО бойынша филиалының басшысы Е.Березинская-Абилованың қатысуымен онлайн режимде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар тақырыпта семинар өткізілді.
  11. 2021 жылдың 08-18 маусым аралығында атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің қызметініне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
  12. 2021 жылдың 29 маусымда ШҚО ӘД-ті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді.

 

 

        

          ШҚО Әділет департаментінің

          Әдеп жөніндегі уәкілі                                                         Б. Әл-Сейіт

 

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2021 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Дата публикации
03 июля 2021