Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті зияткерлік меншік құқығы бөлімімен және ауданаралық әділет басқармаларымен 2021 жылдың 2-ші тоқсанда келесі жұмыстар жүргізілді: 2021жылдың 2-ші тоқсанында барлығы 148 іс-шара (2020ж.2-ші тоқсаны-119), оның ішінде: газет - 10 (2020ж.2 тоқсаны -6), дөнгелек үстел - 14 (2020ж.2 тоқсаны - 15), семинарлар – 25 (2020ж.2 тоқсаны - 29), теледидар мен радио –8 (2020ж.2 тоқсаны - 2), дәріс – 38 (2020ж.2 тоқсаны – 36), интернет ресурс, веб сайт – 53 (2020ж.2 тоқсаны -31) ( мәліметер артуымен).
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығымен Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізілді (орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтатсын).
Аталған Жарлығына сәйкес есептік уақытта кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізілген жоқ (2020ж. 1 тексеру орта кәсіпкерлік субъектісі бойынша).
Жұмыста пайдалану үшін ауданаралық әділет басқармаларына зияткерлік меншік мәселелері бойынша әдістемелік материалдар ҚР ӘБК-нің 158 б. қолдану туралы әзірленіп ұсынылды.
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ауданаралық әділет басқармаларымен зияткерлік меншік құқығы бойынша жүргізілген құқықтүсіндіру жұмыстары бойынша талдау жүргізіліп ауданаралық әділет басқармаларына орындау және жұмыс бабында пайдалану үшін жолданды.
2020 жылдың 02 қыркүйекте ШҚО ӘД ШҚО кәсіпкерлік Палатасының арасында зияткерлік меншікті қорғау және сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасында хабардарлықты арттыру бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Барлық жүргізіліп жатқан іс-шаралар меморандум аясын қамтыды.
Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінің 2021ж. 2-ші тоқсанның жоспары толығымен аяқталды.
2021 жылғы 12 мен 30 мамыр аралығында «Контрафакт» республикалық акциясының шеңберінде, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбында үздік сүрет пен үздік ұранға конкурстар ұйымдастырылды.
Үздік ұранға арналған республикалық байкау, байқауға қатысушының жеке аккаунтарында Іnstagram әлеуметтік желісінің сайтына ұранды орналастыру арқылы өткізілді.
Осы байқауға қатысушылардың 109-ы арасында, «Таза өнім-таза өмір» ұраны ең жаксы деп танылды, оның авторы - Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Зиянур Мейрленқызы Қайратова.
Ағымды жылдың 2-ші тоқсанында бөлімде барлығы 36 кіріс құжат тіркелді, оның ішінде 1 өтініш «Астра-Ломбард» ЖШС келіп түсті, жүгінген занды тұлғаға ҚР заңнамасына сәйкес жауабы жолданды.
2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында зияткерлік меншік құқығы бөліміне 8 өтініш келіп түсті, оның 6-ы зияткерлік меншік құқығын қорғау барысында, басқа мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардан 2 өтініш.
Сарапшылардың әрекеттеріне 5 арыз түскен, барлық өтінімдер Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот сараптамасы институтына жолданды.
Зияткерлік меншік құқығы бөлімі