2021 жылдың 1 тоқсанында тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жүргізілген жұмыстары туралы Ақпарат

Заңды тұлғаларды  тіркеу жұмыстары

Тіркеу әрекеттері:

2021 жылдың 1 тоқсанында «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорының мәліметтеріне сай облыстың тіркеу органдарына әр түрлі тіркеулерге 1266 өтініш келіп түсті. Өтініштер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 966 өтініш және тікелей тіркеу органы арқылы 297  келіп түскен. «Электрондық үкімет» веб порталы арқылы 3 өтініш электронды түрде келіп түскен.

Қаралған және тіркеу жүргізілген құжаттар:

1 тоқсан көлемінде 1266  құжат қаралды, олардың қолданыстағы заңға сәйкестігіне қарау қорытындысы бойынша 1059 тіркеуден өтті, 356 (мемлекеттік қызмет бойынша бас тарту -282) бас тарту бұйрықтары шығарылды. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу фактілері анықталған жоқ.

 

Әкімшілік іс тәжірибесі:

           2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 466-бабы бойынша ШҚО ӘД, қалалық, аудандық әділет басқармаларымен жалпы  6 (2020 ж.- 2) заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, қаралған. (№1 кесте)

Кесте №1

Ауданаралық ӘБ атауы

Қозғалған әкімшілік іс саны 1 тоқсан  2021 жылы

1 тоқсан  2020 жыл

Алтай ауданаралық Әділет басқармасы

3 (ескерту)

1 (ескерту)

Семей қаласының ауданаралық Әділет басқармасы

2 (ескерту)

1 (ескерту)

Үржар ауданаралық Әділет басқармасы

1 (ескерту)

0

ШҚО Әділет Департаменті

0

0

Тарбағатай ауданаралық Әділет басқармасы

0

0

Шемонаиха ауданаралық Әділет басқармасы

0

0

Барлығы:

6 (ескерту)

2 (ескерту)

 

Жоғарыдағы кестеге сәйкес ШҚО ӘД, Үржар, Шемонаиха ауданаралық әділет басқармаларымен 2021 жылдың 1 тоқсанында ҚР ӘҚБтК 466 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық істер қозғалған жоқ.

 

Азаматтық істер:

       2021 жылдың басынан бастап  азаматтық істер заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша қозғалмаған.

      

Құқық түсіндіру жұмыстары:

Заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жүргізілген түсіндіру іс-шараларының саны – 48 (2020 ж.- 47) .

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында ақпараттандыруды кеңейту саны –  290  (2020 ж.- 406) адамды қамтыды.

 

 

Ауданаралық ӘБ атауы

Мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша құқық түсіндіру жұмыстарының саны

Ақпараттандыруды кеңейту саны (қамтылу саны)

Алтай ауданаралық Әділет басқармасы

15

70

Семей қаласының ауданаралық Әділет басқармасы

12

115

Үржар ауданаралық Әділет басқармасы

8

60

Шемонаиха ауданаралық Әділет басқармасы

7

25

Тарбағатай ауданаралық Әділет басқармасы

6

20

Барлығы:

48

290

 

Ең жоғарғы көрсеткіш Алтай, Семей, Үржар ауданарлық әділет басқармаларында.

1 тоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен «Азаматтарға арналаған үкімет» МК-ның қызметкерлерімен бірнеше мәрте оқыту –семинарлары онлайн түрінде өткізілді.

Өскемен қаласының тұрғын-үй қатынастары бөлімімен Мүліктің меншік иелерінің бірлестіктерін тіркеу сұрақтары бойынша меморандум жасалып, халыққа құқық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді және орындалу үстінде.

Заңды тұлғалар тіркеу саласында коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК-ның қызметкерлерімен оқыту семинарлары өткізілді.

«Нұр-Отан» Партиясы мен бірлесіп, Мүліктің меншік иелерінің бірлестіктерін тіркеу бойынша халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

2021 жылдың 1 тоқсанында коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғалар «Көкпекті-Астық» ЖШС және «Береке-Шамгунов»АӨК қатысты аз. Батыров Е.М. және Шамгуновтың шағымдары қаралып, тексеру жүргізілді.

 

  1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша

Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына 28.05.2018 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2018 жылдың 30 шілдесінен бастап жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуші орган – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша                                                        

          Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 460 бабына сәйкес, басқармаларымен жалпы  8   (2020 ж. -24) әкімшілік іс қозғалып, оның ішінде 7  жеке тұлғаларға, 1 заңды тұлғаға.

         Барлық істеріне ескерту түрінде жаза қабылданды. (2020 ж. – 3 ісіне 119 295 тенге көлемінде айыппұл салынды, 21 іс бойынша ескерту шығарылды).    

Айтакететін жайт, 2021 ж. 26 қаңтарында, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Енді, жана заңға сәйкес азаматтар жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл төлемейді.

Тағы бір жаңа енгізілім, жергілікті атқарушы органдар жылжымайтын мүлік объектісінің бұзылғанын растайтын құжаттарды беретін болады.

Сондай-ақ қатысушы жарғылық капиталдағы үлесін иеліктен шығарған кезде шаруашылық серіктестікті қайта тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі белгіленді.

 

№

ӘБ атауы

жеке тұлға

заңды тұлға

жалпы істердің саны

айып

пұлдың саны, соммасы

ескертулер

айып

пұлдың саны, соммасы

ескертулер

айып

пұлдың саны, соммасы

ескертулер

1

 Семей қ.

-

-

-

-

-

-

2

Алтай ауданы

-

4

-

1

-

5

3

Тарбағатай ауданы

-

-

-

-

-

-

4

Үржар ауданы

-

3

-

-

-

3

5

Шамонаиха ауданы

-

-

-

-

-

-

6

ШҚО ӘД

-

-

-

-

-

-

 

Түскен шағымдар мен арыздар.

Ағымдағы жылдың басынан Әділет департаментіне  Әділет министрлігінің кеңсесінен «Кар-Тел» ЖШС өкілі Е.Т.Барманкуловтың Мемкорпорация қызметкарлерінің тіркеуден бас тарту туралы іс-әрекетіне 1 өтініш  келіп түскен. 2021 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты антенналық-діңгекті құрылыстарды және басқа жер учаскесінде ұялы байланыс жабдығына арналған тіректерді тіркеуге жол берген.  Көрсетілген кезеңге дейін Мемкорпорацияның қызметкерлері негізделген бас татртулар шығарды. Қазіргі уақытта тіркеу жүргізілді.

2020 жылдың ұқсас мерзімінде 2 арыз келіпп түсті, олар:  Отрагалиева К., Үржар аудандық әділет басқармасының қызметкерлеріне қатысты, И.П.Антонованың ауырталықты уақытында тіркелмегені туралы арызы. Барлығы негізін таппады. 

Құқық түсіндіру жұмыстары бойынша.

            Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы аумақтық органдарымен  құқық түсіндіру жұмыстарының шеңберінде 2021 жылдың 1 тоқсанында,  ХҚКО қызметкерлері, кәсіпкерлердің, мемлекеттік органдардың өкілдерімен,  1  дөңгелек үстел  ұйымдастырылды.         25 семинар,  ХҚКО қызметкерлері және кәсіпкерлері мен 1  акция, 1 радио да сөз сөйлегені, 4  кеңес берілді.

               Облыстың  аумақтық баспа басылымдарында және әділет органдарының ақпараттық сайттарында  жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы реформаларды түсіндіретін   10 мақала жарияланды, 8 арнаулы дәріс өқылды.

№

ӘБ атауы

мақала

дәріс

дөнгелек үстел

веб-сайт

акция

семинар

кездесу

раодиода сөз сөйлеу

1

Алтай

1

1

 

5

 

6

 

 

2

Семей қ.

5

 

1

5

1

3

4

1

3

Тарбағатай

1

6

 

 

 

 

 

 

4

Шемонаиха

 

1

 

 

 

3

 

 

5

Үржар

 

 

 

 

 

10

 

 

6

ӘД

 

 

 

1

1

1

 

 

 

барлығы

7

8

1

11

2

23

4

1

 

  1. АХАТ бағыты бойынша

 

Ағымдағы  жылдың 1-тоқсанында АХАТ бағыты  бойынша  облыстағы   жергілікті атқарушы органдарының 2020 жылға арналған азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыру бойынша  жұмысына талдау жасалынды. Азаматтық  хал актілерін тіркеу  заңдылығына бақылау жүргізу бойынша  жұмыстар  жүргізіліп, оның нәтижесі облыстағы қалалық және аудандық әкімдерінің мекен жайына «АХАТ ТП» ақпараттық жүйесінде тіркелген акт  жазбаларына  тексеру  жүргізілгені  туралы ақпарат  жіберілді. Ресми құжаттарқа апостиль қою бойынша жұмыс тәжірибесіне қорытынды-талдама дайындалды. «ZOOM» платформасы арқылы аумақтық жергілікті атқарушы  органдарының АХАТ мамандарымен облыстық семинар-кеңес өткізілді. Ресми  құжаттарға апостиль  қою, сондай-ақ осы мемлекеттік  көрсетілетін қызметті уақытылы  және сапалы көрсету мәселесі бойынша Мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен 2 семинар  өткізілді.

Облыстың тіркеуші органдарымен ағымдағы  жылда  барлығы 11.471 бастапқы акт  жазбалары  тіркелді. /2020ж. – 12.247 аха/

 

Уақыт кезеңі

туу

 

қайтыс болу

неке қию

неке бұзу

ТАӘ ауыстыру

2020г

5324

3509

1770

823

214

2021г

5126

3801

1948

376

220

+(-)

-198

+292

+178

-447

+6

 

Есептік мерзім кезінде ресми құжаттарға апостиль қою бойынша  барлығы  230  мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы 201 құжат, электронды форматта - 29 құжат келіп түсті. Сыртқы істер министрлігі арқылы орындауға 13 құжат келіп түсті. Көрсетілген қызметтің жалпы санына 5-нен бас тартылды.

АХАТ бағыты  бойынша   АХАТ мамандарымен  1470 сұраныстар мен  өтініштер  орындалды,  оның  ішінде  халықаралық   Конвенциялар бойынша да бар. 2019 жылы түптеуден өткен азаматтық хал актілерінің 80 кітабы өңделді. 

Есептік мерзім кезінде Банкнот фабрикасынан туу туралы 10.000  елтаңбалы куәлік бланкілері алынды. Басқа түрдегі бланкілердің түсуі күтілуде.  Бланкілер түскеннен кейін өнірлер бойынша жылдық қажеттілікті және 2022жылғы 1-ші тоқсанды ескере отырып бөлінетін болады.

ОМОиКРС

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 мая 2021