Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2021 жылдың 1 тоқсанында жергілікті мемлекеттік басқару органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша атқарылған жұмыстары туралы анықтама

2021  жылдың 1 тоқсанында   нормативтік құқықтық актілерді  (бұдан әрі - НҚА) тіркеу жұмысы жөніндегі мәліметтер төмендегідей болады:

         НҚА мемлекеттік  тіркеу  бойынша:

         - 235 акті  тіркеуге түсті;

         - 195  НҚА тіркелді;

         -  НҚА тіркеуден бас тартылған жоқ;

         - тіркеусіз кері қайтарылғандар жоқ;

         - 4 НҚА  жергілікті мемлекеттік  органдарының  сұраныстары бойынша сұратылған.

2021  жылдың  1-  тоқсанында  келісуге барлығы   642 жоба түсіп, 384 жоба келісілді, пысықтау үшін 166 жоба қайта жолданды, мемлекеттік органдармен қайтарылып алынған  34  жоба,  58 жоба сараптама барысында.

Әділет Министрлігіне 2020 жылдың есептік кезеңінде құқықтық сараптамаға  актілер жіберілген жоқ.

2021 жылдың  1- тоқсанында  әділет органдарында тіркелген  16 НҚА-ге  қатысты    1  прокурорлық қадағалау актісі   енгізілді.

Ұлан ауданы мәслихатының 2021 жылғы 25 қаңтардағы  шығыс № 95 хаты негізінде наразылықтар қаралу барысында.

2021  жылдың 1- тоқсанында   сот арқылы заңсыз деп танылған, мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілері болған жоқ.

2021 жылдың  1- тоқсанында   Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  Кодексі  бойынша  әкімшілік іс  қозғалған жоқ.

Департаментте мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруді қажет ететін барлығы  11 НҚА анықталып, тиісті жергілікті мемлекеттік басқару органдарына аталған актілерді қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестендіру туралы  8 НҚА  қатысты  8 ұсыныс,   3 НҚА  қатысты  3 ақпараттық хат   жолданды.

Нәтижесінде, бүгінгі күні 6 НҚА қаралып  4 НҚА өзгерістер енгізілді,  2 НҚА күші жойылды.

Қарау нәтижесі бойынша 1 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы  № 486 «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (әрі қарай-Қағида) сәйкес Департаментпен салыстыру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті атқарушы, өкілді органдарымен 2020 жылдың 4 тоқсанында қабылданған актілердің тізбелеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Зерделеу нәтижесінде мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілер анықталмады.

ҚР Әділет министрлігінің барлық бақылау тапсырмалары және алқа хаттамалары уақытылы орындалды.

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2021 жылдың 1 тоқсанында жергілікті мемлекеттік басқару органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша атқарылған жұмыстары туралы анықтама
Дата публикации
05 мая 2021