Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті зияткерлік меншік құқығы бөлімімен және ауданаралық әділет басқармаларымен 2021 жылдың 1-ші тоқсанда келесі жұмыстар жүргізілді: 2021жылдың 1-ші тоқсанында барлығы 66 іс-шара (2020ж.1 тоқсаны-101), оның ішінде: газет - 3 (2020ж.1 тоқсаны - 4), дөнгелек үстел - 7 (2020ж.1 тоқсаны - 14), семинарлар – 10 (2020ж.1 тоқсаны - 18), теледидар мен радио – 3 (2020ж.1 тоқсаны - 2), дәріс – 16 (2020ж.1 тоқсаны – 33), интернет ресурс, веб сайт – 27 (2020ж.1 тоқсаны -30).
Есептік уақытта кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізілген жоқ.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығымен Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізілді (орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтатсын).
Жұмыста пайдалану үшін ауданаралық әділет басқармаларына зияткерлік меншік мәселелері бойынша әдістемелік материалдар ҚР ӘБК-нің 158 б. қолдану туралы әзірленіп ұсынылды.
2020 жылдың 02 қыркүйекте ШҚО ӘД ШҚО кәсіпкерлік Палатасының арасында зияткерлік меншікті қорғау және сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасында хабардарлықты арттыру бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум бойынша келесі жұмыс атқарылды: кездесу -3, дөнгелек үстел -1, семинар -4, қалалық кәсіпкерлерге арналған тікелей эфир - 1, дәріс - 7, кеңес -2.
Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінің 2021ж. 1-ші тоқсанның жоспары толығымен аяқталды, тоқсан бойы зияткерлік меншік құқығын қорғау бойынша құқық түсіндіру жұмыстары атқарылды.
Сарапшылардың әрекеттеріне 5 арыз түскен, барлық өтінімдер Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот сараптамасы институтына жолданды.
Зияткерлік меншік құқығы бөлімі