Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімімен 2020 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Нотариат саласында

Есептік кезеңде нотариустардың саны барлығы – 283 (2020ж. – 284) құрайды, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1 нотариусқа аз.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында нотариустарға қатысты  жасалған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығы және нотариаттық іс жүргізу ережелерін сақтау мәніне 3 жоспардан тыс тексеру жүргізілді (2020 ж. – 3).

Есептік кезеңде облыс нотариустарының әрекеттері мен әрекетсіздіктеріне барлығы 12 өтініш келіп түсті (2020 ж. – 7) 3 өтініш бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, 1 өтініш кері қайтарылып алынды және 8 өтініштерге түсініктеме берілді.

Лицензиясының күші тоқтатылған нотариустар 1(2020 ж. - 1).

Лицензиялары тоқтатылған нотариустар жоқ (2020 ж. - 0).

Тәртіптік жауапкершілікке 1 нотариус (2020 ж. – 0) тартылды, әкімшілік жауапкершілікке тартылған нотариустар жоқ (2020 ж. – 0).

Есепті кезеңде 1 нотариусқа қатысты жеке ұйғарым шығарылды  (2020ж. - 1).

Облыс соттарына нотариаттық мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы 1 талап арыз түсті (2020ж.-0).

Мемлекеттік қызметтер саласында

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында бөліммен ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы №61 Бұйрығымен бекітілген "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес 2021 жылғы 9-11 наурыз аралығында аттестаттау комиссиясының 1 отырысы өткізілді.

Аттестаттауға барлығы 33 үміткерлерден өтініш қабылданды, оның ішінде 24 үміткер қатысты, олардың 6 аттестатталды және 18 аттестаттаудан өтпеді.

ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы № 62 Бұйрығымен бекітілген "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес ағымдағы жылғы 16-17 наурыз аралығында аттестаттау комиссиясының 1 отырысы өткізілді.

Аттестаттауға қатысуға үміткерлерден барлығы 20 өтініш қабылданды. Аттестаттау комиссиясының отырысына 15 үміткер қатысты, олардың 2-і аттестатталды және 13-і аттестаттаудан өтпеді.

2020 жылдың есепті кезеңінде аттестаттау комиссиясының отырыстары өткізілген жоқ.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 Бұйрығымен бекітілген "Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру" мемлекеттік қызмет көрсету Ережесіне сәйкес есепті кезеңде мөр дайындауға 1 өтініш (2020 ж. – 1) қабылданды.

Адвокатура саласында

Есепті кезеңде облыс адвокаттарының жалпы саны - 435 (2020 ж. – 436), бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 адвокатқа аз.

1 аумақтық адвокаттар алқасы, заң консультациялары – 5 (2020ж. - 12), адвокаттық кеңселер – 4 (2020ж. - 4) жұмыс істейді.

Облыс адвокаттарына қатысты шағымдар мен өтініштер саны - 11 (2020ж. – 10).

Есептік кезеңде лицензиялары тоқтатылған, тоқтатылған адвокаттар жоқ (2020 ж. - 0), адвокаттар тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған (2020 ж. - 0).

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша

Әділет департаменті 2021 жылға 168 адвокатпен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім жасады (2020 ж.– 172).

2021 жылға арналған қаржыландыру жоспары бойынша тегін заң көмегін көрсетуге республикалық бюджеттен 147 млн 421 мың теңге бөлінді (2020 жылы – 147 421 000).

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында игерілген сома 26 354,5 теңгені құрайды (2020 ж. - 26 854,9).

"005" бюджеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде соттар, тергеу және анықтау органдары 2162 (2020 ж. - 2676) қаулы шығарды, оның ішінде: қылмыстық – 2087 (2020 ж. - 2548), азаматтық – 55 (2020 ж. - 74), әкімшілік – 15 (2020 ж. - 53), құқықтық кеңес беру бойынша актілер саны – 5 (2020 ж. - 1).

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде заңда көзделген жағдайларда тегін заң көмегі көрсетілген азаматтардың саны - 2162 (2020 ж. - 2676) құрайды.

Құқықтық түсіндіру жұмысы бойынша

Әділет департаменті ағымдағы жылдың 2 қыркүйегіндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша іс-шараларға ерекше назар аударады.

Департамент тұрақты негізде мемлекеттің жетекші бағдарламалары бойынша медиа-жоспарлар, іс-шаралар жоспарларын, сөз сөйлеу кестелерін әзірлейді.

Департаменттің және басшының әлеуметтік желілеріндегі "Instagram", "ВКонтакте" және "Твиттер" парақшаларында заңнама түсіндірмелері, сондай-ақ өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат жарияланатынын атап өту қажет.

Сонымен, азаматтарды құқықтық мәдениет, құқықтық тәрбиелеу және тәрбиелеу деңгейін арттыру мақсатында әділет органдары 409 (2020 ж. – 475) іс-шараларды ұйымдастырды, оның ішінде: баспа, электронды БАҚ, әлеуметтік желілерде – 6 (2020 ж. – 9), теледидар – 3 (2020 ж. - 1), радио – 6 (2020 ж. – 9), мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында (веб-сайттарда) – 119 (2020 ж. – 126), дөңгелек үстелдер, дәрістер, семинарлар, тренингтер – 241 (2020 ж. – 274), баспасөз-конференциялар, брифингтер – 0 (2020 ж. – 2), ақпараттық топтар – 9 (2020 ж. – 27), 25 (2020 ж. – 12) – әділет органдарының, оның ішінде өңірлердің шалғайдағы ауылдық округтарында қызмет көрсетудің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша Әділет органдарының «Ашық есік күндері» өткізілді.

Құқықтық түсіндіру және халыққа

заңгерлік қызмет көрсету бөлімі

Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімімен 2020 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Дата публикации
05 мая 2021