2021 жылдың 1-ші тоқсанда Департаменттің ауданаралық әділет басқармалырымен және аумақтық бөлімдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы 22 іс-шара өткізілді, оның ішінде: семинар -16, дөнгелек үстел – 1, отырыс- 2, дәріс -2, кездесу, ИПГ - 1 оқылды.
Облыс бойынша этикалық нормаларды сақтау бойынша 9 іс-шара өткізілді, оның ішінде: семинар - 6, отырыс - 3.
Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен өткізілген іс-шара:
12.01.2021ж. «ШығысАдалдықАлаңы» жобалық кеңсесінде азаматтарды қабылдау туралы теледидарда жүгіртпе жолға хабарлама орналастырылды.
13.01.2021ж. «ШығысАдалдықАлаңы» жобалық кеңсесінде азаматтарды қабылдау өткізілді, жүгінген тұлғаларға зангерлік кеңес берілді.
19.01.2021ж. Департамент басшысының орынбасары Е. Корабаев «Адалдық Алаңы» республикалық проектісінің жұмыс қорытындысы бойынша онлайн семинарға қатысты.
Ағымды жылдың қаңтар айында ШҚО ӘД Әдеп жөніндегі уәкіліне өтініш түскен жоқ.
21.01.2021ж. ШҚО Әділет департаментінің құрылымдық, ауданаралық басқармалары, аумақтақ бөлімше басшыларының, ведомстволық ұйымдар өкілдірі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша Департаментінің алдын-алу және парасаттылық басқармасының басшысы Р. Набиевтың қатысуымен онлайн режимде Қазақстан Республикасының «Кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын түсіндіру, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаментінің 2020 жылы әділет органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларға жасалған талдауымен танысу және орындау үшін. Әдеп жөніндегі кодексінің талаптарын қатан сақтау бойынша сөз сөйлеу, қызмет және еңбек тәртібі туралы семинар өткізілді.
27.01.2021ж. «ШығысАдалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде әдеп жөніндегі уәкілімен азаматтарды қабылдау өткізілді, ЖШС-ні мемлекеттік тіркеу сұрақтар бойынша кеңес берілді.
09.02.2021ж. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Шығыс Адалдық Алаңы» жобасы аясында, «ANTIKOR LIVE» алаңында Өскемен қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Фархат Жилибаевпен бірлесіп тікелей эфирде мүлік иелерінің бірлестігін мемлекеттік тіркеу тәртібі, бірлестіктің және жай серіктестіктін қызметі түсіндірілді (Алтай ТД репортаж түсірілді, электронды түрде ютуб және иснтаграмға орналастырылды).
Ағымды жылдың ақпан айында ШҚО ӘД Әдеп жөніндегі уәкіліне өтініш түспеген.
2021 жылдың 03, 10, 17, 24 ақпанында «ШығысАдалдықАлаңы» жобалық кеңсесінің алаңында азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды, жүгінген азаматтар болған жоқ.
2021 жылдың 17 наурызында құрылымдық, ауданаралық әділет басқармалары, сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімше басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің, қарамағындағылар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін, басшыларға қатысты қолданған шаралары туралы шешімін қарау, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, сондай-ақ еңбек қызметін орындау, қызметтік тәртібін сақтау және жұмыс кестесін қатаң сақтау барысында семинар өткізілді.
17.03.2021ж. «Шығыс балдырған» ЖШС-нің директоры Ф.Оракбаевадан Департамент қызметкеріне этикалық емес мінез-құлығына өтініш түсті. Аталған факт бойынша 29.03.2021жылынан бастап қызметтік тексерү жүргізілүде.
2021 жылдың наурыз айында «ШығысАдалдықАлаңы» жобалық кеңсесінің алаңына жүгінген азаматтар болған жоқ.