Облыс бойынша этикалық нормаларды сақтау бойынша 51 іс-шара өткізілді, оның ішінде: 4 дөнгелек үстел, 7 отырыс, 20 семинар, 20 дәріспен әнгімелесу өтті.
2020 жылы Әдеп жөніндегі уәкіліне мемлекеттік қызметкерлерден, заңды және жеке тұлғалардан өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.
Жыл ішінде короновирустық инфекцияның таралу жағдайын ескере отырып, азаматтарды қабылдау негізінен телефон арқылы жүзеге асырылды, жүгінген адамдар болған жоқ.
2020 жылдың 12 айында Әдеп жөніндегі уәкілімен «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде 17 азамат қабылданды, барлығына заңгерлік кеңес берілді, 16 іс-шара өткізілді, вебсайтқа 15 дәріс жарияланды.
2020 жылдың 25 ақпанында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзғаны үшін, басшылардың жауапқа тартылатын және институт отставки алгоритмы түсіндірілді.
2020 жылдың 05 наурызында «НурОтан» партиясының облыстық филиалында азаматтарды қабылдауы жүргізілді.
2020 жылдың 16-19 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізілді.
01.07.2020ж. онлайн режимде Әділет департаментінің қызметкерлерімен және ауданаралық әділет басқармалардың, аумақтық бөлімдерінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау, мемлекеттік қызметкерлердің этикасын сақтау, қашықтықтан жұмыс атқару уақытында еңбек және атқарушылық тәртібін сақтау, COVID-19 пандемиясы туралы әлеуметтік жүйесінде пікірлерін талқылау бойынша семинар өткізілді.
2020 жылдың 19 шілде айында Департаменттің құрылымдық бөлімшелердің, ауданаралық басқармаларының және сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлім басшыларының қатысуымен «Қызметтік этиканы сақтау, сыбайлас жемқорлықтың, әкімшілік және басқа да құқықбұзушылықтардың алдын –алу бағытында және 2020 жылдың 1 жартыжылдығында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі» тақырыпта семинар өткізілді.
2020 жылғы 25 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша отырысы өткізілді. Күн тәртібінде «Ағымды жылдың Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінің «Шыгыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде облыстық «Шыгыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп өткізілген жұмыстары туралы» есебі тыңдалды.
Әділет департаменті басшысының м.а. Б.Әл-Сейіт Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Шыгыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде облыстық «Шыгыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп өткізілген жұмыстары туралы баяндама жасады.
2020 жылдың 15 қазанда «Шығыс Адалдық Алаңы» жобасы аясында «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы Медиа-орталығы» РҚБ-нің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалымен бірлесіп онлайн қатысушылар және іс-шараға қатысқан Өскемен қалалық пәтер иелері копперативтарының төрағаларына мүлік иелерінің бірлестігін мемлекеттік тіркеу тәртібі түсіндірілді.
16.10.2020ж. «Арна-Пресс» газетке «с КСК на ОСИ» тақырыпта мақала жарияланды.
30.07.2020 жылы және 15.12.2020жылы мемлекеттік қызметкер анонимдік сауалнамадан өтті (сауалнама ҚР ӘМ тапсырмасы бойынша жылында 2 рет өткізіледі). Ұжымдағы моралдік-психологиялық жағдай тұрақты, әдеп жөніндегі уәкіліне шағымдар түскен жоқ.
2020 жылдың 1-ші жартыжылдығында «Шемонаиха ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» бөлімінің басшысы-аға сот орындаушысы Р.Усюрбаев ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613 б. 4 т. бұзғаны үшін Әділет департаментінің тәртіптік комиссиясымен қаралып этикалық нормаларын сақтамау үшін қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жазаға тартылды, қазырғы таңда Р.Усюрбаев өз еркінімен жұмыстан босатылды.
Әділет департаментінде қала мен облыс тұрғындары әділет органдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша онлайн кеңес алу үшін R.nursadykova@adilet.gov.kz электронды адресі арқылы күнделікті хабарласуға мүмкіндіктері бар. Бұл хабарлама азаматтардың назарларына жеткізілген.