Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті зияткерлік меншік құқығы бөлімімен және ауданаралық әділет басқармаларымен 2020 жылда атқарылған жұмыстары:
Қазақстан Республикасының «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауардың шыққан жерлерінің атауы» заңына сәйкес Семей қаласының ауданаралық әділет басқармасымен
1 тексеріс өткізіліп құқық бұзушылық анықталды, айыппұлдың соммасы- 148 456 тенге (2019 ж.-24, айыппұлдың соммасы-1 199 375 тенге).
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығымен Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізілді (орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтатсын). Осыған байланысты тексеріс өткізу уақытша тоқтатылды, тексеруге арыздар түскен жоқ.
Қалалық аудандық басқармалармен келесі жұмыстар жүргізілді:
2020 жылда 236 (2019 ж-759) құқықтану мазмұнында іс-шаралар өтті, оның ішінде: газетке 14 (2019 ж.- 50) мақала жарияланды , 22 (2019 ж. -88) дөңгелек үстел өткізілді, 74 (2019 ж. -122) семинар, радио және теледидарға 6 (2019 ж. 20) сұхбат шықты, 55 дәріс (2019 ж. – 190) оқылды, веб сайтқа 65 (2019 ж. - 289) ақпарат жарияланды.
Зияткерлік меншік құқығы саласында онлайн кеңес пункті ашылған, электрондық мекен жайға 6 сұраныс түскен, барлықтарына жауап берілді.
Ауданаралық әділет басқармаларының зияткерлік меншік құқығы барысында атқарылған жұмыс туралы 2020 ж. 2, 3 тоқсанда талдау жасалып, ауданаралық әділет басқармаларына жұмысқа пайдалану үшін жолданды.
Сондай-ақ, жұмыста пайдалану үшін ауданаралық әділет басқармаларына зияткерлік меншік мәселелері бойынша әдістемелік материалдар әзірленіп ұсынылды.
2020 жылдың 02 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік Палатасының арасында зияткерлік меншікті қорғау және сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасында хабардарлықты арттыру бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум бойынша келесі жұмыс атқарылды: 5 кездесу, 1 дөнгелек үстел, 1 семинар, 1 вебинар, қалалық кәсіпкерлерге арналған 1 тікелей эфир, 3 дәріс оқылды, 2 кеңес берілді, Өскемен қалалық кәсіпкерлерге брошюралар таратылды.
Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінің жоспары толығымен аяқталды, жыл бойы құқық түсіндіру жұмыстары атқарылды, пандемияға байланысты, көптеген іс-шаралар әлеуметтік жүйелері арқылы жүргізілді.
Сарапшылардың әрекеттеріне 14 арыз түскен, барлық өтінімдер Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот сараптамасы институтына жолданды.
2020 жылда өткізілген 2020 жылмен салыстырған кезде іс-шаралардың азайғаны 19 әділет басқармаларынан 5 ауданаралық әділет басқармалары болуына, қызметкерлердің саны азайғанына, Қазақстан Республикасында 2020 жылдың наурыз айында төтенше жағдай жариялғандығына және бүгінгі күнге дейін халқының арасында коронавирустық инфекция ауруның таратылмау және алдын алу жөніндегі үшін карантинге байланысты.