Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Адвокаттық қызмет бойынша

Адвокаттардың жалпы саны 2020 жыл соңында - 442 (2019ж. - 445) құрады, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3 адвокатқа аз.

1 аумақтық адвокаттар алқасы, 5 заң консультациялары  (2019ж. - 14), 4 адвокаттық кеңселер жұмыс істейді (2019ж.- 3).

Есептік кезеңде облыстың адвокаттардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты барлығы – 30 шағым және өтініш келіп түсті (2019 ж. - 17), оның ішінде 1 өтініш кері қайтарып алынды, 5 өтініш бойынша түсініктемелер берілді, 4 өтініш қараусыз қалдырылды, 2 өтініші бойынша тәртіптік комиссияның шешімі бойынша бұзушылықтар болмауын ескеріп істер тоқтатылған, адвокаттар алқасы төралқасының шешімімен 6 өтініш бойынша қанағаттандыруға негіз жоқ, 9 өтініш бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартуға негіз жоқ, адвокаттар алқасы төралқасының шешімімен 2 өтініш бойынша тәртіптік комиссияға жіберу үшін негіздер жоқ, адвокаттар алқасы төралқасының шешімі бойынша 1 өтініш бойынша шарт-келісім талаптары толық көлемде орындалды.

Есептік кезеңде 1 адвокаттың лицензияның қолданысы (2019 ж. - 5) тоқтатылды, лицензиясының қолданысы уақытша тоқтатылған адвокаттар жоқ (2019 ж. -1).

Адвокаттарға қатысты қылмыстық істер 2020 жылы қозғалған жоқ (2019 ж. - 1).

Адвокаттарға қатысты соттармен 2 жеке ұйғарым шығарылған адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының қарау қорытындысы бойынша ескертулер шығарылды (2019 ж. - 2).

10.12.2020 жылы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаменті С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетімен бірлесе ZOOM платформасында Өскемен қаласының адвокаттары үшін "Адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу" тақырыбында семинар ұйымдастырды.

 

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша

 

Департамент 284 адвокатпен кепілдендірілген заң көмегін көрсету туралы келісім жасады (2019ж.-189).

005 "Адвокаттармен заң көмегін көрсету" бюджеттік бағдарламасы бойынша 147 421 000 (2019ж. - 143 986 000) теңге бөлінді, 105 421 000 (143 986 000) теңге игерілді.

"005" бюджеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде соттар, тергеу және анықтау органдары 9478 (2019 ж. – 13773) қаулы шығарды, оның ішінде: қылмыстық істер бойынша - 9118 (2019 ж. – 12848), азаматтық істер бойынша - 247 (2019 ж. – 383), әкімшілік істер бойынша - 111 (2019 ж. - 539), консультациялар бойынша - 2 (2019 ж. – 3).

Заңда көзделген жағдайларда тегін заң көмегі көрсетілген азаматтар саны - 9478 (2019ж. - 13773).

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 31.12.2019 жылғы №635 Бұйрығымен бекітілген 2020 – 2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардың 2.3-тармағына сәйкес азаматтардың білікті заң көмегін және тіркеу қызметтерін алу құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету көзделген.

Жоспарға сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге тартылған адвокаттардың үлесі 2020 жылы облыс адвокаттарының жалпы санынан 63,9% - ы көзделген.

Есепті кезеңдегі жағдай бойынша облыста өз қызметін жүзеге асыратын 442 адвокаттан Әділет департаменті 284 адвокатпен кепілдендірілген заң көмегін көрсету туралы келісім жасады, бұл 64,2% құрайды.

 

Заң консультанттары

 

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2 заң консультанттары палатасы тіркелген.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттары палатасы, төрағайымы А.Х. Аринова болып табылады, заңды мекенжайы Өскемен қаласы, Буров көшесі, 8-үй, НП 5. Есепті кезеңде Палата құрамына 195 заң консультанты кіреді.

2020 жылы осы палатаның заң консультанттарына қатысты 4 өтініш келіп түсті, оның 1-ін өтініш беруші кері қайтарып алды, 1 өтініш бойынша сөгіс жарияланды және 1 өтініш бойынша тәртіптік іс тоқтатылды, бұзушылықтар анықталған жоқ.

Шығыс Қазақстан облысының "Аманат" заң консультанттары палатасы, төрағасы О.Е. Қосаев, заңды мекенжайы Семей қаласы, Уранхаев көшесі, 60/1 үй, Палата құрамына 99 заң консультанты кіреді. Осы палатаның заң консультанттарына қатысты өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.

 

Нотариаттық қызмет бойынша

 

2020 жылдың соңына Шығыс Қазақстан облысы нотариустарының жалпы саны - 283 (2019ж.– 283).

Жекеше нотариустар жасаған нотариаттық іс – әрекеттер саны - 558720 (2019ж. - 668204), жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлғалары ағымдағы кезеңде 6120 нотариаттық іс-әрекет жасады.

Бір нотариусқа орташа айлық жүктеме - 46951 (2019ж. - 56907) нотариаттық іс-әрекет.

Нотариаттық қызметпен айналысуға 2 жекеше нотариустардың лицензияларының қолданысы тоқтатылды, сот шешімі бойынша лицензиясы айырылды - 0 (2019 ж. - 0).

Тәртіптік жауапкершілікке тартылған нотариустар саны - 0 (2019ж. – 4), "ескерту" - 0 (2019ж. – 3), мүшелікті тоқтата тұру – 0 (2019ж. - 1), "сөгіс" - 0, әкімшілік жауапкершілікке - 0 (2019ж.-0).

Жыл басынан бастап Әділет департаментіне нотариустардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты 27 арыз және өтініш орын алды.

27 өтініштен 3 өтініш кері қайтарылып алынды, 10 өтініш бойынша жазбаша түсініктемелер берілді, 1 өтініш бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабының 1-бөлігі 2-тармағы бойынша, яғни қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты қаулы шығарылды, 1 өтініш бойынша нотариустың әрекеттерінде заңнама талаптарын бұзушылықтар жоқ және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі нормаларының, "Нотариат туралы" Заңның, нотариустың ар-намыс Кодексінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттер жасау қағидаларының барлық талаптары сақталған.

12 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, тексеріс негізінде 9 арыз бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. 3 арыз негізделген деп танылды (2019 ж.-1). Нотариустардың іс-әрекеттеріне қатысты 2 негізді шағым бойынша нотариаттық палатаға ұсыныстар жолданды және тәртіптік комиссияның шешімі бойынша жекеше нотариустарға қатысты тәртіптік іс жүргізу тәртіптік комиссия Ережесінің 41-тармағының 5-тармақшасы және нотариустың жасаған теріс қылығының елеусіз болуы салдарынан жасалған шағымдардың қаралу тәртібі негізінде тоқтатылды, үшінші шағым бойынша Қазақстан Республикасы Әділет Вице-министрінің 02.07.2020 жылғы № 148 бұйрығымен лицензияның қолданылуы алты ай мерзімге тоқтатылды.

Соттарға 2  нотариаттық мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап арыз түсті (2019ж. – 0), оның ішінде: қанағаттандырылды - 2 (2019ж. - 0).

Нотариустарға қатысты шығарылған жеке ұйғарымдар - 2 (2019ж. – 2).

 

Мемлекеттік қызметтер

 

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен бекітілген нотариаттық қызмет мәселелері бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес нотариаттық қызметпен айналысу құқығына Әділет департаментінің Аттестаттау комиссиясының 1 отырысы өткізілді.

Белгісіз себептермен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттауға жіберілген 10 үміткердің ішінен 3 үміткер қатысқан жоқ. Аттестаттауға қатысқан 7 үміткердің ішінде 2 үміткер аттестатталмады және 5 үміткер аттестаттаудан өтті.

2020 жылғы 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығымен бекітілген Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттау комиссиясының 1 отырысы өтті.

Аттестаттауға жіберілген 38 үміткердің ішінен 34 үміткер қатысты, 21 үміткер аттестаттаудан өтпеді және 13 аттестатталды.

Есептік кезеңде "нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру" мемлекеттік қызметіне сәйкес мөр беруге 3 өтініш қабылданды. Барлық өтініштер қаралып, нотариустарға уақытылы мөр басылды.

 

 

Құқықтық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру саласында

Әділет органдары Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шараларға ерекше назар аударады.

Департамент тұрақты негізде мемлекеттің жетекші бағдарламалары бойынша медиа-жоспарлар, іс-шаралар жоспарларын, сөз сөйлеу кестелерін әзірлейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 26 тамыздағы жарлығымен "2020 жыл - Еріктілер жылы" деп жарияланды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрі М.Б. Бекетаев халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету жөніндегі жұмысқа ерікті-заңгерлерді тарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.

Әділет департаменті өз кезегінде ерікті заңгерлерді халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету бойынша жұмысқа тарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - жоспар) әзірлеп, бекітті және студент-еріктілер мен ерікті-заңгерлердің азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету кестесі әзірленді.

Іс-шаралар жоспары мен кестесіне сәйкес Департамент қызметкерлері мен аумақтық бөлімшелер, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, Нотариаттық палатаның, Адвокаттар алқасының өкілдерімен бірлесіп және ерікті-студенттердің қатысуымен түзеу мекемелеріне, денсаулық сақтау мекемелеріне және әлеуметтік мекемелерде жиындар ұйымдастырылды және өткізілді, "Қазпочта" АҚ бөлімшелерінде консультативтік алаңдар ұйымдастырылды, "Азаматтарды қабылдау" акциялары өткізілді, еріктілер жылы шеңберінде қан тапсыру бойынша қайырымдылық акциясына қатысты.

Сәуір айында COVID-19 коронавирусының таралуына байланысты бүкіл ел бойынша төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты іс-шаралар уақытша тоқтатылып, кейіннен онлайн форматқа ауыстырылды. Департамент қызметкерлері мен аумақтық бөлімшелер тұрақты негізде күн сайын WhatsApp мессенджері мен телефон байланысы құралдары бойынша онлайн консультациялар өткізді.

Осылайша, Әділет департаменті мен құрылымдық бөлімшелер осы бағытта барлығы 327 іс-шара өткізді.

23.12.2020 жылы Әділет департаменті еріктілер жылының қорытындысын шығару және іс-шаралардың белсенді қатысушыларына азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету бойынша грамоталар мен естелік сыйлықтар тапсыру бойынша онлайн кездесулер өткізді.

Халықпен кері байланысты сапалы орындау және қамтамасыз ету және азаматтардың сенімін арттыру мақсатында Департамент әлеуметтік желілерде Департамент басшысының "Instagram", "ВКонтакте" және "Твиттер" сияқты жеке профильдерін құрғанын атап өту қажет. Осы бейіндерде Департамент басшысы бекіткен кестеге сәйкес қоғамдық маңызы бар және басқа да проблемалық мәселелер бойынша өз құзыреті шегінде қабылданатын не қабылданған шешімдердің жария түсіндірмелері жарияланады.

Құқықтық мәдениет, азаматтарды құқықтық оқыту және тәрбиелеу деңгейін арттыру мақсатында әділет органдарымен 2020 жылы 949 (2019 ж. - 6763) іс-шаралар ұйымдастырылды, оның ішінде: баспа басылымдарында, электрондық БАҚ-та - 76 (2019 ж. - 436), ТВ - 4 (2019 ж. - 68), радио - 15 (2019 ж. - 77), мемлекеттік органдардың интернет - ресурстарында (веб - сайттарда) – 263 (2019 ж. - 1255), дөңгелек үстелдер - 103 (2019ж. – 849), дәрістер, семинарлар, тренингтер - 422 (2019ж. - 3135), баспасөз конференциялары, брифингтер - 17 (2019ж. - 62), ақпараттық топтардың шығуы - 32 (2019ж. - 594), оның ішінде: ауылдық аймақтарда әділет органдары қызметінің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша "Ашық есік күндері" - 17 (2019ж. - 287) өткізілді.

 

Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ
Дата публикации
19 января 2021