2020 жылдың 12- айында нормативтік құқықтық актілерді (бұдан әрі - НҚА) тіркеу жұмысы жөніндегі мәліметтер төмендегідей болады:
НҚА мемлекеттік тіркеу бойынша:
- 1911 акті тіркеуге түсті; (2019ж -938)
- 1834 НҚА тіркелді; (2019ж -882)
- 7 НҚА тіркеуден бас тартылған; (2019ж -жоқ)
- тіркеусіз кері қайтарылғандар жоқ;
- 37 НҚА жергілікті мемлекеттік органдарының сұраныстары бойынша сұратылған. (2019ж -31)
2020 жылдың 12 айында келісуге барлығы 6227 (2019ж -2930) жоба түсіп, 5048 (2019ж -2483) жоба келісілді, пысықтау үшін 864 (2019ж -1963) жоба қайта жолданды, мемлекеттік органдармен қайтарылып алынған 242 (2019ж -360) жоба, 73 (2019ж -87) жоба сараптама барысында.
Әділет Министрлігіне 2020 жылдың есептік кезеңінде құқықтық сараптамаға актілер жіберілген жоқ. (2019ж -жоқ)
2020 жылдың 12- айында әділет органдарында тіркелген 6 НҚА-ге қатысты 6 прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. 5-НҚА (2019ж -5) қатысты наразылық қанағаттандырылды, 1- НҚА қатысты қанағаттандырылған жоқ.
2020 жылдың 12- айында сот арқылы заңсыз деп танылған, мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілері болған жоқ.
2020 жылдың есептік кезеңінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі бойынша әкімшілік іс қозғалған жоқ. (2019ж -жоқ)
Департаментте мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруді қажет ететін барлығы 25 НҚА (2019ж -38) анықталып, тиісті жергілікті мемлекеттік басқару органдарына аталған актілерді қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестендіру туралы 4 НҚА (2019ж -16) қатысты 3 ұсыныс (2019ж -16), 21 НҚА (2019ж -22) қатысты 15 ақпараттық хат (2019ж -16) жолданды.
Нәтижесінде, бүгінгі күні 23 НҚА қаралып (2019ж -26) өзгерістер енгізілді.
Қарау нәтижесі бойынша 8 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды (2019ж -4).
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (әрі қарай-Қағида) сәйкес Департаментпен салыстыру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті атқарушы, өкілді органдарымен 2020 жылдың 3 тоқсанында қабылданған актілердің тізбелеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу нәтижесінде мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілер анықталмады.
Сонымен қатар, жергілікті мемлекеттік органдары мамандарының кәсіби деңгейін арттыру мақсатында әділет департаментінің НҚА тіркеу бөлімінде кестеге сәйкес тағылымдамадан өту жүргізіледі.
Демек, 2020 жылдың 12-айында жергілікті мемлекеттік органдарының 4 заңгер-мамандары тағылымдамадан өтті (2019ж -39).
ҚР Әділет министрлігінің барлық бақылау тапсырмалары және алқа хаттамалары уақытылы орындалды.
Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен 2020 жылдың 25 қыркүйегінде «2020 жылдың 1 жартыжылдығында нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген мониторингтің нәтижесін талқылау, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бойынша жұмысты жетілдіру» тақырыбында семинар, 2020 жылдың 14 желтоқсанында «Жергілікті мемлекеттік атқарушы органдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдікті анықтау және талдау» тақырыбында үйлестіру кеңесі жергілікті мемлекеттік органдар және әзірлеуші органдардың заң қызметтерінің мамандарымен ZOOM байланыс жүйесі арқылы өткізілді.
Әділет департаментінің веб-сайтына 10 ақпарат жолданды.