2020 жылдың 2-ші жартыжылдықта Департаменттің ауданаралық әділет басқармалырымен және аумақтық бөлімдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы 37 іс-шара өткізілді, оның ішінде: 3 дөнгелек үстел, 15 семинар, 5 отырыс, 5 кездесу өтті, 9 дәріс оқылды. Газетке 7, вебсайтка 9 дәріс жарияланды, радиода 5 рет сөз сөйленді, теледидар- 2.
Облыс бойынша этикалық нормаларды сақтау бойынша 24 іс-шара өткізілді, оның ішінде: 1 дөнгелек үстел, 6 отырыс, 9 семинар, 8 дәріспен әнгімелесу өтті.
ШҚО ӘД Әдеп жөніндегі уәкілінің функциялары ШҚО ӘД басшысының орынбасары Б.Аль-Сеитке жүктелген. 2020 жылдың 2-ші жартыжылдықта Әдеп жөніндегі уәкілімен 10 азамат қабылданды, барлығына заңгерлік кеңес берілді, 12 іс-шара өткізілді, вебсайтқа 9 дәріс жарияланды.
Тоқсан сайын Департаментпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, бұқ аралық ақпараттық, НұрОтан пратиясының және азаматтық сектордың өкілдерімен Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі кеңестің отырыстары өткізіледі. 2020 жылдың 25 қыркүйекте және 14 желтоқсанда онлайн режимде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді.
01.07.2020ж. онлайн режимде Әділет департаментінің қызметкерлерімен және ауданаралық әділет басқармалардың, аумақтық бөлімдерінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау, мемлекеттік қызметкерлердің этикасын сақтау, қашықтықтан жұмыс атқару уақытында еңбек және атқарушылық тәртібін сақтау, COVID-19 пандемиясы туралы әлеуметтік жүйесінде пікірлерін талқылау бойынша семинар өткізілді.
Ағымды жылдың 2-ші жартыжылдығында «Шығыс Адалдық Алаңы» кеңестік жобасында 7 азамат сұрақтармен келді, сұрақтардың көбі жеке сот орындаушылардың қызметі бойынша, жылжымайтын мүлікті тіркеу және әлеуметтік сұрақтар түсті. Қойылған сұрақтарға құқықтық кеңес бірілді, сұрақтар орынында шешіледі. Әлеуметтік және басқа да Әділет департаментінің құзыретіне жатпайтын сұрақтармен келген азаматтар Өскемен қалалық жұмыспен қамыту және әлеуметтік бағдарлама бөліміне және де сұраққа байланысты мәселе шешілу үшін басқа мемлекеттік мекемелерге жіберіледі.
2020 жылдың 04 тамыз күні «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс Адалдық Алаңы» кеңсесінің ұйымдастыруымен ШҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары Е.Қорабаев және ШҚО бойынша ЖСОӨП басшысы А.Бейсенбаевтың қатысуымен ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңындағы өзгерістер тақырыбында тікелей эфир өтті.
2020 жылдың 5 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде Е.Қорабаевпен азаматтарды қабылдау өткізілді, жүгінген азаматтарға кеңес берілді, Ш.Хасеновадан адвокат Т.Сейсекеновтың іс-әрекетіне өтініш қабылданды, өтініш бойынша шара қолданды, өтініш ШҚО адвокаттар алқасына жіберілді.
2020 жылдың 12 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Бейсембек Әль-Сейіт облыс азаматтары үшін қабылдау өткізді, заң кеңес берді, қойылған сұрақтар толығымен шешілді.
2020 жылдың 17 тамызында ШҚО ӘД-нің басшысы Н.Андасов «Әділет саласындағы реформалар» тақырыбында «Алтай» телеарнасының «Тікелей эфир» бағдарламасында сұхбат берді. Сұхбат барысында сыбайлас жемқорлықтың болдырмау және алдын алу үшін қандай жағдайлар жасалатыны туралы айта кетті.
2020 жылдың 19 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Бейсембек Әль-Сейіт облыс азаматтары үшін қабылдау өткізді, заң кеңес берді, қойылған сұрақтар толығымен шешілді.
2020 жылдың 19 тамызында ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн – форматта Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Бейсембек Әл-Сейіттің төрағалығымен Департаменттің құрылымдық бөлімшелердің, ауданаралық басқармаларының және сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлім басшыларының қатысуымен «Қызметтік этиканы сақтау, сыбайлас жемқорлықтың, әкімшілік және басқа да құқықбұзушылықтардың алдын –алу бағытында және 2020 жылдың 1 жартыжылдығында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі» тақырыпта семинар өткізілді.
2020 жылдың 23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде азаматтарға жайлы жағдай жасау, ішкі сыбайлас жемқорлықты жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеру, мемлекеттік күш институтына азаматтардың сенімін көтеру мақсатында облыс азаматтары үшін қабылдау өткізілді, тегін заң кеңес берілді.
Өткізілген іс-шараға Әділет департаменті басшысының м.а. Бейсембек Әл-Сейіт, ШҚО жеке сот орындаушылардың аумақтық палатасы басшысының орынбасары Даурен Мурзагалиев қатысты.
Қабылдау барысында 3 адамға кеңес берілді, шотқа салыңган тиымды шешу және алимент төлеу бойынша сұрақтар түсті.
Сұрақ қойған азаматтарға толықтай жауап берілді.
ШҚО Әділет департаменті тоқсан сайын ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ШҚО бойынша басқармасымен жағымсыз себептермен жұмыстан босатылған және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер, қылмыстық жауапкершілікке тартылған қызметкерлер туралы тексеру жүргізіліп салыстыру актілер жасалады.
2020 жылғы 25 қыркүйекте онлайн режимде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде «Ағымды жылдың Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінің «Шыгыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде облыстық «Шыгыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп өткізілген жұмыстары туралы» есебі тыңдалды.
Әділет департаменті басшысының м.а. Б.Әл-Сейіт Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Шыгыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде облыстық «Шыгыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп өткізілген жұмыстары туралы баяндама жасады.
«Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп атқарылған жұмыстары туралы тең баяндамашы, Кеңес мүшесі, «Регион- Press» тәуелсіз газеттің директоры Е.Березинская-Абилова баяндама жасады.
Жоғарыда аталған мәселелерді талқылау кезінде қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күресу барысында іс-шаралады күшейту қажеттілігін атап айтты және мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор өкілдері арасында сындарлы диалогқа қол жеткізу.
Жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар әр түрлі салаларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етеді.
13 қазанда «ANTIKOR LIVE» жобасында «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кенсесімен Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Сержан Мұхамеджановтың қатысуымен «Мүлік иелерінің бірлестігін мемлекеттік тіркеу тәртібі» тақырыпта тікелей эфир өткізілді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 284-VІ негізінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілгені туралы Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Сержан Мұхамеджанов айтты. Аталған Заң ағымды жылдың 7 қаңтарынан бастап күшіне еңді. Заңда ТКШ-ны жаңа тетіктері қарастырылған. Ең басты қағида-бір үй-бір бірлестік-бір есепшот. Меншік иелерінің бірлестігі заңды тұлға деп табылады, ол тұрғындардың өз ішінен құрылады. Тұрғындар жиналысында үш жыл мерзімге көппәтерлі тұрғын үй кеңесі және ревизиялық комиссия сайланады. Сондай-ақ бір жыл мерзімге бірлестік төрағасы белгіленеді. Заң күшіне еңген күннен бастап бір жыл ішінде көппәтерлі тұрғын үй иелері жиналыс өткузілері тиіс. Жиналысқа тұрғындардың кемінде 51% -ның қатысуы міндетті.
Сонымен қатар, Сержан Мұхамеджанов пәтер иелері кооперативтері бойынша мәселелеге тоқталды. Пәтер иелері алдындағы міндеттерін қанағаттанарлық дәрежеде атқарған, тұрғындардың көнілінен шыққан пәтер иелері кооперативтерінің жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі бар, бірак ол кооперативтер 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін ғана жұмыс істей алады. Ал одан кейін бұл кооперативтер басқарушы компания немесе сервистік ұйым ретінде қайта құрылып қызметін жалғастыра алады.
Эфир соңында, Әділет департаменті азаматтарға әр қашанда ашық екенін және қала мен облыс тұрғындары кеңес алу үшін, күнделікті Әділет Департаментінің «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесіне хабарласуға мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, әлеуметтәк жүйесі арқылы түскен сұрақтарға жауап берілді.
2020 жылдың 15 қазанда «Шығыс Адалдық Алаңы» жобасы аясында «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы Медиа-орталығы» РҚБ-нің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалымен бірлесіп онлайн қатысушылар және іс-шараға қатысқан Өскемен қалалық пәтер иелері копперативтарының төрағаларына, диалог алаңын кенейту, азаматтарға қолайлы жағдайлар жасау, бюрократиялық кедергілерді болдырмау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Бейсембек Әл-Сейітпен және тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Сержан Мұхамеджановпен мүлік иелерінің бірлестігін мемлекеттік тіркеу тәртібі түсіндірілді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 284-VІ негізінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілгені туралы Бейсембек Әл-Сейітпен айтылды. Аталған Заң ағымды жылдың 7 қаңтарынан бастап күшіне еңді. Заңда ТКШ-ны жаңа тетіктері қарастырылған. Ең басты қағида-бір үй-бір бірлестік-бір есепшот.
2020 жылдың 22 қазанда ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде ШҚО бойынша мамлекеттік қызмет істері Департаментімен «Разъяснение среди государственных служащих по соблюдению требований законодательства о государственной службе, противодействия коррупции и в целях пропаганды на государственной службе морально-этических ценностей, выразительности речи, культуры публичного поведения» тақырыбында өткізілген семинарға қатысу. Семинар басрысында, Әдеп жөнендегі уәкілі Б.Әл-Сейітпен және атқарушілік өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Н.Курмангалиевпен іскері стильдегі киім, мемлекеттік қызметкерлермен жол жүру тәртібін бұзу туралы сұрақтар қойылды.
2020 жылдың 28 қазанында ШҚО ӘД-нің «Шығыс Адалдық Алаңы» жобасында азаматтарды қабылдау өткізілді, заңгерлік көмек көрсетілді.
2020 жылдың 17 қарашасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ғимаратында Antikor LIVE алаңында Әділет департаменті басшысының орынбасары Ермек Қорабаевпен тікелей эфир өтті.
Аталған іс-шараның спикеры «Shygys Аdaldyq Аlany" жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бахыт болып табылды.
Тікелей эфирдің тақырыбы: Әлеуметтік маңызы бар мәселелер: Жалақы бойынша қарызды өндіру және алимент өндіріп алу.
Тікелей эфир барысында, Ермек Қорабаев алименттер мен еңбекақыны өндіру туралы атқарушылық құжаттар халықтың әлеуметтік осал топтарының мүдделерін қозғайтын істердің әлеуметтік маңызды санаттарынан маңызды деп анықталған және Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің бақылаунда болуын түсіндірді.
Олардың дұрыс орындалмауы қоғамда қоғамдық резонанс пен әлеуметтік шиеленісті тудыруы мүмкін.
Осындай фактілерді болдырмау мақсатында ШҚО Әділет департаменті ай сайын осы санаттағы атқару құжаттарының мемлекеттік және жеке сот орындаушылары орындайтын көрсеткіштерінің орындалуын қадағалайды.
Жалпы мемлекеттік органдардың қызметін бағалау осы санаттағы құжаттардың дұрыс рәсімделуіне байланысты.
Ағымдағы жылдың 19 қарашасында Шығыс Қазақстан облыстық аймақтық Әділет департаментінің басшысы Н.Андасов «ANTIKOR.LIVE» жобасына қатысты.
Тікелей эфир барысында Нұрғали Есіркепұлы Департаменттің Шығыс Қазақстан обылысы аумағында Департаменттің қызметі мен атқарушылық іс жүргізу, құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету саласындағы жұмыстардың нәтижелерін баяндады.
«Шығыс - Адалдық Алаңы» жобасы аясында 22 азамат мәселелі сұрақтарымен келіп, қанағаттанарлық жауап алып, мәселелерінің оң шешілгеніне ризашылық білдірген. Атап айтсақ, сұрақтардың көбі жеке сот орындаушылардың қызметі бойынша, жылжымайтын мүлікті тіркеу және әлеуметтік сұрақтар. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында нотариустардың жалпы саны-284. Облыс бойынша -1 нотариаттық палата жұмыс істейді. Жекеше нотариустар жасаған нотариаттық іс – әрекеттер саны- 416 692. Бір нотариусқа орташа айлық жүктеме – 45614 нотариаттық іс-әрекеттен келеді.
Сондай ақ, облыс бойынша жеке сот орындаушыларының саны-116. Өскемен қаласында - 66, Семей қаласында- 29 және аудандарда-21.
3 жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензияның қолданылуы тоқтатылса, 14 - жеке сот орындаушының лицензияның қолданысы уақытша тоқтатылған. Адвокаттық қызмет бойынша жалпы саны – 444 адвокат, 1 аумақтық адвокаттар алқасы, 4 адвокаттық кеңсе жұмыс істейді.
Есептік кезеңде лицензиялары қолданысы тоқтатылған адвокаттар - 1, қылмыстық істер қозғалған жоқ.
Құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруда.
Есепті кезеңде Әділет департаментімен барлығы 4946 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға 4164, заңды тұлғаларға 782 қызмет көрсетілген. Есепті мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылу фактілері, шағымдар болған жоқ.
Әділет департаменті азаматтарға әр қашанда ашық екенін және қала мен облыс тұрғындары әділет органдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша онлайн кеңес алу үшін R.nursadykova@adilet.gov.kz электронды адресіарқылы немесе 8-72-32-56-98-61 номері арқылы күнделікті хабарласуға мүмкіндіктері бар екені атап өтілді.
2020 жылғы 14 желтоқсанда онлайн режимде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде жергілікті атқарушылық органдарының нормативтік құқықтық актілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ашу және талдауы.
Аталған мәселелерді қарау барысында, кеңес мүшелері нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің жұмысымен, жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттесу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) агенттігінің 2020 жылғы 26 қазандағы бұйрығына сәйкес, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық институты НҚА жобасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың үйлестуріші болып тағайындалуымен, сәйкесінше жергілікті өзін-өзі басқару органдарының НҚА жобалары аумақтық әділет органдарымен келісу үшін түскен кезде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысы болуы қажет екендігі туралы ақпаратпен танысты.
15.12.2020ж. 56 (78,8%) мемлекеттік қызметкер анонимдік сауалнамадан өтті. Ұжымдағы моралдік-психологиялық жағдай тұрақты, әдеп жөніндегі уәкіліне шағымдар түскен жоқ.