Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2020 жылдың 1-ші жартыжылдықта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және этикалық нормаларын сақтау бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат этических норм за 1-ое полугодие 2020 года

2020 жылдың 6 айында Департаменттің ауданаралық әділет басқармалырымен және аумақтық бөлімдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы 40 іс-шара өткізілді, оның ішінде: 9 дөнгелек үстел, 10 семинар, 5 отырыс, 2 кездесу өтті, 14 дәріс оқылды. Газетке 2, вебсайтка 2 дәріс жарияланды, радиода 1 рет сөз сөйленді, теледидар- 3.

Облыс бойынша этикалық нормаларды сақтау бойынша 27 іс-шара өткізілді, оның ішінде: 3 дөнгелек үстел, 1 отырыс, 11 семинар, 12 дәріспен әнгімелесу өтті

ШҚО ӘД Әдеп жөніндегі уәкілінің функциялары ШҚО ӘД басшысының орынбасары Б.Аль-Сеитке жүктелген. 2020 жылдың 6 айында Әдеп жөніндегі уәкілімен 12 азамат қабылданды, барлығына заңгерлік кеңес берілді, 5 іс-шара өткізілді, вебсайтқа 4 дәріс жарияланды.

2020 жылдың 21 ақпанда Әділет департаменті басшысының орынбасары Е.Қорабаев «НұрОтан» партиясының облыстық филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында «О состоянии работы по противодействию коррупции в департаменте полиции и его территориальных подразделениях (во исполнение совместного плана мероприятий по реализации Меморандума о взаимном сотрудничестве между партией «Nur Otan» и Агентством РК по делам государственной службы и противодействию коррупции) тақырыбында қосымша баяндама жасады.

2020 жылдың 25 ақпанында Әділет департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері бойынша, оның ішінде қол астында істейтін қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзғаны үшін, басшылардың жауапқа тартылатын және институт отставки алгоритмы түсіндірілді.  

2020 жылдың 05 наурызында «НурОтан» партиясының  облыстық филиалында әділет органдарының қызметі, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдауы жүргізілді.  

2020 жылдың 16-19 маусым аралығында ШҚО ӘД басшысының 16.06.2020ж. №389н бұйрығы негізінде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің қызметіне келесі комиссия  құрамымен: төраға Б.Аль-Сеит, комиссия мүшелері-Б.Салменова, С.Исаева, А.Калимолдина, А.Токтамуратов, Н.Курмангалиевпен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізілді. Талданған кезен-2020 жылдың 5 айы.

        

Тоқсан сайын Департаментпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, бұқ аралық ақпараттық, НұрОтан пратиясының және азаматтық сектордың өкілдерімен Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі кеңестің отырыстары өткізіледі. 2020 жылдың 30 маусымда онлайн режимде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді.

2018 жылдан бастап еліміздегі әр аумақта «Адалдық Алаңы» біріңғай атауда жобасы жүзеге асырылуда.

Біздің облысында жоба «Шығыс Адалдық Алаңы» деп аталады. 2018 жылдың қараша айында Шығыс Қазақстан облысының әкімі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің төрағасы мен жобаның жарғысына қол қойылды.

2019 жылдың 12 сәуірінде «Шығыс Адалдық Алаңы» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық сыбайлас жмеқорлықты жою және заңгерлік көмек көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті, Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті, Шығыс Қазақстан облысының  адвокаттар алқасы және нотариалдық палатасы арасындағы өзара ынтымақтастығы бойынша Меморандумға қол қойылды.

ШҚО Әділет департамент ғимаратының 1-ші қабатында «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі жұмысын атқарады. ҚР төтенше жағдай және карантин жариялағанға дейін облыс азаматтарға күнделікті тегін құқықтық кеңес берілетін, қазырғы уақытында, кеңестер әр аптаның сәрсенбі күнінде және телефон арқылы күнделікті беріледі.

Ағымды жылдың 6 айында «Шығыс Адалдық Алаңы» кеңестік жобасында 15 азамат сұрақтармен келді, сұрақтардың көбі жеке сот орындаушылардың қызметі бойынша, жылжымайтын мүлікті тіркеу  және әлеуметтік сұрақтар түсті. Қойылған сұрақтарға  құқықтық кеңес бірілді, сұрақтар орынында шешіледі. Әлеуметтік және басқа да Әділет департаментінің құзыретіне жатпайтын сұрақтармен келген азаматтар Өскемен қалалық  жұмыспен қамыту және әлеуметтік бағдарлама бөліміне және де сұраққа байланысты мәселе шешілу үшін басқа мемлекеттік мекемелерге жіберіледі.

          1-ші жартыжылда 71 (97,3%)  мемлекеттік қызметкер анонимдік сауалнамадан өтті (сауалнама ҚР ӘМ тапсырмасы бойынша жылында 2 рет өткізіледі).

2020 жылдың 19 тамызында  ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн – форматта  Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Бейсембек Әл-Сейіттің төрағалығымен Департаменттің құрылымдық бөлімшелердің, ауданаралық басқармаларының және сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлім басшыларының қатысуымен  «Қызметтік этиканы сақтау, сыбайлас жемқорлықтың, әкімшілік және басқа да құқықбұзушылықтардың алдын –алу  бағытында және  2020 жылдың 1 жартыжылдығында  жүргізілген сауалнаманың нәтижесі» тақырыпта  семинар өткізілді.

Ұжымдағы моралдік-психологиялық жағдай тұрақты, әдеп жөніндегі уәкіліне шағымдар  түскен жоқ.

2020 жылдың 1-ші жартыжылдығында ШҚО Шемонаиха аудандық сотының 12.03.2020ж. №6368-20-00-3/213 қаулысы,  Шығыс Қазақстан облысының сотының азаматтік істері коллегиясының 08.04.2020ж. №6399-19-00-3а-195 қаулысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің филиалы «Шемонаиха ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» бөлімінің басшысы-аға сот орындаушысы Руслан Владимирович Усюрбаев ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613 б. 4 т. бұзғаны үшін ( ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адамды) органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау) сотпен әкімшілік жауапқа тартылды.

Одан кейін, 06.05.2020ж. Р.Усюрбаев Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің тәртіптік комиссиясымен қаралып этикалық нормаларын сақтамау үшін қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жазаға тартылды.

2020 жылы 21 қырқүйекте №02-12/106 ж/қ бұйрығымен Р.Усюрбаев өз еркімен жұмыстан босатылды.

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2020 жылдың 1-ші жартыжылдықта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және этикалық нормаларын сақтау бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Дата публикации
08 января 2021