«Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

«Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

1) көрсетілетін қызметті беруші

2) Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күн ішінде

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Қағаз жүзінде

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

Мөрді беру

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

2) Мемлекеттік корпорация - жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз 9.00-ден 20-00-ге дейін.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) өтініш

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған заңды күшіне енген сот шешімі бар болған жағдайда.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша анықтама көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында берілген, бірыңғай байланыс орталығының телефондары 1414, 8 800 080 7777.

 

Дата публикации
14 октября 2020