Бүгін Павлодар облысы Әділет департаментінің қызметкерлері 25 қазан – Республика күніне орай ғылыми-танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шара аясында ашық талқылаулар, пікірсайыстар және зияткерлік ойындар ұйымдастырылды. Қызметкерлер өз білімдерін ортаға салып, түрлі тақырыптар бойынша пікір алмасты.
Іс-шара қызметкерлердің командалық рухын нығайтуға, сондай-ақ еліміздің тарихы мен ұлттық құндылықтарына деген құрметті арттыруға бағытталды.
2026 жылғы 20 қазанда Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында атқарушылық іс жүргізудің өзекті мәселелері мен құқық қолдану практикасын жетілдіруге арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға мемлекеттік және жеке сот орындаушылары, Павлодар облысының прокуратурасы, сот жүйесі және Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында заңнамадағы өзгерістер, мемлекеттік органдар тарапынан заң бұзушылықтардың алдын алу, қамтамасыз ету шаралары бойынша сот практикасы және дауларды сотқа дейінгі реттеу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ әкімшілік істерді мемлекеттік тілде жолдау және қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аумақтық әділет органдарымен бірлесіп зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың, бизнес өкілдері, патенттік сенім білдірілген өкілдер, құқық иеленушілер және зияткерлік меншік объектілерін пайдаланушылар қатысты.
Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова жаңа Конституцияда бекітілген зияткерлік меншікті қорғау кепілдіктерінің зияткерлік қызмет нәтижелерін қорғау және оларды заңды түрде пайдалану үшін бағдар ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
Тәжірибе алмасу практикалық мәселелерді талқылаудан оларды шешу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге көшуге мүмкіндік берді. Талқыланған мәселелер қатарында құқықтық реттеудің жүйесіздігі және әртүрлі заңнамалық актілер нормаларының өзара үйлесімділігі мәселелері болды.
Халықаралық үрдістер мен цифрлық сервистердің дамуы ұлттық практикаға қатысты талқылауды толықтырды.
Өтініш берушілер үшін рәсімдердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және құқық иеленушілермен өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру және оны кейіннен шоғырландыру жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету жөніндегі Ақтоғай аудандық бөлімінде Ақтоғай ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы Л.Е. Жакенова «Мемлекеттік тіл» тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында қатысушылардың сұрақтарына да түсініктемелер берілді.
Ағымдағы жылғы 14 қазанында Павлодар облысы Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы Виктория Ахметжанова «Halyq radiosy» эфирінде «Борышкерлердің бірыңғай тізілімі» тақырыбында сұхбат берді.
Сұхбат барысында борышкерлердің бірыңғай тізіліміне қатысты негізгі мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабына, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 21-бабының екінші бөлігіне сәйкес заңды күшіне енген шешімдер, ұйғарымдар мен қаулылар барлық мемлекеттік органдар, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға жатады.
Осылайша, Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының атқару парағы негізінде заңды тұлғадан мемлекет пайдасына 150 034 072 теңге мөлшеріндегі берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу қозғалды. Павлодар ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімінің сот орындаушысы Н.К. Альмуханов қабылдаған шаралардың нәтижесінде борышкер берешекті толық көлемде өтеді.
Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 124-бабының талаптарына сәйкес, борышкер өндіріп алынған соманың он пайызы мөлшерінде, яғни 15 003 408 теңге атқарушылық санкцияны мемлекет кірісіне ерікті түрде төледі.
2026 жылғы 9 қазанда Павлодар облысы Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы Айгерім Амирова «Ертіс» телеарнасының эфирінде «Сот орындаушыларының қызметі» тақырыбында сұхбат берді.
Сұхбат барысында сот орындаушыларының қызметі мен атқарушылық іс жүргізу тәртібі туралы ақпарат берілді.
2026 жылғы 8 қазанда «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы және «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Павлодар облысының Әділет департаментінің бас маманы Зарина Аркенова кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі бірыңғай күнге қатысты.
Іс-шара барысында жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру, құқық бұзушылықтардың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілікті түсіндіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға және өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді.
Департамент юстиции Павлодарской области совместно с Национальным институтом интеллектуальной собственности (Казпатент) провел семинар для представителей субъектов телерадиовещания.
В рамках встречи участникам подробно разъяснили вопросы подключения к Единой цифровой платформе, а также порядок заключения договоров в сфере авторского и смежного права.
Особое внимание уделено практическим вопросам использования объектов авторского права и соблюдения требований законодательства при осуществлении телерадиовещательной деятельности.
Участники смогли задать интересующие вопросы и получить практические разъяснения от специалистов.
Проведение подобных мероприятий способствует повышению правовой грамотности субъектов телерадиовещания и формированию культуры соблюдения авторских и смежных прав.
Ағымдағы жылғы 5 қазанда Павлодар облысының Әділет департаментінің басшысы Даниел Татаевтың төрағалығымен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Павлодар облысының Полиция департаментінің өкілдері және Павлодар облысының Адвокаттар алқасының адвокаттары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында азаматтарға мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері, сондай-ақ осы бағыттағы мемлекеттік органдар мен адвокатураның өзара іс-қимылының практикалық аспектілері талқыланды.
Кездесу барысында заң көмегінің қолжетімділігін арттыру, оны көрсету тетіктерін жетілдіру және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.