Меню
Страницы
Статья
Электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығы Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы ережелеріне (ары қарай- Ережелер) сәйкес аумақтық әділет органдарымен коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктерге қатысты электронды форматта "электрондық үкіметтің" Web-порталы www.egov.kz. арқылы 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
- Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күн;
- Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күн;
- Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері Жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру қызмет көрсету мерзімі 1 жұмыс күн;
- Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру қызмет көрсету мерзімі 15 минут.
Сондай-ақ, аумақтық әділет органдарымен "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz арқылы "Әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдардан, сондай-ақ ҚР нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметі көрсетіледі қызмет көрсету мерзімі 1 жұмыс күн.
Дата публикации
26 августа 2022
Дата обновления
26 августа 2022
Сейчас читают
Социальные медиа
Меню подвал